Банк және сақтандыру қызметіндегі маркетинг ролі
Жазбаша бақылау
10 апта 2 балл
1. Банк қызметіндегі маркетинг
2. Банк жүйесінде маркетингтің ролі
3. Сақтандыру қызметі
4. Сақтандыру қызметіндегі маркетинг
5. Сақтандыру қызметі бойынша маркетингтің мәні
6. Банк маркетингінің айырмашылықтары
7.Сақтандыру маркетингінің айырмашылықтары
Банк және сақтандыру ќызметіндегі маркетинг ролі
Тест
10 апта 2 балл
1.Банктік қызметтің маркетингі қандай процестерді жүзеге асырады.
А) Б және В
Б) жаңа клиенттермен байланысты қамтамасыз ету, іскерлік байланысты дамыту
В) жаңа операциялар мен банктік қызметті енгізу, нарықтың коньюктураны зерттейді
Г) А және Б
2.Банк табысы- бұл:
А) пайыз ставкасының айырмашылығының несиемен депозиттің;
Б) банктің кірісімен шығысының айырмашылығы;
В) банктің несие беру арқылы пайызы;
Г) банктің депозит арқылы пайызы.
3.Қандай операциялар ақша айналымының санын өсіреді:
А) Ор банктің мемлекеттік облигацияларды халыққа сату;
Б) Ор банктің ставкасын есепке алу арқылы көтеру;
В) халықтың нақты ақшаларын банкке салу;
Г) бір коммерциялық банкке ссуда беру;
Д) келтірілген операциялардың бәрі де дұрыс емес.
4.Облигацияның нарықтық бағадан төмен сатылуы
А) тратта;
Б) ажио;
В) дижазио;
Г) бәрі де дұрыс емес
5.Табыстың неше түрі бар:
А) 3;
Б) 6;
В) 9;
Г) 12;
6.Жеке тұлғаның мүліктік табысы нешеу;
А) 4;
Б) 2;
В) 6;
Г) 3;
7. Жекеменшік ќ±ралыныњ ќоры:
А) ‡ндеу капиталы, ќосымша резервтік капитал, инвестициялыќ валюталыќ ќорлар,т.б.
Б) Тек ‰ндеу капиталы;
В) Тек лизинг;
Г) Бєрі де д±рыс емес;
8.Заемдыќ ќ±ралдар ќоры:
А) Ќосымша резервтік капитал;
Б) Банктік несие, коммерциялыќ несие, лизинг, факторинг несиелер
В) Банктік несие;
Г) Лизинг;
9. Операциялардыњ т‰рлеріне ќарай банктің бөлінуі:
А) Ємбебап, маманданѓан;
Б) Ємбебап, халыќаралыќ;
В) Аймаќтыќ, ±жымдыќ;
Г) ¦лттыќ жєне жеке;
10.Саќтандыру компаниясыныњ т‰лері:
А) Жинаќтау жєне ќысќа мерзімді саќтандыру компаниясы;
Б) ¦заќ жєне ќысќа мерзімді саќтандыру компаниясы;
В) Топтау жєне жинаќтау саќтандыцру компаниясы;
Г) ¦заќ жєне орта мерзімді саќтандыру компаниясы;
11. Банктiк емес ұйымға жатпайтындар:
А) қор биржалары;
В) ломбардтар;
С) несиелiк серiктестiктер;
D) сақтандыру ұйымдары;
Е) инвестициялық компаниялар.
12.Банктік қызметтің маркетингі қандай процестерді жүзеге асырады.
А) жаңа операциялар мен банктік қызметті енгізу, нарықтың коньюктураны зерттейді
Б) жаңа клиенттермен байланысты қамтамасыз ету, іскерлік байланысты дамыту
В) Б және В
Г) А және Б
13.Заемдық құралдар қоры:
А) Банктік несие, коммерциялыќ несие, лизинг, факторинг несиелер
Б) қосымша резервтік капитал;
В) Банктік несие;
Г) Лизинг;
14. Операциялардыњ түрлеріне қарай банктің бөлінуі:
А) Әмбебап, маманданған;
Б) Әмбебап, халықаралық;
В) Аймақтық, ұжымдық;
Г) ұлттық және жеке;
15.Қаржы конгломераты –
А) қаржылық қызметпен айналысатын, ортақ бақылауда болатын кез келген компания
Б) банктік топтардың және банкпен аффилирленген тұлғалардың басында болатын немесе басынан кешетін барлық тәуекелдерді ескеретін қадағалаудың әдісі
В) банктік заңдылықтардың орындалуын қамтамасыз ететін әртүрлі мемлекеттік органдардың қызметі
Г) банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан қаражаттар
16. Банк тобы мыналардың қайсысынан тұрады?
А) банктен және қатысушысы банк болып табылатын ұйымнан;
Б) екі және одан да көп банктерден;
В) банк холдингісінің мүшелерінен ;
Г) осы елдің екінші деңгейдегі банктер жүйесінен;
17. Банк таратылған жағдайда жойылуға жататын конкурстық жиынға мыналар кірмейді:
А) сақтауға сеніп тапсырылған зейнетақы активтері, клиенттердің құнды қағаздар есебі, ипотекалық облигацияның қамтамасыз етушісі болып табылатын ипотекалық тұрғын үй несиесі бойынша құқықтар мен талаптар;
Б) сақтауға сеніп тапсырылған материалдық емес активтер, клиенттердің құнды қағаздар есебі, ипотекалық облигацияның қамтамасыз етушісі болып табылатын ипотекалық тұрғын үй несиесі бойынша құқыктар мен талаптар;
В) сақтауға сеніп тапсырылған зейнетақы активтері, клиенттердің құнды қағаздар есебі, ипотекалық тұрғын үй несиесі бойынша құқықтар мен талаптар;
Г) сақтауға сеніп тапсырылған негізгі құрал-жабдықтар, зейнетақы активтері, клиенттердің кұнды қағаздар есебі, ипотекалық облигацияның қамтамасыз етушісі болып табылатын ипотекалық тұрғын үй несиесі бойынша құқықтар мен талаптар;
18.Банктің бағынышты борышы - бұл мыналардың қайсысына жатпайтын банктің қамтамасыз етілмеген міндеттемесі?
А) ұсынушы міндеттемесі, банк пен оның үлестес тұлғасының талаптары бойынша кепілдіктік қамтамасыз ету, мерзімінен бұрын (толықтай немесе біртіндеп) өтеуге жатқызылмайды және банк таратылған жағдайда соңғы кезекте қанағаттандырылады.
Б) салым ақша, ұсынушы міндеттемесі, банк пен оның үлестес тұлғасының талаптары бойынша кепілдіктік қамтамасыз ету және банк таратылған жағдайда соңғы кезекте қанағаттандырылады;
В) салым ақша, банк пен оның үлестес тұлғасының талаптары бойынша кепілдік қамтамасыз ету, мерзімінен бұрын (толықтай немесе біртіндеп) өтеуге жатқызылмайды және банк таратылған жағдайда соңғы кезекте қанағатандырылады;
Г) салым ақша, ұсынушы міндеттемесі, мерзімінен бұрын (толықтай немесе біртіндеп) өтеуге жатқызылмайды және банк таратылған жағдайда соңғы кезекте қанағаттандырылады;
19. Екінші деңгейдегі банктер үшін ҚР Ұлттық банкісінде вексельдерді қайта есептеу мыналардың қайсысының тәсілі болып табылады?
А) банкті капиталдандырудың;
Б) банктік ресурстар салымының;
В) депозиттік емес көздерден банк ресурсын қалыптастырудың;
Г) банк активтерінің портфелін әр тараптандырудың;
20. Өзіндік банк капиталына қатысты баламалылықтың пруденциалдық нормативтері нені білдіреді?
А) банк капиталының шоғырлануын.
Б) өзіндік капиталдың абсолютттік мәнін;
В) банк тартуы мүмкін депозиттердің мөлшерін;
Г) банк қабылдауы мүмкін міндеттеменің мөлшерін;
21.Банк маркетингі дегеніміз – бұл:
А) жалпы капитал нарығында және жеке салаларында, банк саласында болып жатқан үрдістерді зерттейтін және есепке алуды бастайтын банкті басқару жүйесі
Б) жалпы капитал нарығында және жеке салаларында, банк саласында болып жатқан құбылыстарды үйрететін және есепке алуды бастайтын жүйесі
В) жалпы капитал нарығында және жеке салаларында, банк саласында болып жатқан үрдістерді зерттемейтін және есепке алуды бастайтын басқару жүйесі
Г) жалпы капитал нарығында және жеке салаларында болып жатқан үрдістерді сегменттейтін және есепке алуды бастайтын басқару жүйесі
22. Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу қайсы орган жүзеге асырады?
А) Ұлттық банктің қаржылық қадағалау департаменті
Б)ұлттық банктің статистика департаменті
В)ұлттық банктің директорат департаменті
Г) ұлттық банктің директорат департаменті
23.Қазақстан Республикасында банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастырудың кезеңдері
А) банк ашуға ҰБ рұқсат алу, әділет министірлігінде мемлекеттік тіркеуден өту, банк операцияларын жүргізуге ҰБ лицезия алу
Б)рұқсат алу үшін беретін өтініші , құрылтайшылық шарт , банктің жарғысы
В)барлығы дұрыс
Г) банктің бизнес жоспары
24. Банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастырудың неше кезеңі бар?
А) 3 Г)4
Б)2
В) 1
25. Банкаралық несие
А) коммерциялық банктердің бір-біріне беретін несиелері
Б) ұлттық банктің несиелері
В) мерзімді депозит
Г) жинақ салымдары
17-тақырып. Банктің несиелік саясатының маңыздылығы
Жоспар:
1.Несиелік саясат
2.Несиелік саясаттың элементтері.
Теориялық мәліметтер
Несиені беретін негізгі бағыттар - экономикалық жэне элеуметтік инфрақүрылымдар, агроөнеркэсіп объектілері, ауыл шаруашылығын өндіретін және қайта өндейтін өнеркәсіп. Банктің несиесі ең алдымен барлық жеке секторға, жекешелендірілген мемлекеттік бірлескен кәсіпорындарға, әсіресе дамып келе жатқан елдердің үкіметтеріне -сенімді қарыз алушы ретінде бағытталады.
Несиелік саясат банктің несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен әдістері, сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру принциптері және тәртібін белгілейді. Несиелік саясат несиелік механизм көмегімен жүзеге асыралады.
Несиелік саясат - банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттары.
Несиелік сясат банктің несиелік жұмысын, оның жалпы стратегияларына сай ұйымдастыру негізін және несиелеу процесін қалыптастыруға қажетті құжаттар жүйесін (ұйымдастыру) жасау шарттарын білдіреді.
Жалпы несиелік саясат мынадай сипатта болуға тиіс.
-
Нұсқаулық емес, яғни директивті нұсқауларды қамтиды;
-
Несиелеудің мақсаттарын нақты және мағыналы анықтауға мүмкіндік берді;
-
Нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін қамтиды;
-
Оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар мен нұсқаулықтарды қамтитын құжаттардан тұрады.
Несиелік саясат банктің стратегиясын, оның тәуекелді басқару облысындағы саясаттарын ескере отырып, жасалады. Несиелік саясат несиелік қызметтің төмендегідей негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді:
-
Несиенің берілуіне және несиелік портфельді басқаруға жауап беретін банк қызметкерлері жетекшілікке алатын обьективтік стандарттар мен критерийлерін;
-
Несиелеу облысындағы стартегиялық шешімдерді қабылдайтын тұлғалардың басты іс-әрекеттерін;
-
Сыртқы аудит қызметтерінің жұмысын және банктегі несиелік қызметтің сапалығын;
-
Ішкі бақылау қағидаларын.
Несиелік саясат банк қызметін диверсификациялаудағы іс - әрекеттердің тізбектелуін қамтамасыз ету үшін және несиелік қызметкерлердің лауазымды міндеттерін анықтау үшін қажет. Несиелік саясатты іске асырудың белгілі бір тәртібі болмайынша несиелеудің біртұтас ережелерін тәжірибеге енгізу мүмкін емес. Сондықтан да, жазбаша түрде жазылған несиелік саясат пен оны іске асырудың соған сәйкес ережелері несиелік процесті жүргізудің негізін құрайды.
Несиелік саясат, банк қызметкерлерінің бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуіне, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі туралы сұрақты шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап «өз клиентін» таңдаудағы біліктілігіне негізделеді. Сондай-ақ, енгізуді дұрыс санайтын несиелік өнімдермен анықталады. Мысалға, кәсіпорындарға қысқа мерзімді несиелер (айналым қаражаттарын толықтыруға) және ұзақ мерзімді инвестициялық несиелер (өндірісті кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта қаруландыруға, ғылыми техникалық инновацияларды енгізуге) берген қолайлы. Несиелік саясаттың маңызды элементі банктегі бақылауды ұйымдастыру болып табылады.
Бақылау сұрақтары.
Банктің несиелік саясатының маңыздылығы
Несиелік саясат
Несиелік саясаттың элементтері
Студенттердің үй тапсырмалары.
Банктегi несие түрлерi
Несиелік механизмнің экономикадағы ролi
Реферат
11 апта 2 балл
№
|
Тапсырма алған студенттің аты жөні
|
Тақырып атаулары
|
Орындалу мерзімі
|
Жұмыстың бағалануы
|
1
|
|
Банктің несиелік саясаты және несиелік механизм
|
|
|
2
|
|
Несиелік механизмнің экономикадағы ролi
|
|
|
3
|
|
Несиелеу механизмі және несиелік процесс
|
|
|
4
|
|
Банктік несиенің түрлері
|
|
|
5
|
|
Несиелеуді ұйымдастыру принциптері
|
|
|
6
|
|
Несиелік тәуекелдерді басқару
|
|
|
7
|
|
Заңды тұлғаларға несие берудi ұйымдастыру
|
|
|
8
|
|
Банктiк несиелеу жүйесi және оның элементтерi
|
|
|
18-тақырып. Несиелеуді ұйымдастыру ерекшелiктерi
Жоспар:
1.Несиелеу принциптері
2.Кепілге берілетін ссуда.
Теориялық мәліметтер
Несиелеу және қаржыландыру операцияларына соңғы жылдары Ұлттық банк қызметінің алдағы уақыттарда классикалық қызметіне жақындауына байланысты тиісті шаралар қолданады. Бюджет тапшылығын жабу үшін Үкіметке несие беру бюджет саясаты аумағында, яғни Ұлттық банктің республикалық бюджетті несиелеуден бас тарту мақсатында жүргізілді. Жеңілдікпен несие беру және кәсіпорындардың несие үшін тікелей өтініш жасауы қарастырылған жоқ. Ұлттық банк несиелерін орналастыру аукциондар арқылы, банкаралық нарық арқылы, сол сияқты ломбардтық несиелеу негізінде жүзеге асырылады.
Несиелеу саясатында несиелеуді жүзеге асыратын бөлімшелер жұмыскерлерінің қызметтерін нақтылайтын несиелік нұсқаулықтар мен несиелеу стандарты, несиелеудің жалпы бағыттары мен бағдарлары анықталады.
Несиелеу стандарты – бұл банкте несиелік қызметті жүзеге асыратын барлық қызметкерлердің жетекшілікке алатын құжаты.
Несиелеу стандартында мынадай сұрақтар қарастырылады.:
-
қарыз алушының қаржылық ақпараттарын жинау және талдау тәртібі;
-
несиенің кепіл- хаттар және кепілдемелерін қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар;
-
әкімшілік стандарттар және несиелік процесті ұйымдастыру ережелері;
-
қарыз алушның несиелік қабілетін талдау тәртібі;
-
құжаттардың толтырылуына қойылатын талаптар;
-
несиелеудің айрықша түрлері бойынша ережелер (мысалға, ипотекалық немес тұтыну несиелері бойынша).
Несиелеу принциптері несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы обьективті экономикалық заңдардың талаптарын бейнелейді.
Несиелеу принциптері негізінде несиелік процесс, яғни банктік несиелерлің берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелігі және т.б. анықталады.
Қазіргі несилік қатынастарды ұйымдастыру принциптері екі топқа бөлінеді:
I топқа – жалпы экономикалық тәртіптегі прициптер:
-
несиенің мақсаттылығы;
-
несиенің дифференциалдығы.
II топқа – несиенің мәнін бейнелейтін принциптер:
-
несиенің мерзіміділігі;
-
несиенің қайтарымдылығы;
-
несиенің төлемділігі;
-
несиенің қамтамасыз етілуі;
Қазіргі несиенің дифференциалдық принципінің мазмұны өзгерген десе болады. Біріншіден, ол мерзімділік принципімен байланысады, яғни несие уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі. Сондықтан да несиелеудің дифференциациялануы тек несиелік қабілетті сипаттайтын көрсеткіштер негізінде ғана жүзеге асырылады. Екіншіден, бұл принцип несиелік келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік ресурстарға деген сұранысын оқып – үйрену барысында потенциалды қарыз алушылардың несиелік қабілетін және сұралып отырған ссуданың қамтамасыз етілу сипатын және олардың банк үшін пайдалылығын, сондай-ақ қаражаттардың жұмсалу ұзақтығын жеткшілікке ала отырып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске қосылады. Үшіншіден, несиелік қабілеттілігіне байланысты несиелеудің дифференциациялануы, оның өткен жүйедегі вариантымен салыстырғанда қаталдау болып табылады.
Мерзімділік - белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделген несиенің ерекше бір белігісі. Ол, яғни несие берушінің қарыз алушыға берілген қаражат белгілі бір уақыт ішінде келісілген тәртіпке сай қайтарылуға тиістілігімен қорытындыланады. Осыдан келіп, несиенің қайтарымдылық прицинпі туындайды.
Несиенің қайтарымдлығы оның экономикалық катергория ретінде басқа да тауарлы – ақшала қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратылып ерекшелегімен сипатталады. Қайтарылмайтын несие болмайды. Сондықтан да, қайтарымдылық- несиенің ажырамас бөлігі болып табылады.
Шаруашылықтың нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты несиелеудің бұл принципіне ерекше мән берілген. Біріншіден, оның сақталуына байланысты ұдайы өндірісте ақшалай қаражаттармен бірқалыпты қамтмасыз етілуі тәуелді. Екіншіден, бұл принципті сақтау коммерциялық банктердің өтімділігін қамтмасыз ету үшін қажет. Олардың жұмысын ұйымдастыру принциптері тартылатын несиелік ресурстардың қайтарымсыз жұмсалымдарға салынуына жол бермейді. Үшіншіден, әр жекелеген қарыз алушы үшін бұл принциптің сақталуы банктен жаңа несие алуға мүмкіндік береді.
Бақылау сұрақтары.
Несиелеуді ұйымдастыру ерекшелiктерi
Несиелеу принциптері
Кепілге берілетін ссуда
Несиенің мәнін бейнелейтін принциптер
Студенттердің үй тапсырмалары.
Несиенің қайтарымдылығы
Несиелеу механизміндегi несиелік процесс, тәуекел
Тест
11 апта 2 балл
1.Несиенің негізгі 2 формасы бар
А) аймақтық және акционерлік
Б) коммерциялық және банктік
В) аймақтық және ұжымдық
Г) ұжымдық және халықаралық
2.Берілу мерзіміне байланысты несиенің жетілуі
А) орта мерзімді
Б) Бәрі дұрыс
В) ұзақ мерзімді
Г) қысқа мерзімді
3.Мемлекеттік несие экономикалық категория негізінде қандай функцияларды атқарады:
А) реттеу, бақылау және бөліп тарату;
Б) реттеу және бақылау;
В) бөліп тарату және реттеу
Г) А және Б
4.Мемелкеттік несиенің басқару процесінде қандай мәселелерді қарастырады.
А) несиенің уақытында қайтарылуын қамтамасыз ету, қаржылық саясат
Б) борыштар құнын төмендету, бөлінген несиелерді мақсатты бағыттарға қолдану
В) ұлттық табысты есептеу, қорларды қалыптастыру
Г) қаржылық құрылымдарды қамтамасыз ету
5. Ипотекалық несие:
А) товарлы материалдық бағалықтарды кепiлге ала отырып берiлген несие;
В) бағалы қағазды кепiлге ала отырып берiлген несие;
C) жылжымайтын мүлiктi кепiлге ала отырып берiлетiн несие;
D) ұзақ мерзiмге жылжыйтын мүлiктi кепiлге ала отырып берiлген несие;
Е) тұтыну товарларын кепiлге ала отырып берiлген несие.
6. Ломбардтық несие:
А) бұл жылжымайтын мүлiктi кепiлге ала отырып берiлетiн несие;
В) бұл бағалылықтарды кепiлге ала отырып берiлетiн несие;
C) бұл банкаралық несие түрi;
D) бұл қысқа мерзiмдi тұтыну несиесi;
Е) бұл тек банктiк емес мекемелердiң беретiн несиесi
7.Несие формалары:
А) қысқамерзімді, ортамерзімді, ұзақмерзімді;
В) тауарлы, ақшалай, банктік, коммерциялық;
С) банктік, коммерциялық, мемлекеттік, халықаралық тұтыну;
D) банктік, қысқамерзімді, ұзақмерзімді, коммерциялық, халықаралық;
Е) коммерциялық, банктік, тауарлы, ақшалай,тұтыну.
8. Тұтыну несиесі бойынша несиелік қатынастарының субъектілері:
А) банктер және кәсіпорындар;
В) бөлшек саудасы және коммерциялық банктер;
С) банктер, бөлшек саудасы және тұрғындар;
D) кредиторлар және қарыз алушылар;
Е) жинақ банктер және тұрғындар.
9. Несиелік қатынастар мынадай деңгейде қалыптасады:
А) өндіріс;
В) айырбас;
С) тұтыну;
D) бөлу;
Е) ұдайы өндіріс деңгейінде.
10. Несие құрылымы келесiден тұрады:
А) кредитор,жабдықтаушы,кепiлберушi;
В) кредитор,несие алушы,құн;
С) кредитор,делдал,несие алушы;
D) банк,сақтандырушы,жабдықтаушы;
Е) ссуда,пайыз.
11. Несиелік жүйенің институционалды құрылымы қандай мекемемен берілген:
А) банктік және арнайы несиелік –қаржы мекемесі;
В) эмиссиялық, инвестициялық, ипотекалық;
С) дұрыс жауап жоқ;
D) инвестициялық және арнайы несиелік-қаржы мекемесі;
Е) банктік, инвестициялық және ипотекалық.
12. Кең мағынада несиелік жүйенің дұрыс анықтамасын таңдаңыз:
А) несиелік мекемелердің жиынтығы;
В) несиелік қатынастардың жиынтығы;
С) несиелік мекемелердің, несиелердің формаларының, несиелік қатынастардың жиынтығы;
D) несиелік қатынастардың мемлекеттік органдардың басқаруы және несиелік мекемелердің, несиенің формаларының жиынтығы;
Е) несиелік қатынастар және несиелік формаларының жиынтығы.
13. Несие берілу шарттары:
А) төлемділік, қамтамасыз етулілік, мерзімділік;
В) қайтарымдылық, кепілділік, төлемділік;
С) қамтамсыз етулілік, кепілділік, мерзімділік;
D) төлемділік, мерзімділік, қайтарымдылық;
Е) төлемділік, кепілділік, қамтамасыз етулілік.
14. Несие қамтамасыз етудің сапасына, қарыз алушының қаржылық жағдайына, бұрын алынған несиенің категориясына қарай жіктеледі және несие бойынша мерзіміне қарай, несиенің мақсатсыз пайдалануына қарай, өзге де мерзімі өтіп кеткен міндеттемелердің болуына қарай жіктеледі, сондай-ақ::
А) қарыз алушының рейтингісіне, несиенің пайдаланылу мерзіміне, пролонгацияга қарай;
Б) пролонгацияға қарай;
В) қарыз алушының рейтингісіне және пролонгацияға қарай;
Г) қарыз алушының рейтингісіне, несие мақсаттарына, пролонгацияга қарай;
15.Несиеге банк қарызы, форфейтинг, қаржылық лизинг қатысты, сондай-ақ :
А) факторинг, инвестициялық құнды қағаздар, несие картасы бойынша шот.
Б) ескерілген немесе наразылық білдірілген вексель, несие картасы бойынша шот, факторинг;
В) несие картасы бойынша шот, факторинг, құнды қағаздар;
Г) несие картасы бойынша шот, факторинг, корреспонденттік шот;
16.Несиеге қатысты пайда болатын проблеманың себептеріне ссуданың нашар құрылымдануы, қарыз алушының негізгі қызметінен түсетін табыстың азаюы, заңдық өзгерістер, жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілмеу жатады, сондай-ақ:
А) несие инспекторының ауысуы, несие төлемдерінің кешіктірілуі;
Б) қарыз алушы компаниядағы тиімсіз маркетинг, несие төлемдерінің кешіктірілуі, бір қарыз алушыға шаққандағы қатердің ең көп шамадан да асып түсуі;
В) қарыз алушы компаниядағы тиімсіз маркетинг, қарыз алушы компаниядағы басшылардың ауысуы;
Г) қарыз алушы компаниядағы тиімсіз маркетинг, несие төлемдерінің кешіктірілуі;
17.Несие тарихынан мәліметтер Қазақстандық заңга сәйкес кімдерге берілуі мүмкін?
А) банктерге, жеке кәсіпкерлерге және тауарын несиеге сататын немесе төлем мерзімін ұзарту арқылы өткізетін ұйымдарға, банк операцияларының жекелеген тұрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, өкілетті реттеуші және қадағалаушы ұйымдарға;
Б) банктерге, жеке кәсіпкерлерге және тауарын несиеге сататын немесе төлем мерзімін ұзарту арқылы өткізетін ұйымдарға, несие тарихының субъектілеріне;
В) банктерге, тауарын несиеге сататын немесе төлем мерзімін ұзарту арқылы өткізетін ұйымдарға, несие тарихының субъектілеріне, өкілетті реттеуші және қадағалаушы органдарға;
Г) кез келген несиегерге;
18. Қарыз алушының несиені өтеуге жарамдылығы төменде келтірілген принциптердің қайсысы бойынша талданады?
А) несиелеудің жалғыз шарты, қарыз алушы фирманың және несиеленетін жобаның қаржылық ағынын бөлу, кейін міндетті тұрде болатын несие мониторингісі, толық әрі шынайы ақпараттардың негізінде оның несиені өтеуге жарамдылығын бағалау;
Б) несиелеудің бір емес, бірнеше қажетті шарты, қарыз алушы фирманың және несиеленетін жобаның қаржылық ағынын бөлу, кейін міндетті түрде болатын несие мониторнгісі, толық әрі шынайы ақпараттардың негізінде оның несиені өтеуге жарамдылығын бағалау;
В) несиелеудің бір емес, бірнеше қажетті шарты, қарыз алушы фирманың және несиеленетін жобаның қаржылық ағымын бөлу, толық әрі шынайы ақпараттардың негізінде оның несиені өтеуге жарамдылығын бағалау;
Г) несиелеудің қажетті шарты, фирманың қаржылық ағыны мен нәтижесін аудиторлық тұрғыдан растау, кейін міндетті түрде болатын несие мониторингісі, толық әрі шынайы ақпараттардың негізінде оның қабілетгілігін бағалау;
19. Несие бойынша төлемдер уақтылы әрі толық төленбеген жағдайда 4-ші категориядағы күмәнді несие бойынша провизия мөлшері қандай мөлшерде белгіленеді?
А) 25%;
Б) 5%;
В) 10%;
Г) 20%;
20. Бұл несиенің мәні мынада: экспорттаушы траттаны акцепт үшін импорттаушыны несиелеген банкке қояды. Несиені экспорттаушының жөнелткен тауары қамтамасыз eтeдi. Траттаны акцептілеген, импорттаушы банкке енгізген сатылған тауар төлемінің белгілі бір бөлігін банк
экспорттпаушыға тратта бойынша төлем мерзімі келгенде төлейді. Бұл қандай несие?
А) акцептік;
Б) векселдік;
В) импортты- экспорттаушы;
Г) банктік.
21. Банктік несиелеудің принциптеріне несиенің мерзімділігі, қайтымдылығы, ақылылығы жатады, сондай-ақ:
А) қамтамасыз етілуі, мақсатты бағыттылығы;
Б) қамтамасыз етілуі, мақсатты бағыттылығы, саралануы;
В) қамтамасыз етілуі, саралануы;
Г) несие портфелінің жан-жақтылығы;
22.Төлемдер кешіктірілгенде үш балл жинайтын несие жіктеу кезінде күмәнді несиенің қай категориясына кіреді?
А) 1-ші;
Б) 3-ші;
В) 2-ші;
Д) 4-ші;
23. Несиелік тарих субъектісінің несие бюросына өзі жайлы ақпарат беруіне жауапкершілік мыналардың қайсысына жүктеледі?
А) несие бюросына;
Б) ақпаратты жеткізушіге;
В) С) ақпаратты алушыға;
Г) несиелік ақпараттың субъектісіне;
24. Қарыз алушы туралы ақпараттың көзіне несиеге тапсырыс берушімен пікірлесу (сұхбаттасу), несиелік тіркелім мәліметтері, іскерлік серіктестердің ақпараты, БАҚ-тағы мәліметтер, өзге банктердің мәліметтері жатады, сондай-ақ:
А) банк картотекасы, несие бюросынан алынатын несиелік тарих, тапсырыс берушінің қаржылық есеп-қисабы;
Б) банк картотекасы, несие бюросынан алынатын несиелік тарих, көзбе-көз тексеру;
В) несие бюросынан алынатын несиелік тарих, тапсырыс берушінің қаржылық есеп-қисабы, көзбе-көз тексеру;
Г) банк картотекасы, несие бюросынан алынатын несиелік тарих, тапсырыс берушінің қаржылық есеп-қисабы, көзбе-көз тексеру.
25. Несие бойынша провизия мөлшері мыналардың қайсысының сомасындағы процентте белгіленеді?
А) қатер деңгейлеріне қарай өлшемделген банк активтерінің
Б) негізгі борыштық;
В) негізгі борыштық және төленбеген проценттердің;
Г) мерзімі өтіп кеткен берешектердің;
19-тақырып. Несиелік қабілетті бағалау жүйесіндегi қарыз алушының ролi
Жоспар:
Заңды тұлғаның несиелік қабілетін бағалау
Қарыз алушының мінездемесі
Теориялық мәліметтер
Негiзiнен банк саласы Қазақстан Республикасы экономикасының дамушы секторының бiрi болып табылады. Бүгiнгi таңда халық шаруашылығы саласындағы банк жүйесiнiң, оның iшiндегi несие жүйесiнiң экономиканы дамытуда алар орны ерекше.
Несиелік операциялардың мақсаты – бұл ұйымдарға ақша түрінде өндірісін ұлғайтуға, ағымдағы қызметтеріне байланысты қарыздарын төлеу үшін беріледі. Соның нәтижесінде банк өзіде пайда алып отырады.
Несиелік операциялардың халықаралық стандартпен белгіленген мақсаттары мыналар:
-
Қарыз алушыларды несие қызметі туралы толық және жеткілікті қамтамасыз ету.
-
Банк несие қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Заңдарының сақталуын бақылау үшін мемлекеттік органдарды қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету.
Несие берушінің кейбір активтерді анықтаудағы нақты мәселелері кездеседі. Сондықтан кепілге берілетін кейбір активтердің төмендегідей сипатта болуын білу шарт:
Біріншіден, кепілге несие берілуі турал шешім қабылдағанға дейін жеңіл бағаланатын болуыға тиіс.
Екіншіден, кепілге алынатын мүліктің нарықтағы қозғалыс мүмкіндігін үнемі тексеріп отыру қажет.
Үшіншіден, кепілдің өтімділік дәрежесін есепке алу өте маңызды, басқаша айтсақ, кепілге алынатын зат көп уақыт өтпей нақты ақшаға айналуға тиісті.
Төртіншіден, кепіл туралы келісім жасасқанда, кепілдің амортизациясын немесе моральдық тозу жақтарын ескеру қажет. Өйткені, кейбір активтер басқаларына қарағанда өзінің бастапқы құнын тез жоғалтады.
Қазіргі несиелеу жүйесі қарыз алушынң несиелік қабілетін анықтау әдістерінде де негізделеді. Айта кету керек. Қарыз алушының несиелік қабілеті - бұл коммерциялық банк балансының өтімдігін қолдау әдісі болып табылады.
Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға себепкер болатын көптеген тәуекел факторлардың іс әркетімен байланысты болып келеді. Сондықтан да, банк ссудасының берілуі алдын – ала ықпал ететін факторларды оқып үйрену арқылы несиелік қабілетті оқып үйренуге жағдай жасайды.
Қарыз алушының несиелік қабілеті - бұл қарыз алушының өзінің қарыздық міндеттемелері бойынша толық және уақтылы есеп айырысу қабілеті.
Қарыз алушының несиелік қабілетінің, оның төлем қабілетінен бір айырмашылығы - онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір күндегі төлемсіздікті есепке алмайды, яғни мұнда алдағы уақыттардағы қарызды өтеу қабілетін болжанады. Өткен уақыттардағы қарыз алушының төлем қабілетсіздігінің дәрежесі клиенттің несиелік қабілетін бағалау барысында иек артатын ең бір формальды көрсеткіш болып табылады. Егер де қарыз алушның мерзімі өткен қарызы болып, ал балансы өтімді және меншікті каптиладың мөлшері жеткілікті болса, онда банкке өткен уақыттағы төлемдердің бір рет кешіктірілуі, клиенттің несиелік қабілетсіздігі туралы қорытынды үшін негіз болып табылмайды. Несиелік қабілетті бар клиенттер банкке, жабдықтаушыларға, бюджетке ұзақ төлемсіздіктің болуын жібермейді.
Клиенттің несиелік қабілетінің деңгейі, банктің нақты қарыз алушыға беретін нақты ссуадасымен байланысты қарапайым (жеке) тәуекелдерінің дәрежесін көрсетеді.
Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын обьективті бағалау және несиелік операцияларға байланысты мүмкін болар тәуекелдерді есепке алу банкке несиелік ресурстарды тиімді басқаруға және пайда табуға мүмкіндік береді.
Әлемдік және отандық банктік тәжірибе қарыз алушының несиелік қабілетінің мынадай критерийлерін бөліп қарайды:
Қарыз алушының мінездемесі, қаражатты қарызға алу қабілеті; ағымдағы қызметі барыснда қарызды өтеу үшін қажетті қаражатты табу қабілеті (қаржылық мүмкіндігі), капиталы, несиенің қамтамасыз етілуі, несиелік мәміле жасалатын жағдай, бақылау (қарыз алушының қызметінің заңдылық негізі, банк стандарты мен қадағалау ұйымдарына ссуданың сипатының дәл келуі).
Қарыз алушының мінездемесі деп оның заңды тұлға ретіндегі беделі және менеджерлерінің беделі, қарызды қайтарудағы жауапкершілігі және несиенің мақсатының банктің несиелік саясатына сай келуі түсіндіріледі.
Қарыз алушының заңды тұлға ретінде беделі оның сол аяда ұзақ уақыт қызмет етуінен, экономикалық көрсеткіштерінің орташа салалық көрсеткіштерге сай келуінен, оның несиелік тарихынан, оның серіктестерінің (жабдықтаушылары, сатып алушылары, несие берушілері) іскерлік әлеміндегі беделінен тұрады. Менеджерлерінің беделі олардың кәсіби жарамдылығына (білімі, жұмыс тәжірибесі) моральдық сапасына, жеке қаржылық және жанұялық жағдайына, оның басқаратын құрылымы мен банк арасындағы қарым-қатынастар нәтижесіне байланысты негізделеді.
Бақылау сұрақтары.
Заңды тұлғаның несиелік қабілетін бағалау
Қарыз алушының мінездемесі
Қарыз алушының капиталы
Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау көрсеткіштерінiң сипаты
Глоссарий
12 апта 3 балл
1. Қарыз алушының несиелік қабілеті
2. Банк балансы
3. Қарыз алушының мінездемесі
4. Қарыз алушының капиталы
5. Несиенің қамтамасыз етілуі
6. Несиелік қабілет
7. Тәуекелдер
8. Заңды тұлғаның несиелік қабілеті
20-тақырып. Жеке тұлғаның несиелерi мен төлем қабілеті
Жоспар:
1.Жеке тұлғаларға берілетін несиелер
2.Жеке тұлғаның төлем қабілеті.
Теориялық мәліметтер
Негiзiнен несиелiк операциялар белгілі бір заңға сәйкес және стандартқа сәйкес жүргізілуді қажет етеді. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар несиелiк операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке және пруденциялдық нормативтерге байланысты сәйкес жүргізіп отырады. Кәсіпорындар мен тұрғындарды несиелеу банк қызметінің дәстүрлі түріне жатады. Сол себепті банкті несиелендіру кәсіпорыны деп атайды. Банк активінің біршама бөлігі бұрынғы кездегідей несиелік операцияларға орналастырылған. Қазақстанның екінші деңгейдегі банктерінің орналастырылған қаражаттары 2004 жылы әрбір банктеріне әр түрлі несиеге шамамен 72% келді Сондықтан табыстың 85%-ы ұсынылған қарыздарды төлеу түрінде алынған. Банк бір мезгілде ресурс алғандықтан, өздеріде қарыз алады. Коммерциялық банктердің шығындар құрылымын 80%-ға жуық салымдар мен депозиттер бойынша несиенің пайыз төлеу шығындары құрайды. [10, 296-бет]
Қарыз алушыларға ұсынылған банктің қарыздары көп түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады.
Кредиторлар бойынша:
- орталықтандырылған, бюджеттік, банктік, банктікемес қаржылық ұйымдар, коммерциялық, сыртқы:
Қарыз алушылар бойынша:
- қаржылық институттарға,үкіметке (Қаржы министірлігі),бюджеттен тыс қорларға, банктерге, банктік емес қаржылық ұйымдарға несиелер:
- экономиканың салалары бойынша барлық меншік түрлері, ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке және т.б
- жеке кәсіпкерле (заңды тұлға емес қызметті іске асыру):
Банктік несиені қолдану (пайдалану) мерзіміне байланысты мынадай түрлерін ажыратуға долады:
- қысқа мерзімді
- ұзақ мерзімді
Ұсынылған шарт бойынша: авальді, акцепті, акцепті – трамбусты, аукционды, валюталық, ипотекалық несиелер, консорциялды, дебетті сальдоны жабу несиесі, лизингті, ломбардты, жеңілдікті, анкольді тұтыну несиесі, револьверлі, резервті, маусымдық несие, факторинг, форфойтинг.
Қолдану сипаты мен бағыты бойынша: негізгі қорларға несиелер, айналым капиталына несиелер:
Қамтамасыз ету түрлері және қолда болу бойынша:
- қамтамасыз етілген: бланкті (сенімді).
Ұсынылған валюта бойынша: шетел валютасымен, теңгемен.
Қазіргі кезде екінші деңгейдегі банктердің жеке тұлғаларға беретін несиелеріне тұтыну және ипотекалық несиелер жатады.
Тұтыну несиесінің мынадай түрлері қолданылуда:
-
автомобилдік несие;
-
ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарлар сатып алуға берілетін несие;
-
тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына берілетін несие;
-
кейінге қалдырмайтын қажеттіліктерге (оқу, емделу, демалу және т.с.) берілетін несие.
Мұнда автомобильдік несие бойынша жаңа және жүргілген автомобильдерді банк несиесі көмегімен алуға болады.
Ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарларға мыналар жатады:
-
жиһаз;
-
сантехника;
-
аудио – видео – және тұрмыстық техникалар;
-
компьютер және оргтехника;
-
басқа да тұтыну тауарлары.
Тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына; үйдің ішішнде және сыртында құрылыс және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізу жатады.
Мысалға, Қазақстан Республикасындағы жетекші банк Казкомерцбанктің тұтыну несиесін беру шартын 21-кестеден көруге болады.
№
|
Несиелеу шарттары
|
Тұтыну несиенің түрлері
|
Автомобиль несиесі
|
Ұзақ мерзімді тауарлар сатып алу несиесі
|
Жаңа
|
Ескі (пайдаланылған)
|
1
|
Несие мөлшері
|
Автомобиль құнының 80% дейін
|
Автомобильді бағалау құнының 80% -на дейін
|
10 000 АҚШ долларына дейін (немесе эквивалент)
500000 АҚШ долларына дейін (егер қамтамасыз ету заты – жылжымайтын мүлік болса)
|
2
|
Бастапқы жарна
|
Автомобиль құнынан 20%
|
- 3 жылға дейін жүрген шетел көлігін сатып алуда 20%
- 3 жылдан 5 жылға дейін жүрілген шетел көлігін сатып алуда 30%
- 5 жылдан 10 жылға дейін жүрілген шетел көлігін сатып алуда 50%
- 3 жылға дейін жүрілгн ТМД елдерінің автокөлігін сатып алуда –30%
- 3 жылдан 5 жылға дейін жүрілген ТМД елдерінің автокөлігін сатып алуда - 50%
|
20%
|
3
|
Несие мерзімі
|
-шетелдік автокөлік үшін 5 жылға дейін
- ТМД елдерінің автокөлігі үшін 3 жылға дейін
|
3 жылға дейін
|
2 жылға дейін
|
4
|
Несие валютасы
|
АҚШ доллары немесе теңге
|
АҚШ доллары немесе теңге
|
АҚШ доллары немесе теңге
|
5
|
Несие үшін төлем
|
Айына; 1,5% (АҚШ долларында) және 1,7% (теңгеде)
|
Айына: 1,5% (АҚШ долларында) және 1,7% (теңгеде)
|
Айына: 1,5% (АҚШ долларында) және 1,7%
( теңгеде)
|
6
|
Қамтамасыз ету түрі
|
Сатып алатын автомобиль
|
Егер шетел автокөлігінің жүрілген уақыты 10 жылдан ТМД-кі 5 жылдан аспаса, сол автомобильді
|
Сатып алатын тауар немесе тұрғын үй
|
Сонымен қатар жоғарыдағы банктен тұтыну несиесін алуға қажетті құжаттар тізімі мынадай:
-
қарыз алушының анкетасы
-
жеке куәлігі (көшірмесі)
-
СТТН (көшірмесі)
-
соңғы 12 айға бөлініп көрсетілген жалақы және басқа табыстары туралы жұмыстан берілетін анықтама.
-
Жұмыс стажы туралы жұмыс орынан анықтама.
-
жнаұя құрамы туралы анықтама (№3 форма).
-
некеге тұрғандығын растайтын құжаттар (неке туралы куәлік, жұбайыңыздың жеке куәлігі).
-
кепілге қоятын мүліктің құжаттары.
Келесі бір дамып отырған несиеге - ипотекалық несиені жатқызуға болады. Казкоммерцбанкте ипотекалық несие беру шарттары мынадай:
-
несие мөлшері: жалжымайтын мүліктің бағалау құнының 85% дейін.
-
Бастапқы жарна: жылжымайтын мүліктің бағалау құнынан 15% дейін.
-
Несие үшін төлем: айына 1,3% (АҚШ долл), 1,7% ( теңгеде).
-
Несие валютасы: АҚШ долл. Немесе теңгеде (егер 1 жылдан аспаса).
-
Несие мерзімі: 10 жылға дейін
-
Қамтамасыз ету түрі: пайдаланатын немесе сатып алатын тұрғын үй.
Жеке тұлғаның төлем қабілеттігін анықтау техникасы әр банкте әр түрлі қалыптасқан. Яғни қысқаша айтқанда барлғына бірдей ортақ әдістеме жоқ.
Бақылау сұрақтары.
Тұтыну несиесін алуға қажетті құжаттар
Жеке тұлғаларға берілетін несиелер
Жеке тұлғаның төлем қабілеті
Студенттердің үй тапсырмалары.
Жеке тұлғаларға берілетін несиенiң әлеуметтiк маңызы
Несиелік қабілетті бағалаудағы шетел
тәжірибесінiң қажеттiгi
Жазбаша бақылау
13 апта 3 балл
-
Шетелдердегі клиенттердің несиелік қабілеті
-
Несиелеу барысында банктің зиян шегуіне әкелетін факторлар
-
Несиелерді тәуекел кластарына жіктеу
-
Несиелік тәуекелдерді төмендетудің тәсілдері
-
Шетел банктерінің тәжірибесінде қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау әдістері
-
Американдық алты си ережесі
-
Қарыз алушының қаржылық жағдайы
-
Несиелік тәуекелді басқару әдістері
Несиелік қабілетті бағалаудағы шетел
тәжірибесінiң қажеттiгi
Реферат
13 апта 3 балл
№
|
Тапсырма алған студенттің аты жөні
|
Тақырып атаулары
|
Орындалу мерзімі
|
Жұмыстың бағалануы
|
1
|
|
Банктің несиелік саясаты және несиелік механизм
|
|
|
2
|
|
Несиелік механизмнің экономикадағы ролi
|
|
|
3
|
|
Несиелеу механизмі және несиелік процесс
|
|
|
4
|
|
Несиелік қабілетті бағалаудағы шетел тәжірибесі
|
|
|
5
|
|
Несиелеуді ұйымдастыру принциптері
|
|
|
6
|
|
Несиелік тәуекелдерді басқару
|
|
|
7
|
|
Заңды тұлғаларға несие берудi ұйымдастыру
|
|
|
8
|
|
Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау көрсеткіштері
|
|
|
21-тақырып. Банктегі лизинг
Жоспар:
1. Лизинг операциясы
2.Лизинг мәмілелердің түрлері
Теориялық мәліметтер
Лизинг - бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМғ ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.
Тарихта лизингке ұқсас операцияның б.э.2000 жылдай бұрын ертедегі Вавильонда жасалғандығы белгілі болғанмен, шетелдік зерттеушілер лизинг операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы «Белл Телефон Компани» деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына жалға бергендігін тілге тиек етеді. «Юнайтед Стейтс лизинг корп» атты алғашқы лизингтік компания 1952 жылы Сан –Францискода (АҚШ) құрылған. Еуропада 1962 жылы «Дойче лизинг ГМБХ» деген бірінші лизингтік компания Дюссельдорфта (Германия) пайда болыпты. 1972 жылдан беру еуропа лизинг нарығы дамып келеді.
Лизинг сөзі «to lease» ағылшын етістігінен аударғанда «жалға беру» дегенді білдіреді. Лизингтің жалға беруден (аренда) айырмашылығы жалға беруде екі тарап қатысса; жалға беруші және алушы болса, ал, лизингте үш қатысушысы; лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.
Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.
-
Шұғыл лизинг - бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.
-
Қаржы лизингі бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде толық амортизациялық құнын төлеп шығумен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.
Осы лизингтердің отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар:
Ішкі лизинг бұл, оның қатысушыларының бір елден болып келуімен сипатталады.
Халықаралық лизинг бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.
Сыртқы лизинг экспорттық және мипорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизингте шетел лизинг беруші болып табылады.
Лизинг операцияларының техникасы келесі беттегі 11-12 суреттерде әр түрлі сызба түрінде берілген.
Кейде лизингтік компанияның лизинг операцияларын жүзеге асыру үшін қаражаты жетпей қалатын жағдай да болуы мүмкін, онда ол ссуда алады. Мұндай операцияны қосымша қаражат тартатын лизингтік операция деп атайды.
-
Құрал – жабдыққа тапсырыс беру;
-
Құрал жабдық үшін төлем;
-
Құрал жабдықты жеткізу;
-
Лизингтік төлемдер.
Тәжірибе көрсеткендей, лизинг бойынша жасалатын мәмілерлердің 85%-ға жуығы қаражат тарту лизингі операцияларының үлесіне тиеді. Лизингке беруші лизингке беретін активтер құнының 80%- дай мөлшерінде бір немесе бірнеше несие берушілерден ұзақ мерзімді несие алады. Мұнда лизингтік төлемдер мен құрал жабдықтың өзі ссуданы қамтамасыз ету құралы болып табылады.
Бақылау сұрақтары.
Лизинг туралы түсiнiк және оның экономикалық мазмұны
Лизинг операцияларының элементтерi
Лизинг операциясы
Лизинг мәмілелердің түрлері
Студенттердің үй тапсырмалары.
Қосымша қаражат тартатын лизингтік операция
Қаржылық операциядағы факторингтiң ролi
Глоссарий
14 апта 2 балл
-
Факторинг
-
Делдалдық қызмет
-
Қаржылық операция
-
Факторингтің мақсаты
-
Делдалдық операция
-
Факторингтік компания
-
Клиент
-
Кәсіпорын
-
Фактоингтік операциялар
10.Халықаралық факторинг
Қаржылық операциядағы факторингтiң ролi
Тест
14 апта 2 балл
1. Туынды бағалы қағазға қайсысы жатады:
А) акция;
В) облигация;
С) вексель;
D) опцион;
Е) чек.
2. Жер және жылжымайтын мүлікті кепілге ала отырып ұзақ мерзімде қаражаттарды тарту және орналастыру бойынша несиелік операцияларды жүзеге асыратын банктер:
А) ипотекалық;
В) инвестициялық;
С) эмиссиондық;
D) орталық банк;
Е) трасталық банк.
3. Ұзақ мерзімге ақша қаражаттарын шоғырландыруға маманданған банк:
А) ипотекалық;
В) инвестициялық;
С) эмиссиондық;
C) жинақ банктері;
Е) клирингтік банк.
4. Валюталық нарық-бұл:
А) әр түрлі валюталар айырбастау процессі жүзеге асырылатын арнайы орталық;
В) арнайы орталқтың айналмындағ валюталардың сату-сатып алу жүргізілуі;
С) сұраныс пен ұсыныс негізінде арнайы орталықта валюталарды сату-сатып алу ерекше процессі жүргізілетін жер;
D) бағалы қағаздарды сату-сатып алу жүргізілетін арнайы орталығы;
Е) айырбас жүзеге асырылатын арнайы орын.
5. Кәсіпорындар мен ұйымдардың алдындағы қарыздарын өтейтін мемлекеттің бағалы қағазы қалай аталады:
А) акция;
В) қазынашылық міндеттеме;
С) коммерциялық қамтамасыз ету;
D) вексель;
Е) жинақ облигациялары.
6. Белгілі бір соманы алдын-ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы боршқордың қарыздық міндеттемесі:
А) акция;
В) қазынашылық міндеттеме;
С) вексель;
D) коммерциялық қамтамасыз ету;
Е) жинақ облигациялары.
7. Аваль-бұл:
А) вексельдің келесі бетіне аударып жазу;
В) вексельдік кепілші;
С) вексельдің қосымша беті;
D) номинал;
Е) түбіртек қағаз.
8. Қаржы тәуекелдерінің түрлерін атаңыз:
А) несиелік, валюталық, пайыздық, депозиттік, инвестициялық;
В) елдік, валюталық, шұғыл, ішінара, бәсең, тура;
С) операциялық, кездейсоқ,бәсең, тура;
D) бос, бос емес, ішкі, жиі;
Е) несиелік, ішкі, сыртқы, бос емес.
9. Банктік тәуекелге не жатпайды:
А) өтімділік;
В) салалық;
С) несиелік;
D) пайыздық;
Е) валюталық.
10. Валюталық операциялардың қандай түрлерін білесіз:
А) ағымдық және капитал қозғалысымен байланысты;
В) валюталарды диверсификациялау;
С) валюталарды аудару;
D) валюталық реттеу;
Е) аудармалы және мерзімді.
11. Өзінде көрсетілген қажетті құқықтарын пайдалану үшін арнайы үлгіде толтырылған қаржылық құжат қалай аталады:
А) бағалы қағаздар;
В) шоттар;
С) шоттар жоспары;
D) депозит;
Е) сенім хат.
12. Төмендегі бағалы қағаздардың қайсысының тәуекелі жоғары
А) мемлекеттік бағалы қағаздар;
В) муниципалды бағалы қағаздар;
С) венчурлік бағалы қағаздар;
D) корпоративтік бағалы қағаздар;
Е) халқаралық бағалы қағаздар.
13. Траст дегеніміз не:
А) сенім;
В) сенімсіздік;
С) жол беру;
D) жол бермеу;
Е) оқиға.
14. Мемлекетік бағалы қағаз-бұл:
А) қазынашылық вексельдер, қазынашылық бондар, қазынашылық міндеттемелер;
В) коммерциялық вексельдер, чектер, облигациялар;
С) акциялар және вексельдер;
D) тек қана ноталар;
Е) тек қана қазынашылық бондар
15. Листинг- бұл:
А) бағалы қағаздарды шығару;
В) эмиссия проспектісін дайындау;
С) биржалық тізімге эмитенттерді енгізу;
D) бағалы қағаздардың сапасын дәйектеу;
Е) барлық жауап дұрыс;
16. Котировка процедурасы ( әр валюта бойынша ұсыныс және сұранысты қатар қою арқылы банкаралық курсты тіркеу және анықтау) дегеніміз:
А) валюталық паритет;
В) спред;
С) фиксинг;
D) техникалық талдау;
Е) валюталық интервенция.
17. Қаржылық лизингтің негізгі белгілері:
А) лизингілік төлемдер құрал-жабдық амортизациясының біршама бөлігінің орнын толтырады, құрал-жабдықты жеткізуші міндетті түрде қатысады, лизинг объектісін сатып алудың құқығы беріледі, лизинг мерзімі құрал-жабдықтың қызмет ету мерзімімен бірдей;
Б) лизингілік төлемдер құрал-жабдық амортизациясының аз ғана бөлігін өтей алады, құрал-жабдықты жеткізуші міндетті тұрде қатысады, лизинг объектісін сатып алудың құқығы беріледі, лизинг мерзімі құрал-жабдықтың қызмет ету мерзімімен бірдей;
В) лизингілік төлемдер құрал-жабдық амортизациясының елеулі бөлігін өтейді, құрал-жабдықты жеткізуші міндетті тұрде қатысады, лизинг объектісін сатып алудың құқығы беріледі, лизинг мерзімі құрал-жабдықтың қызмет ету мерзімінен айтарлықтай аз болады;
Г) лизингілік төлемдер құрал-жабдық амортизациясының елеулі бөлігін өтейді, лизинг объектісін сатып алудың құқығы беріледі, лизинг мерзімі құрал-жабдықтың қызмет ету мерзімімен бірдей;
18. Лизингілік проценттің құрамына мыналардың қайсысы қосылады?
А) ресурстар үшін төлем, лизингілік маржа, тәуекелдік сыйлықақысы (рисковая премия);
Б) лизингілік маржа, амортизация, тәуекелдік сыйлықақысы;
В) инфляция индексі, лизингілік маржа, тәуекелдік сыйлық ақысы;
Г) ресурстар үшін төлем, лизингілік маржа, инфляция индексі;
19. Ішкі факторинг мыналардың қайсысын білдіреді?
А) мәмілеге қатысушы барлық тараптардың әр түрлі елдерде жүргендігін;
Б) фактордың, қосалқы фактордың және жеткізушінің бір елдің территориясында ғана жүргендігін;
В) жеткізушінің, борышқордың және фактордың бір елдің территориясында ғана жүргендігін;
Г) жеткізуші мен фактордың бір елде, ал борышқордың басқа елде жүргендігін.
20. Лизингтік несие деген не?
А) құрал- жабдықтарды және техниканы жалға алумен берілетін несие
Б) ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердің өзара қосылп беретін несиелері
В) шикізатты ішке алып кіру және жартылай фабрикаттар және дайын өнімдерді сыртқа шығарутәжірибесінде пайдаланатын несие
Г) жаңа өндіріс орнын ашуға, өндірісті қайта құруға және кеңейтуге арналған несие.
Эмитентпен бекітілген келісімшарттың негізінде жаңадан шығарылған құнды қағаздарды орналастыру бойынша мақсатты бағыты бар қызмет қалай аталады?
А) андеррайтинг;
Б) эмиссиялық;
В) брокерлік;
Г) дилерлік;
21. Екі бөліктен тұратын (бір бөлігінде тараптардың біреуі сатып алу міндеттемесі мен құнды қағаздарды сатады), құнды қағаздармен қамтамасыз етілген қысқа мерзімді қарызды беру жөніндегі мәміленің екінші бөлігі қалай
аталады?
А) репо;
Б) факторинг;
В) дисконттау;
Г) конверсия.
22. Банк ақшасын құнды қағаздарға салу, нарықтық құны банкке табыс әкеле алатын кәсіпорынның жарғылық қоры қандай қызмет түрі ретінде алға шығады?
А) инвестициялық;
Б) эмиссиялық;
В) кастодиандық;
Г) брокерлік;
23. ССуданың мақсатсыз пайдаланылғаны анықталған жағдайда банк:
А) қарыз алушының банктегі шотына тыйым салынады,
Б)ссуданы процент мөлшерлемесін арттырумен өндіріп алады,одан ары несиелеуді кемітеді немесе тоқтатады;
С)қамтамасыз ету сомасымен арттырады;
Д)несиелік келісімшартқа бір жақты тәртіпте өзгеріс енгізеді;
24. Қайсысы банктiң активтi операциясына жатады:
А) депозиттердi тарту;
Б) несие беру;
В) бағалы қағаздарды инвестициялау;
Г) факторинг;
25. Банктiк операцияларды жүргiзуге қандай құзырлы мекеме рұқсат бередi:
А) Ұлттық банк;
Б) әдiлет минстрлiгi;
В) қаржы минстрлiгi;
Г) коммерциялық банктер;
22-тақырып. Форфейтинг операциясындағы форфейтинг мәмілесi
Жоспар:
Форфейтинг сөзі
Форфейтинг мәмілесі
Теориялық мәліметтер
Форфейтинг сөзі француз тілінде «a forfait» аударғанда «құқықтан бас тарту» дегенді білдіреді. Форфейтинг- тауарларды жабдықтау немесе қызметтерді көрсету барысында пайда болатын және алдағы уақыттарда өтелуге тиісті міндеттемелерді сатып алуды білідіру үшін пайдаланылатын термин. Форфейтинг - қызметі халықаралық сауданы орта мерзімде қаржыландырудың балама тәсілдеріне жатады.
Форфейтинг - бұл форфейтордың, яғни коммерциялық банктің немесе арнайы компанияның экспортерға импортердің төлеуге тиісті төлем талабына сатып алуы.
Форфейтинг пен факторинг операциялары өзара ұқсас болып келеді. Бірақ форфейтингтің факторингтен айырмашылығы – форфорейтинг сатқан тауарлар мен қызметтерге деген құқықтарды қайта сату арқылы ақшалай қаражаттарды қарызға алумен байланысты бір рет жасалатын операцияны білдіреді. Сондай –ақ экспортердің форфейтингтік қызметі орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді несиелеумен байланысты болса, ал факторингте несие беру мерзімі небары алты айды құрайды.
Форфейтинг мәмілесі бойынша, алдымен экспортер өзінің тауарын несиеге алушыны – импортерды іздейді. Ал импортер болса, оған жай немесе аударма векселін, яғни қарыздық міндеттемесін жазып беруге тиіс. Егер вексель берушінің беделі немесе қаржылық жағдайы жақсы болса, онда вексельге кепіл беру талап етілмеуі мүмкін, дегенмен де импортер аудармалы векселі бойынша авальшыны (төлеуге кепіл беруші тұлғаны) табады. Осы жерде басты мән берілетіні мыналар: банк несиесінің сомасы мен мерзімі, сатып алушының төлем қабілеттілігі, аваль берушінің қаржылық жағдайы.
Форфейтинг мәмілесінде үш қатысушы болады;
-
Экспортер, яғни тауарды орта мерзімді несиеге беруші;
-
Импортер, яғни тауарды несиеге алушы;
-
Форфейтор, яғни мәмілені қаржыландырушы банк немесе ұйым.
Форфейтинг мәмілесі бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде мәміле дайындалады. Бұл кезеңде экспортер, экспортер банкі немесе импортер мәмілені бастаушылар болады. Экспортер үшін кепілдемеге қатысты форфейтордың талабын білу маңызды. Сонымен бірге, осы кезеңде болатын мәміле туралы ақпараттар жинастырады. Содан кейін барып, форфейтор-банк несиелік талдау жүргізіледі. Келесі кезеңде экспортер вексельді алады және оған авальдың берілуін, яғни үшінші бір тұлғаның кепіл беруін талап етеді.
-
Мәмілеге қатысушылар арасында келісім-шарт жасалады;
-
Тауарын несиеге береді;
-
Аудармалы вексельді (5-7жылға) жазып береді;
-
Аудармалы вексельді қайта сатады;
-
Аудармалы вексельді есепке алып, оның 70%-дай мөлшерінде банк ссуда береді;
-
Мерзімі жеткенде төлеуге ұсынылады;
-
Вексель бойынша міндеттемесін өтейді.
Форфейтинг механизмін мынадай екі мәміле түрінде пайдаланады;
-
қаржы мәмілесінде – орта мерзімді қаржы міндеттемесін тез арада іске асыру мақсатында.
-
Экспорттық мәміле бойынша - шетелдік сатып алушыға несиеге тауар бергені үшін экспортерға қолма-қол ақшада түсім түсуге ықпал ету мақсатында.
Форфейтинг мәмілесінің мерзімі 180 күннен 5 жылға дейінгі аралықты құрайды, кей жағдайларда - 7 жыл.
Экспортер үшін форфейтингтің мынадай артықшылықтары бар:
-
Векселін форфейтор – банк сатып алғаннан кейін, экспортер валюта бойынша тәуекелге бармайды, яғни бұл тәуекелді банктің өзі кешеді;
-
Уақытын кешіктіріп төлеуге берген операцияның қолма қол ақшамен жасалатын операцияға айналуына орай, экспортердің өтімділігі тез арада жақсарады, яғни экспортер тауарын жөнелткеннен кейін бірден банктен қаражат алады.
-
Пайыз мөлшерлемесіне байланысты да тәуекел болмайды, себебі форфейтингтік қаржыландыру тұрақты пайыз мөлшерлемесі негізінде жүзеге асырылады:
-
Құжаттаудың қарапайымдылығы және оны рәсімдеудің жылдамдығы;
Бақылау сұрақтары.
Форфейтинг және оның пайда болуы
Форфейтинг операцяларының түрлерi және оларға байланысты несиелiк тәуекелдер
Форфейтинг сөзі
Форфейтинг мәмілесі
Студенттердің үй тапсырмалары.
Форфейтинг мәмілесінің мерзімі
Достарыңызбен бөлісу: |