Саба қ №1 Тақырыбы



бет12/19
Дата28.11.2022
өлшемі70.64 Kb.
#465902
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Аналитикалық химия (лаб)

Глоссарий :
1. Әсерлесу нәтижесінде пайда болатын белгілер аналитикалық сигнал деп аталады.
2. Ізделініп отырған заттың белгілі бір жағдайда берілген реагенттің көмегімен ашылатын
ең аз мөлшері – ашылу минимумы деп аталады.
m = Cшек Vмин 106 немесе m = Vмин 106/ Vшек
3. Ерітіндіден ізделініп отырған затты анықтауға мүмкін болатын оның ең төменгі
концентрациясы минимальды концентрация деп аталады.

  1. Шекті концентрацияға кері шама шекті сұйылту деп аталады. Vшек = 1 / Сшек

Блиц-тест:
1. Катиондардың екінші аналитикалық тобы немен сипатталады?
а) НСІ аз еритін хлоридтер түзуімен; б) күкірт қышқылымен аз еритін сульфаттар түзуімен; в) топтық реагентінің жоқ болуымен; г) сілтілермен аз еритін гидроксидтер түзуімен.
2. Қорғасын катионын сынап (І) және күміс хлоридтерінен қандай реагент
көмегімен бөлуге болады?
а) НСІ әсерімен; б) аммиак ерітіндісі:
в) ыссы су әсерімен; г) күкірт құышқылы әсерімен.
3.Күміс хлоридінің КОН ерітіндісімен әрекеттесу реакциясының коэффициенттер қосындысын есептеңіздер.
а) 5; б) 4; в) 6; г) 7
4.Күміс хлоридінің сілті ерітіндісімен әрекеттесу реакциясы қандай аналитикалық эффектімен өтеді?
а) ерітінді сары түске боялады; б) тұнба ериді, ерітінді түссіз;
в) ақ тұнба түседі; г) күңгірт түсті тұнба түседі
5.Сынап хлориді бар ерітіндіге сілтімен әсер еткенде қандай аналитикалық эффект білінеді?
а) күмістің қара тұнбасы түзіледі; б) күміс оксидінің қоңыр тұнбасы түзіледі;
в) күміс гидроксидінің сары тұнбасы түседі; г) ерітінді сары түске боялады.
6. Қорғасын хлоридінің сілтімен әрекеттесу реакциясы қандай аналитикалық
эффектімен жүреді?
а) ерітінді сары түске боялады; б) тұнба ериді, ерітінді түссіз;
в) ақ тұнба түседі; г) күңгірт түсті тұнба түседі.
7. Қорғасын хлоридінің күкірт қышқылымен сапалық реакциясы
теңдеуінің коэффициенттер қосындысы қаншаға тең?
а) 5; б) 4; в) 6; г) 7
8. Күміс катионы КІ әрекеттесу реакциясы қандай аналитикалық эффектімен жүреді?
а) ерітінді сары түске боялады; б) тұнба ериді, ерітінді түссіз;
в) сары тұнба түседі; г) күңгірт түсті тұнба түседі.
9. І аналитикалық топ катиондарының қоспасын талдау қандай ретпен жүргізіледі?
а) сынап, күміс, қорғасын ; б) күміс, қорғасын, сынап;
в)қорғасын, сынап, күміс.
10. Центрифугаттан қай катионды анықтайды?
а) сынап; б) күміс; қорғасын.


Әдебиеттер:
1. С. Құлажанов. Аналитикалық химия. - Алматы.: 2014.
2. Б. Өтелбаев. Химия. - Ш.: 2010. .т.III.
3. А.Н.Каримов. Аналитикалық химияның негіздері. –Алматы.: Қазақ университеті. 2012
4. А.Г. Воскресенский. Сборник задач и упражнений по аналитической химии.- М.: Просвещение. 2005



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет