Саба қ №1 Тақырыбы



бет19/19
Дата28.11.2022
өлшемі70.64 Kb.
#465902
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Аналитикалық химия (лаб)

Блиц –тест.
1. Егер тең концентрациялы барий, стронций және калий катиондары бар зерттелетін ерітіндіге күкірт қышқылының ерітіндісі аз-аздан құйылса , төменде көрсетілген тұнбалардың қайсысы бірінші тұнбаға түседі ?
а) Барий сульфаты; в) стронций сульфаты;
б) кальций сульфаты; г) барлығы бірдей түседі.
2. Қандай катионның тұздары жанарғының жалынын сарғыш-жасыл түске бояйды?
а) стронцийдің ; в) кальцийдің;
б) барийдің ; г) стронцийдің.
3. Қандай катионның тұздары жанарғының жалынын кірпіш - қызыл түске бояйды?
а) калийдің; в) кальцийдің;
б) барийдің; г) стронцийдің.
4. Барий катионын дихромат-ионмен ашу реакциясының теңдеуін жазыңдар
және коэффициенттер қосындысын есептеңдер ?
а) 5; б) 4; в) 10; г) 8.
5. Кальций катионын ашуда қандай реакция спецификалық болып
табылады?
а) аммоний оксалатымен; б) күкірт қышқылымен, микрокристалдық,;
в) жалынның боялуы; г) аммоний карбонатымен.
6. Ерітіндіге күкірт қышқылын қосқанда микроскоптан көрінетін инелі кристалдар
түзілсе,ерітіндідегі катиондар туралы қандай қорытынды жасауға болады?
а) кальций бар; б) барий бар; в)стронций бар.
7. Стронций катионын анықтауға қандай реакция тән?
а)аммоний оксалатымен ; в)жанарғы жалынының бояуы;
б)гипс суымен; г)күкірт қышқылымен.
8. Барий катионын стронций және кальций катиондарының қатысында ашу қалай өткізіледі ?
а) аммоний оксалатымен бейтарап ортада; б) аммоний оксалатымен сілтілік ортада;
в) калий дихроматымен бейтарап ортада; г)алий дихроматымен сіркеқышқылды ортада; д) аммоний оксалатымен сіркеқышқылды ортада,
9. Барий және кальций катиондары қандай реагенттің әсерімен айыруға болады?
а) натрий карбанаты; б) калий дихроматымен сіркеқышқылдық
ортада; в) күкірт қышқылы; г) хлорсутек қышқылымен.
10. Кальций катионын стронций және барий катиондарынан қалай бөліп алуға болады ?
а) аммоний сульфатының артық мөлшерімен қыздырғанда ;
б) калий дихроматымен қышқылдық ортада; в) аммоний оксалатымен
сіркеқышқылдық ортада; г) гипс суымен.
Әдебиеттер:
1. С. Құлажанов. Аналитикалық химия. - Алматы.: 2014.
2. Б. Өтелбаев. Химия. - Ш.: 2010. .т.III.
3. А.Н.Каримов. Аналитикалық химияның негіздері. –Алматы.: Қазақ университеті. 2012
4. А.Г. Воскресенский. Сборник задач и упражнений по аналитической химии.- М.: Просвещение. 2005

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет