Т ә ж і р и б е. Аммоний тұзының бір тамшы сұйытылған ерітіндісін әйнекке тамызып, үстіне 1 – 2 тамшы Несслер реактиві ерітіндісін құйғанда тұнба түзіледі. Реакция өте сезімтал.
Бірінші катиондар топ қоспасын талдау барысы.
NH4+ катионы К+, Nа+ катиондары қатысында және Несслер реактивімен немесе
натрий гидроксидімен әрекеттестіру арқылы бақылауға болады. К+, Nа+ катиондарын анықтауда NH4+ ионы қабаттаса жүреді. Сондықтан зерттелетін ерітіндіде NH4+ катионы болса, К+ және Nа+ катиондарын анықтамас бұрын, оны ерітіндіден жоғалту керек. Ол үшін зерттелетін ерітіндінің 15 – 20 тамшысын тигельде немесе фарфор табақшаға құйып, ерітіндіні ақ «тұман» бөліну тоқтағанша қыздырады. Суытып, 8 – 10 тамшы дистильден-ген су құйып, әбден араластырып, сонан соң аммоний тұзы жоқтығын Несслер реактиві-мен тексеріліп, басқа катиондарды анықтауға болады.
К+ катионын анықтау.
Зерттелетін ерітіндінің 2–3 тамшысына 3–4 тамшы натрий гексанитро(ІІІ)кобальтаты Na3[Co(NO2)6] ерітіндісімен әсер етіліп, біраз уақыттан соң пайда болған сары натрий – калий гексанитро(ІІІ)кобальтаты Na2К[Co(NO2)6] тұнбасы К+ катионы бар екендігін көрсетеді. К+ катионын натрий – қорғасын гексанитро–(ІІ) купраты Na2Pb[Cu(NO2)6]-мен тексеріп, тұнбаны микроскоппен қарайды.
3. Nа+ катионы К+ катысында калий дигидроантимонатымен анықталады. Зерттелетін ерітіндінің булану арқылы концентрленген 3-4 тамшысына осындай мөлшерде калий дигидроантимонатын КН2SO4 құйып, шыны таяқшамен араластырады. Тұнба кристалл екендігіне көз жеткізу қажет.
Зерттелетін ерітіндінің 2 тамшысын заттық әйнек бетіне құйып, құрғағанша қыздырып, суыған соң уранилацетат ИО2(СН3СОО)2 ерітіндісінің бір тамшысын қосады. Түзілген кристалдарды микроскоппен қарайды. NН4+ және Nа+ катиондарын әртүрлі талдау жолымен К+ катионы қатысында анықтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |