С. Т. Иксатова Қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөлімі бойынша тестілердің жинағы


Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімі бойынша тестілердің жинағы



бет3/13
Дата29.06.2016
өлшемі1.33 Mb.
#166049
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімі бойынша тестілердің жинағы.

1. Ұрлық болып табылады:
А) бөтен мүлікті жасырын ұрлау;

В) бөтен мүлікті ашық түрде ұрлау;

С) бөтен мүлікті құқыққа қарсы өз мақсатына қарай ұрлау;

Д) өз мақсатына қарай құқыққа қарсы бөтен мүлікті қайтарымсыз ұрлау;

Е) сеніп тапсырылған мүлікті ұрлау.
2.Ұрлау болып сараланбайтын мүдделігі бойынша жалған түсіну жағдайы::
А) бөтеннің мүлкін жалған өндірістік арқылы алып қою;

В) кейбір жағдайларда уақытша алынған кейінгі қайтарылады деп мүлікті уақытша қолдану;

С) бөтеннің мүлкін өзге тұлғалардың пайдасына алып қою;

Д) кінәлі адамға сеніп тапсырылған мүлікті алып қою;

Е) пайдакүнемдік мақсатта бөтеннің мүлкін заңсыз қайтарымсыз түрде алып қою.
3.Ұрлаудың заты болып:
А) мүліктік емес сипаттағы деректерді куәландыратын құжаттар мен өзге заттар;

В) ақша және құнды қағаздар;

С) белгілі деректік, экономикалық, заңдық қасиеттері бар бөтеннің мүлкі;

Д) кінәліге сеніп тапсырылған заттар, мүліктік құқықтар;

Е) бөтен мүлік кінәлінің меншігіндегі емес мүлік.

4. Бөтен мүлікті ұрлау формасы болып:


А) ұрлық, тонау, қарақшылық, сеніп тапсырылған мүлікті иемдену мен оны жұмсау, алаяқтық;

В) ұсақ ұрлық, жай ұрлық, үлкен ұрлық, аса үлкен мөлшердегі ұрлық;

С) меншікке қастандықпен ұрлық болып табылмайтын, мүлікті жою мен бұзу;

Д) меншікті, қару-жарақтарды, қастандық мақсатымен бөтен мүлікті ұрлау;

Е) қорқытушылықпен алу, қарақшылық, ұрлық, тонау,алақтық, иемдену мен жұмсау.
5. Алаяқтықтың сипаттамасы:
А) мүлікті иеленудің ашық әдісімен;

В) алдау арқылы мүлікті иеленумен;

С) сеніміне қиянат жасау жолымен мүлікті иелену;

Д) алдау немесе сеніміне қиянат жасау жолымен мүлікті иеленумен;

Е) әр түрлі қорқыту белгілері арқылы мүлікке иелік ету.
6. Қай уақыттан бастап тонау аяқталады деп есептеледі:
А) қасақаналықтың пайда болу сәтінен;

В) кінәлі бөтен мүлікті алған кезден және нақты өз бетімен мүлікті қолдануға мүмкіндік алғанда;

С) қылмысқа дайындық аяқталғаннан кейін;

Д) жәбірленушіге оның денсаулығына және өміріне қауіп төндірмейтін күш көрсеткен сәттен бастап;

Е) қоғамға қауіпті салдар туындаған жағдайда.
7. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 156-бабының «Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізудің » субъектісі болып:
А) 16 жасқа толған, есі дұрыс адам;

В) 14 жасқа толған, есі дұрыс адам;

С) 18 жасқа толған, есі дұрыс адам;

Д) ҚР-да жоғары мемлекеттік билікке ие болған адам;

Е) азаматтығы жоқ адам.

.
8.Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 183 бабының «Көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату » қылмысының сараланған белгісі болып табылмайтындар:


А) көлік немесе ірі мөлшердегі өзге де мүлік жөнінде жасалса;

В) алдын-ала сөз байланысу арқылы адамдар тобы жасаса;

С) ұйымдасқан топ жасаса;

Д) бұрын көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату үшін сотталған адамның жасауы;

Е) бұрын ұрлау немесе қорқытып алушылық үшін сотталған адамның жасауы.
9. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 159 бабының «Соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен әдістерін қолдану» субъектісі болып табылады:

А) 18 толған адам;

В) арнайы субъект;

С) 16 жасқа толған есі дұрыс адам;

Д) шетел азаматы;

Е) жауапты мелекеттік лауазымға ие тұлға.


10. Жалған кәсіпкершілік-бұл:
А) жарғыда көрсетілмеген қызметті орындау мақсатымен коммерциялық ұйым құру;

В) заңсыз табыстарын жасыру мақсатымен кәсіпкерлік ұйым құру;

С) бірінші тармақта көрсетілген әрекеттер адамға, ұйымға, мемлекетке ірі зиян келтіру әрекетімен ұштасуы;

Д) бірінші тармақта көрсетілген әрекеттер үшін адамға бір жыл ішінде әкімшілік жолымен бір рет шара қолданылуы.

Е) жалған кәсіпкерлік орташа зиянға әкеліп соқса.

11. ҚРҚК 158 бабының «Жаппай қырып-жою қаруын жасау немесе тарату» объективтік жағы келесі әрекетпен сипатталады:


А) биологиялық қаруды жасау, алу немесе тарату;

В) радиоактивті жаппай қырып-жою қаруын жасау, тарату және сату;

С) бактериологиялық қаруды жасау, сату, жоғалту;

Д) химиялық, биологиялық сонымен қатар ҚР халықаралық шартымен тыйым салынған жаппай қырып-жою қаруының өзге де түрін жасау, алу және өткізу;

Е) химиялық, биологиялық және жаппай қырып-жою қаруының өзге де түрлерін алу, айырбас жолымен алу, өткізу.

12. Қарақшылыққа ғана тән саралаушы белгілерді атаңыз:


А) алдын-ала сөз байласқан адамдар тобы;

В) бірнеше мәрте;

С) ірі мөлшерде;

Д) тұрғын, қызметтік, өндірістік үй-жайға не қоймаға заңсыз кіру;

Е) қару немесе қару ретінде қолданылатын заттарды пайдалану.
13. Қарақшылықтың объективтік жағын көрсетіңіз:
А) күш қолдану, қорқыту, зорлау;

В) бөтен мүлікті ашық түрде ұрлау;

С) өмірі мен денсаулығына зиян, зорлық көрсету;

Д) бөтен мүлікті ұрлау мақсатымен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру;

Е) ұрлау мақсатымен шабуыл жасау, зорлық көрсету, денсаулық пен өмірге зиян келтіру және қорқытушылық.
14. Жан күйзелісі үстінде кісі өлтіру:
А) жәбірленушінің құқыққа қарсы әрекеті салдарынан пайда болған аяқ астынан туындаған ашу жағдайында;

В) жүйкенің қатты қозуы жағдайында;

С) қылмыстың субъектісі есі дұрыс емес ауру адам болғанда;

Д) физиологиялық ашу жағдайында кісі өлтіру;

Е) жан күйзелісі жәбірленушінің заңды талаптарды қоюы салдарынан.
15.Талан-тараждықтың объектісі болып табылады:
А) тауар, тауар белгілері, маркалар;

В) ақша, валюта;

С) материалдық игілік бойынша адамдар арасындағы қоғамдық қатынас;

Д) құнды заттар мен бағалы қағаздар;

Е) материалдық игіліктерді иемдену, пайдалану және билік ету бойынша қоғамдық қатынастар.
16. ҚРҚК 202 бабының «Бағалы қағаздарды шығару тәртібін бұзу» қылмысының субъективтік жағы болып табылады:
А) жеңілойлылық;

В) тікелей ниет;

С) жанама ниет;

Д) абайсызда;

Е) кінәнің екі нысанымен.
17. Қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын ұсақ-түйек ұрлау дегеніміз:
А) ұйымның меншіктік құқығындағы немесе оның пайдалануындағы мүліктік ұрлық, алаяқтық, иеленіп алу немесе ысырап ету арқылы ұрлау, егер мүлік бағасы айлық есептік көрсеткіштен 10 есе аспайтын болса ;

В) азаматқа келтірілген залал, қылмыс жасалған уақыттағы ҚР заңдылығымен бекітілген айлық есептік көрсеткіштен 10 еселік мөлшерінен 10 рет артық болса;

С) азаматтың меншіктік құқығындағы немесе оның пайдалануындағы мүліктік ұрлық, алаяқтық, иеленіп алу немесе ысырап ету арқылы ұрлау, егер мүлік бағасы айлық есептік көрсеткіштен 10 есе аспайтын болса;

Д) азаматқа келтірілген залал айлық есептік көрсеткіштен 10 есе мөлшерінен ұйымға немесе мемлекетке келтірілген залал айлық есептік көрсеткіштен 20 есе мөлшерінен аспаса;

Е) елеусіз залал ұрлық, иеленіп алу, ысырап ету арқылы келтірілсе.
18. Халықаралық қорғанысты пайдаланатын жеке тұлға немесе ұйымға шабуыл жасаудың субъективтік жағын сипаттайды:
А) тікелей ниет;

В) жанама ниет;

С) абайсыздық;

Д) немқұрайдылық;

Е) екі түрлі кінәлі қасақана іс әрекет.
19. Жеке күзет қызметін асыра қолданылуының субъектісі болып:
А) жеке күзет, детективтік,іздестіру қызметінің басшылары;

В) басқармалық емес күзет қызметкерлері;

С) арнайы әскерленген бөлімшелердің қызметкерлері;

Д) жеке күзет қызметінің басқарушылары және қызметкерлері;

Е) объектілерді қорғау бойынша кез келген күзет қызметкерлері.
20.Мемлекеттік және қоғамдық қайраткердің өміріне қолсұғушылықтың тікелей объектісі болып табылады:
А) Қазақстан Республикасы мемлекетінің егемендігі, мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлердің өмірі мен денсаулығы;

В) мемлекеттік билік органның мұражайы;

С) мемлекеттік қауіпсіздік;

Д) конституциялық құрылым мен Қазақстан Республикасының саяси жүйесі мемлекеттік немесе қоғамдық қайраткердің өмірі мен денсаулығы;

Е) мемлекеттік немесе қоғамдық қайраткердің өмірі мен денсаулығы.
21. Мемлекеттік опасыздық қылмыс құрамының субъектісі болып табылады:
А) 16 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы;

В) азаматтығы жоқ тұлға;

С) мемлекеттік құпияларға қол жеткізе алатын лауазымды тұлғалар;

Д) шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдері;

Е) 14 жасқа толған тұлға.
22.Жалған жарнама бергені үшін адам қылмыстық жауапкершілікке тартыла ма?
А) ҚР Қылмыстық кодексінде жауапкершілік көзделмеген;

В) тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылады;

С) қылмыстық жауапкершілік жалған жарнама бергені үшін тек қана үлкен мөлшерде шығын келтірген болса;

Д) тек қана тәртіптік жауапкершілік қарастырылған;

Е) қылмыстық жауаптылық салдардан тәуелсіз болады.
23. Қылмыстық кодекстің 177-бабының алаяқтық және алдау мен сенімге қиянат жасау жолымен мүлікті ұрлаудың арнайы белгісі:
А) екі жағдайда да мүлікті қайтарымсыз иелену;

В) айырмашылық белгісі жоқ;

С) қолсұғушылық объектісінен айырылады;

Д) бұл жағдайда 182б. Бөтеннің мүлкін заңсыз қайтарымсыз иелену болмайды;

Е) айырмашылығы қылмыстың субъектісінде.
24. Бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру арқылы қылмыстық жауапкершілік қай кезден бастап күшіне енеді:
А) субъекттің әрекеті абайсызда жасалады және елеулі зиян келтірілсе;

В) ірі мөлшерде шығын келтірілсе;

С) адам өліміне әкеп соқса;

Д) елеулі шығын келтірілсе;

Е) субъекттің әрекеті абайсызда жасалды және ірі мөлшерде шығын келтіріледі.
25.Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 216-бабының субъектісі болып табылады:
А) коммерциялық ұйымның меншік иесі немесе басқарушысы не жеке кәсіпкер;

В) 14 жасқа толған есі дұрыс тұлға;

С) 16 жасқа толған есі дұрыс тұлға;

Д) лауазымды тұлға;

Е) заңды тұлға.
26. А үйінде қонақ болып отырған Б-ның пальтосының қалтасынан 1000 теңге алады. Б-ның пальтосында тағы да 3000 теңге қалады. Сот мәжілісінде А. өзінің Б-дан бұрын қарызын ғана алғанын айтады. Осы әрекетте қылмыстың қандай да құрамы бар ма?
А) ұрлық;

В) тонау;

С) озбырлық;

Д) бөтен мүлікті иелену;

Е) қарақшылық.
27.Нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері аяқталған болып есептеледі:
А) жәбірленушінің қарсылық білдіруінен бастап;

В) кінәліні жауапкершілікке тартқаннан бастап;

С) нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттерін бітіргеннен бастап;

Д) нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттерінің басталғанынан бастап;

Е) күш қолдануды қолданғаннан бастап.

28. Бандының бүкіл белгілерін анықтайтын дұрыс жауапты таңдаңыз:


А) қаруланғандығы, тұрақтылығы;

В) тұрақтылық, қаруланғандығы, мақсаттың болуы, екі немесе одан да көп адамның қатысуы;

С) банданың бүкіл мүшелері атыс қаруымен қарулануы, ортақ мақсаттың болуы, тұрақтылығы;

Д) екі немесе одан да көп тұлғалардың қатысуы, тұрақтылығы, ұйымдасқандығы, қаруланғандығы;

Е) алдын ала бірнеше адамның сөз байласуы.
29. ҚК-тің 166-бабында көрсетілген шпиондықтың субъектісі кімдер болады?
А) Қазақстан Республикасының азаматы;

В) шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамдар;

С) кәмелетке жасы толған барлық азаматтар;

Д) он алты жасқа толған барлық адамдар;

Е) он сегіз жасқа толған шетілдіктер.
30. Терроризмнің қосымша тікелей объектісіне не жатады?
А) қоғамдық қауіпсіздік;

В) адамдардың өмірі мен денсаулығы, меншігі;

С) мемлекеттің конституциялық құрылысы;

Д) жәбірленушінің мемлекеттік немесе қоғамдық қызметі;

Е) қоғамдық тәртіп.
31. Диверсияның заты не болады?
А) жәбірленушінің өмірі, денсаулығы;

В) кәсіпорын, құрылыс, байланыс құралдары және басқа мүліктер;

С) азаматтардың өзіндік мүлкі;

Д) жеке кәсіпорындар мен қоғамдық ұйымдардың мүлкі;

Е) кез келген заттар.
32. Қарулы көтерілістің (169-бап) объективтік жағы немен бейнеленеді?
А) белсенді әрекет арқылы;

В) әрекетсіздік арқылы;

С) әрекет немесе әрекетсіздік арқылы;

Д) зиян келтіру жолымен;

Е) зиян келтіру қаупін туғызумен.
33. Ұлттық және нәсілдік тең құқылықты бұзудың субъективтік жағы немен сипатталады?
А) тікелей қасақаналықпен;

В) жанама қасақаналықпен;

С) қылмысты жеңіл ойлылықпен;

Д) кінәнің аралас нысандары арқылы;

Е) қасақаналық немесе абайсыздықпен.
34. Жаппай тәртіпсіздікке мыналар жатады:
А) бұзу,қирату, талқандау, тонау;

В) жою, құрту,жарылу;

С) зорлық-зомбылық, өрт қою, талқандау,мүлікті бұзу,

атыс қаруын,жарылғыш заттар,құралдар қолдану сондай-ақ өкімет өкілдеріне қарулы қарсылық көрсету;

Д) қарақшылық жасау арқылы өкімет өкілдеріне қарулы қарсылық көрсету;

Е) .алдау-арбау,қорқыту және бопсалау.


35. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 234-бабында көзделген қылмыстың субъектісі болып табылады:
А) 14 жасқа толған ер жынысты тұлға;

В) 16 жасқа толған ер жынысты тұлға ;

С) 18 жасқа толған ер және әйел жынысты тұлға;

Д) 14 жасқа толған ақыл есі дұрыс жеке тұлға;

Е) 18 жасқа жеткен ақыл есі дұрыс жеке тұлға.

36.Есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды қорқытып алу және ұрлау қандай объектіге бағытталған:


А) меншік;

В) қоғамдық қауіпсіздік;

С) қоғамдық тәртіп;

Д) халық денсаулығы;

Е) мемлекет қауіпсіздігі.
37. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 285-бабының жерді бүлдіру қылмысының объективтік жағын қандай әрекеттер құрайды?
А) ластау, бүлдіру;

В) жерді ластап құрту;

С) уландыру, жерді улы химикаттар,тыңайтқыштар қолдану және оларды сақтау,тасымалдау мен көму кезінде өзге де қауіпті химиялық, радиоактивті немесе биологиялық заттарды қолдану ережелерін бұзу салдарынан шаруашылық және өзге де іс-әрекеттің зиянды өнімдерімен бүлдіру;

Д) ластау-жердің табиғи қасиеттерін нашарлату, бүлдіру.

Е) уландыру, ластау, жерді өзгедей бүлдіру.
38. «Тағылық» ұғымының дұрыс анықтамасын табыңыз:
А) жазулармен немесе суреттермен не өзге де қоғамдық адамгершілікті қорлайтын әрекеттермен үйлерді, ғимараттарды қорлау сондай-ақ көлікті және қоғамдық орындарда мүлікті қасақана бұзу;

В) қоғамдық адамгершілік пен эстетика нормаларына зиян келтіру;

С) үйлер мен ғимараттарға олардың жалпы түрін бұзатын және эстетикалық қасиеттеріне айқын нұқсан келтіретін жат, қорлайтын қатаң сипаттағы жазуларды не суреттерді орналастыру;

Д) қоғамдық орындарда мүлікті бұзу;

Е) қоғамдық адамгершілікті қорлайтын жазулармен немесе суреттермен үйлерді, ғимараттарды қорлау.
39.Теңіз қарақшылығының ең нақты анықтамасы:
А) күш қолдану не қорқыту мен жасалған басқа бөтен мүлікті иемдену мақсатымен теңіз және су кемелеріне шабуыл жасау;

В) мүлікті иемдену мақсатымен теңіз кемелерін жаулап алу;

С) қару қолданумен теңіз кемесіне шабуыл жасау;

Д) бөтен мүлікті иемдену мақсатында ұйымдасқан топпен жасалған әрекет;

Е) бөтен мүлікті иемдену мақсатымен теңіз және су кемелерін жаулап алу.
40. Қай уақыттан бастап бандитизм қылмысының құрамы аяқталған болып табылады?
А) бұл банданың шабуыл жасағанына қарамастан екі немесе одан да көп адамдардың бандаға бірігу кезінен бастап;

В) кемдегенде банданың бір мүшесі қару иеленген сәтінен бастап;

С) шабуыл жасаған сәттен бастап;

Д) қылмыстық ұйымды құрғаннан бастап;

Е) заңда көрсетілген зардаптар орын алған сәттен бастап.
41.Қандай жағдайда қаруды ұстағаны үшін қылмыстық жауаптылық жойылады?
А) адам аңшылық мылтығынан жасалған шолақ мылтықты тиісті рұқсат бойынша алса;

В) адам заңсыз алынған тегіс ұңғылы аңшылық мылтығын сақтаса;

С) адам заңсыз карабинді, оның оқ-дәрісін алып соларды сақтаса;

Д) ойыншық пистолетті оқпен атылатын қаруға бейімдесе;

Е) заңсыз алынған аңшылық мылтығын досына сыйға тартса.
42. Адам Қылмыстық кодекстің 261-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартыла ма, егер ол:
А) басқа біреуді есірткі заттарды тұтынуға белсенді түрде азғырса;

В) есірткі заттарды заңсыз алса және сақтаса;

С) есірткі заттарды жөнелтудің тәртібін бұзса;

Д) есірткі заттарды тұтыну үшін тұрғын жайды берсе;

Е) есірткі заттарды сыйласа.
43. Қылмыстық кодекстің 257-бабында көрсетілген қылмыстық жолмен жазаланатын бұзақылық қандай жағдайда орын алады?
А) қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттер;

В) өзара ерегістің салдарынан таныс адамды ұрып, зиян келтіретін әрекеттер;

С) бұзақылық емес ниетпен денеге қасақана ауыр жарақат салу;

Д) бұзақылық әрекетті тыюға әрекет жасаған өкімет өкіліне қарсылық жасап, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған әрекеттер;

Е) өзара ерегісіп, қоғамдық жерде есе қайтару.
44. Әділетсіз үкім шығарғаны үшін судья қылмыстық жауаптылыққа тартылады, егер әділетсіз үкім төмендегілердің нәтижесінен болса:
А) өз міндетіне салақтықпен қараудан;

В) іс бойынша дәлелдемелерді жөнсіз бағаласа;

С) пара алса;

Д) заңды дұрыс түсінбесе;

Е) сотталушыға жаны ашып үкім шығарса.
45. ҚК-тің 295-бабында көрсетілген көлік құралының қауіпсіздік ережесін және оны пайдалану ережесін бұзған жүргізушінің кінәсы қандай жағдайда болады?
А) жылдамдық шегі белгіленген жерде жылдамдық шегінен асса;

В) рейске ақауы бар көлікпен шықса;

С) көлікпен адам тасымалдаудың ережесін бұзса, соның салдарынан оларға жеңіл дене жарақаты келтірілсе;

Д) мас адамға оның күйін біле тұра көлікті жүргізуді тапсырса;

Е) әрекет абайсызда адамдардың денсаулығына ауыр немесе орташа дене жарақатын келтірілсе.
46. Қандай жағдайда адамды заңсыз қылмыстық жауапқа тартқаны үшін жауаптылық туындайды?
А) әрекетінде қылмыс жоқ кінәсыз адамды қылмыстық жауапқа тарту туралы қаулы шығару;

В) белгілі бір қылмысы үшін толық негізде қылмыстық жауапқа тарту, ал басқа қылмысы үшін көрінеу заңсыз жауапқа тарту;

С) дәлелдемелерді дұрыс бағаламаудың салдарынан адамды айыпкер ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шығару;

Д) жеңілірек қылмыс істеген адамды басқа бір ауырырақ қылмыс үшін көрінеу қылмыстық жауаптылыққа тарту;

Е) құрамы бірнеше қылмыс істеген адамды, бір қылмысы үшін ғана жауапқа тарту.
47. Пара алғаны үшін төменде тізбектелген мән-жайлардың қайсысының қылмысты саралау үшін маңызы бар?
А) пара берушінің мүддесіне істелетін әрекеттерге дейін пара алу;

В) пара берушінің мүддесіне істелген әрекеттен кейін пара алу;

С) пара берушінің мүддесіне заңсыз әрекеттерді істегені үшін пара алу;

Д) пара берушінің мүддесіне байланысты лауазымды адамның қызмет бабын пайдаланып пара алуы;

Е) қызмет бабын пайдаланбай, сыйлық ақы алу.
48. Қандай әрекеттер интеллектуалдық жалғандыққа жатады?
А) шын құжатқа өзгеріс енгізіп, жалған мәліметтер кіргізу;

В) жалған құжатты толық күйінде дайындау;

С) сөздерді ауыстыру арқылы шын құжатын мазмұнын өзгерту;

Д) шын құжаттың түрін түзетулер енгізу арқылы өзгерту;

Е) құжаттардың мазмұнын өзгерту.
49. Жарылыс қауіпі бар объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу қылмысының адам өлімі түріндегі зардабына тұлғаның субъективтік қатынасы:
А) тікелей қасақаналықпен;

В) жанама қасақаналықпен немесе қылмыстық немқұрайдылық;

С) қылмыстық менмендік;

Д) қылмыстық немқұрайдылық;

Е) қылмыстық немқұрайдылықпен немесе менмендікпен сипатталады.
50.Кісі өлтірудің анықтамасын беріңіз?
А) құқыққа қарсы өмірді жою;

В) өмірді жою;

С) құқыққа қарсы басқа адамның өмірін жою;

Д) құқыққа қарсы қасақана басқа адамның өмірін жою;

Е) құқыққа қарсы басқа адамның өмірін абайсызда, қасақана жою.

51. Шпиондық деген не?


А) шет мемлекетке, шетелдік, ұйымға, олардың өкілдеріне мемлекеттік құпия болып табылмайтын мәліметтерді беру;

В) мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерді өзіне керек болған соң алу;

С) шет мемлекетке, шетелдік ұйымға, олардың өкілдеріне мемлекеттік немесе әскери құпия болып табылатын мәліметтерді ұрлап беру немесе беру мақсатымен жинау;

Д) коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтерді соларға беру;

Е) қызметтік мәліметтерді шетелге беру.
52. Терроризм дегеніміз не?
А) жәбірленушіні өзінің қызмет немесе қоғамдық борышын атқаруына байланысты өлтіру;

В) қоғамдық тәртіпті сақтауына байланысты полиция қызметкерінің өміріне қастандық жасау;

С) өкімет өкілін елдегі жағдайды қалыптастыруға байланысты өлтіру;

Д) қоғамдық қауіпсіздікті бұзу мақсатымен жарылыс жасау, өрт қою, адамды қауіпті жағдайда қалтыратын басқа да әрекеттер жасау;

Е) елді үрейлендіру мақсатымен жарылыстар жасау.

53. Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңдылығы бойынша адамды кепілге алу қандай нәрсеге қарсы бағытталған қылмыс тобына жатады:

А) халықтың денсаулығына;

В) жеке адамға қарсы қылмыс;

С) қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке;

Д) бейбітшілікке адамзат қауіпсіздігіне қарсы;

Е) конституциялық және мемлекеттік қауіпсіздігіне қарсы.
54. Диверсия деген не?
А) елдегі қалыпты жағдайды бүлдіру мақсатымен жаппай немесе басқадай тәсілдермен объектілерді қирату немесе зақымдауға бағытталған жарылыс жасау;

В) бөтен біреудің мүлкін қасақана жою;

С) көлік құралдарын қасақана жою;

Д) мемлекет мүлкін қасақана бүлдіру;

Е) құрылыс алаңдарын ойраңдау.
55. Адамды өзін-өзі өлтіру халіне жеткізу қандай ретке орын алады?
А) адам кінәлі тәуелді болса;

В) тәуелді болғандықтан өзін-өзі өлтіргісі келсе;

С) кінәлі адамның жәбірленушіге өте қатал қарауы немесе үнемі ар-намысына тиюі өзін өлтіруге итермелесе;

Д) басқадай жолмен тәуелді адамның өзін-өзі өлтіруі орын алса;

Е) тәуелді адамын жек көріп, өзін-өзі өлтіргісі келсе.
56. Несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару дегеніміз:
А) несиені шартта көрсетілген мерзімде қайтармау;

В) несиені сәйкес сот актісінің күшіне енгеннен кейін қайтармау;

С) ірі мөлшердегі несиені шартта көрсетілген мерзімде қайтармау;

Д) ірі мөлшердегі несиені сәйкес сот актісінің күшіне енгеннен кейін қайтармау;

Е) несиені өтеудің нақты мүмкіндегі бола тұрып қайтармау.
57. Жасөспірімдерді сауда-саттыққа салу орын алады:
А) егер жасөспірімді біреуге қарай тұруға қалдырса;

В) немесе оны басқа біреуге, уақытша асырауға берсе;

С) пайдакүнемдікпен оларды басқа затқа айырбастаса;

Д) жаны ашып баланы басқа біреуге берсе;

Е) баланы аз күнге сақтауға берсе.
58. Балағып асыраудың құпиясы қай уақытта бұзылады?
А) балағып асырап алушының тілегіне қайшы жария етілсе;

В) балағып асырап алушының тілегі бойынша жария етілсе;

С) пайдакүнемдік немесе өзге де зұлымдық ниетпен жария етілсе;

Д) қызмет немесе кәсіптік міндетіне қайшы түрде абайсызда жария етілсе;

Е) тиісті өкімет органдарының талап етуі бойынша жария етілсе.
59. Қамқоршылық немесе қорғаншылық құқығына (139-бап) қиянат келтіру орын алады:
А) егер қорғаншы немесе қамқоршы пайдакүнемдік немесе зұлымдық пиғылмен қамқорындағы адамға зиян келтірсе;

В) осы келтірілген зиян елеулі түрде болса;

С) келтірілген зиян зұлымдық немесе пайдакүнемдік пиғылды көздемесе;

Д) қорғаншы немесе қамқоршы өзінің қамқорлығындағы адамды қарауға мүмкіндігі болмаса;

Е) басқа да пиғылдармен істелсе.
60. Дәрігерлік құпияны жария ету (144-бап) орын алуы мүмкін:
А) дәрігерлік құпия қызмет міндеті бойынша жария етілсе;

В) мұндай жариялауды медицина қызметкері және кәсіптік қызметті атқаратындар қажетсіз түрде жүзеге асырса;

С) мұндай жариялау жұртты аурудан алдын ала сақтандыруды көздеп жасалған жағдайда;

Д) дәрігердің бұл құпиялықты жариялауы кек алу мақсатын көздесе;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет