Саба қ №1 Тақырыбы



бет9/19
Дата28.11.2022
өлшемі70.64 Kb.
#465902
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Аналитикалық химия (лаб)

[Hg2]2+ катионының жеке реакциялары.
Сынап /І/ тұздарының ерітіндісі димер түрінде топталып –Hg–Нg – тобын құрайды, диссоциация нәтижесінде [Нg2]2+ күрделі катион түзеді, онда сынаптың тотығу дәрежесі [Hg2]2+ - болады.
1. Гидроксидтер [ Hg2]2+ катионымен сынап (І) оксидінің қара тұнбасын түзеді:
Hg2 (NO3)2 + 2NaOH → Hg2O↓ + 2NaNO3 + H2O
[Hg2]2+ + 2ОН- → Hg2О↓ + Н2О
2. Калий хроматы К2СrО4 [ Hg2 ]2+ катиондарымен Hg2СrО4қызыл тұнбасын береді, гидроксидтерде және сұйытылған НNO3-де ерімейді.
3. [ Hg2] 2+ катионының сынап металға дейін тотықсыздануы.
Тәжірибе. Мыс пластинкасына сынып (І) тұзының тамшысын тамызу керек. Бірнеше уақыттан кейін пластинкада сұр дақ металды сынап пайда болады. Пластинканы сумен жуып және шүберекпен немесе фильтрлі қағазбен ысса, оның беті жылтыр болады.
Hg2(NO3)2 + Cu → Cu(NO3)2 + 2Hg↓
Тәжірибе шарттары:

  1. Мыс пластинкасы наждақты қағазбен тазартады.

  2. Сынап (І) оксидін пластинкаға тамызып, 2-3 мин. кейін пластинкаға түскен

дақты фильтр қағазбен ысу қажет.

  1. Күшті тотықсыздандырғыштар реакцияның жүруіне кедергі жасайды.

  2. [Hg2] 2+ иондарын тотықсыздандыратын реакциялар алынып тастау керек.



Екінші аналитикалық топ катиондары қоспасын талдау
Конус тәрізді пробиркаға зерттелетін ерітіндіден 20-30 тамшы тамызып, араластыра отырып, 2н тұз қышқылы ерітіндісін қосады. 1-2 минуттан соң, тұнбаны центрифугалап, оны құрамында бірнеше тамшы 2н тұз қышқылы ерітіндісі бар салқын сумен жуады. Центрифугат және шайылған су пайдаланылмайды. Тұнбаны 2-3 рет ыстық сумен шайып, центрифугалайды. Бұл кезде қорғасын хлориді PbCI2 ерітіндіге өтеді, ал күміс хлориді AgCI және сынап хлориді HgCI2 тұнбада қалады. Центрифугаттағы Pb2+ катионын, тұнбадағы Ag+, [Hg2] 2+ катиондарын ашады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет