Саба қ №1 Тақырыбы



бет8/19
Дата28.11.2022
өлшемі70.64 Kb.
#465902
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Аналитикалық химия (лаб)

Тәжірибе. Пробиркаға 2-3 тамшы күміс нитраты ерітіндісін құйып алып және 3-4 тамшы дистильденген су мен 1-2 тамшы калий хроматын қосады. Тұнба түсіне көңіл бөліп, оның ерігіштігін тексереді.
3. Калий бромиді және иодиді КВr, КJ, Ag+ катионымен AgВr күміс бромидінің солғын сары тұнбасын және AgJ – ң сары тұнбасын түзеді:
КВr + AgNO3 → AgВr↓ + КNO3
Ag+ + Вr- → AgВr↓
КJ + AgNO3 → AgJ↓ + КNO3
Ag+ + J- → AgJ↓
Pb2+ катионының жеке реакциялары.
1. КОН және NаОН гидроксидтері Pb2+ катионымен Pb(ОН)2-ң ақ тұнбасын түзеді, қышқылдарда және концентрлі гидроксидтер ерітінділерінде ериді.
Pb(NО3)2 + 2NаОН → Pb(ОН)2↓ + 2NаNО3
Pb2+ +2ОН- → Pb(ОН)2
2. Күкірт қышқылы Н2SO4 және сульфаттар Pb2+ катиондарымен PbSO4 –ң ақ
тұнбасын түзеді.
Pb(NО3)2 + Н24 → PbSО4↓ + 2НNО3
Pb2+ +2SО42- → PbSО4
3.Калий хроматы К2СrО4 және калий дихроматы К2Сr2О7 Pb2+ катиондарымен аз еритін қорғасын хроматының сары түсін түзеді:
Pb(NО3)2 + К2СrО4 → PbСrО4↓ + КNО3
Pb2+ + СrО42- → PbСrО4
Қорғасын хроматы гидроксидтерде ериді, бірақ сірке қышқылында ерімейді.
4. І- ионы Pb2+ катионымен сары тұнба түзеді:
Pb2+ + 2І- → PbІ2
Тәжірибе. PbІ2 тұнбасын алып, оның жартысына бірнеше тамшы су және 2н сірке қышқылының ерітіндісін қосып , қыздырады. Тұнба ериді, бірақ салқындатқанда қайта жылтыр сары кристалдар түрінде түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет