Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау; оқытушының кеңесін негізге ала отырып, өз бетінше дайындалу


ҚР ҰБ басқармасы қанша адамнан тұрады



бет9/10
Дата25.02.2016
өлшемі1.33 Mb.
#21450
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

9. ҚР ҰБ басқармасы қанша адамнан тұрады:

А) 5;


В) 7;

С) 6;


D) 9;

Е) дұрыс жауап жоқ.

10. Дүниежүзілік тәжірибеде орталықбанктердің ұйымдастырылу құқықтық формасы:

А) 100% мемлекеттің қатысуымен;

В) 50% қатысуымен;

С) жауапкешілігі шектеулі серіктестік;

D) тікелей және жанама формасында;

Е) дұрыс жауап жоқ.

11. ҚР қаржы қадағалау Агенттігі қашан құрылды:

А) 1999ж.;

В) 1998ж.;

С) 2001ж.;

D) 2003ж.;

Е) 2004ж.

12. ҚР Қадағалау Агенттігінің реттеу объектісі қай нарық:

А) тауарлы;

В) ұлттық;

С) қаржы;

D) халықаралық;

Е) биржалық.



13. Қашан ҚР Ұлттық банкi эмиссионды банк болған:

А) 1990;


В) 1995;

С) 1993;


D) 1988;

Е) 1998.


14. Ұлттық Банктің екінші деңгейлі банктерге беретін несиелері:

А) автомобильдік несие;

В) комммерциялық несие;

С) овернайт;

D) овердрафт;

Е) бланктік несие.

15. ҚР Ұлттық банкі –бұл:

А) ұйымдастырушы банк;

В) коммерциялық банк;

С) банктердің банкісі;

D) тәуелсіз банк;

Е) барлық жауап дұрыс.

16. Дүниежүзілік тәжірибеде орталық банктердің ұйымдастырылу құқықтық формасы:

А) 100% мемлекеттің қатысуымен;

В) 50% қатысуымен;

С) жауапкешілігі шектеулі серіктестік;

D) тікелей және жанама формасында;

Е) дұрыс жауап жоқ.

17. ҚР-да мемлекеттік бағалы қағаздарды кім шығарады:

А) Орталық банк;

В) коммерциялық банк;

С) мемлекет;

D) Қаржы Министрлігі;

Е) дұрыс жауап жоқ.

18. Банк операцияларын қандай топтарға бөлуге болады:

А) әмбебап және әмбебап емес;

В) қаржылық және несиелік;

С) активтік және пассивтік;

D) төлемдік және салықтық;

Е) барлық жауап дұрыс.

19. Ұлттық Банктің екінші деңгейлі банктерге беретін несиелері:

А) автомобильдік несие;

В) комммерциялық несие;

С) овернайт;

D) овердрафт;

Е) бланктік несие.


16-тақырып. Коммерциялық банктер

Жоспар:


Коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде

Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы

Теориялық мәліметтер

Коммерциялық банктер бір жағынан шаруашылық субьектілердің уақытынша бос ақшалай қаражаттардағы болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындармен ұйымдардың әртүрлі қажеттердің қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстар жинақталады.

Несие жүйесінің негізгі буыны – банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекетпен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мектептер мен ауруханалардың, институттар мен балабақшалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып оларды іс-жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан операциялар жүргізіледі.

Банк деген ұғым не, ол қалай пайда болды деген сұраққа жауап іздестірсек: “Банк” деген ұғым италиян сөзі “bank” – орындық, “айырбас” орындығы айырбас орны” дегенді білдіреді. Тарихта банктің ең жай қызметі, мысалы, тұқым сатып алуға ақшаны несиеге алған жағдайда жаңа эраға дейінгі VIII – V ғ.ғ. Вавилонда кездескен. Сол сияқты ақшаны несиеге альп ертедегі Египетте, Грекцияда, римде зәулім ғимараттар салынған.

К. Маркс банктердің пайда болуы туралы былай деген: “Кәсіпкерліктің ерекше саласы пайда болды, себебі ол ерекше сала ретінде барлық топтардың ақша механизмін қамтамасыз етеді, ол шоғырланып, Ірі масштабта жүргізілді”... (40;348).

Сонымен қатар банктер “Несие ісінің екінші жағы - өсім әкелетін капиталды да” басқарады (40;442) . Өйткені банктер фирмалар мен үкімет мекемелерінің және халықтың жинағы мен табыстары сияқты уақытша бос ақша қаражатын өзінде шоғырландырып және оны несиеге беру арқылы несие үшін ақы Альп, табыс алады. Банктер іріленген сайын тұтас несие беруші ретінде капиталистік кәсіпкерліктің дербес саласына айналды.

Қазақстанда екінші деңгейлі банктер төмендегідей екі ұйымдық формаларда құрыла алады:


  1. акционерлік банк формасында;

  2. пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында.

Пай қосу арқылы құрылған банктің жарғылық капиталы құрылтайшылық құжатта мөлшері анықталған пайшыларының жарнасынан құралып, олар қосқан жарналары көлемінде жауапты болып саналады. Мұндай банктердің жарғылық капиталын ұлғайту , тек қана пай қосушылардың қосымша қосқан жарналары және пай қосушылардың санының өсуі есебінен жүзеге асырылады. Алайда, акционерлік банктер өздерінің жарғылық капиталын ұлғайту үшін қосымша акцияларын эмиссиялайды, сол сияқты бұрынғы шығарылған акцияларының бағасын өсіреді

Банк – осы Заңға сәйкес банк қызметін жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.

Банктің ресми мәртебесі заңды тұлғаны әділет органдарында банк ретінде мемлекеттік тіркеумен және банк операцияларын жүргізуге қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы болуымен белгіленеді.

Банкінің ресми мәртебесі жоқ бірде-бір заңды тұлға «банк» деп атала алмайды немесе өзін банк қызметімен айналысушы ретінде сипаттай алмайды.

Банк басқармасы тұрған жер банк тұрған жер деп танылады.
17-тақырып. Коммерциялық банктердің операциялары

Жоспар:


1. Коммерциялық банктердің қызметтері

2.Коммерциялық банктердің операциялары мен типтері.



Теориялық мәліметтер

Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және комерциялық негізінде кең көлем қаржылық қызмет жасайтын дербес банктер мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық,кооператив тік және жеке банк тер, банк тік заңдылықтарда комерциялық банк тер деген жалпы ат пен біріктіріледі.

Коммерциялық банк тер” термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде,банктердің сауда,тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болады.

Бүгінгі коммерциялық банк тер өз клиенттеріне 200-ге жуық ір алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып,қолайсыз жағдайға өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізуде.

Бір операцияларын болған зиян,екінші бір операцияларынан түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері несие жүйесінің негізгі операцияларының буыны болып қалуы кездейсоқ емес. Олар өзгермелі ақша-несие нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады.

Банк тік несие-ең қолайлы және капитал жағдайына орны ауыстырмайтын қаржылық қызметтердің формасы ретінде,ол нақты қарыз алушылардың қажеттілігіне ескереді және олардың қарыз алу жағдайына көндіруіне мүмкіндік береді.

Комерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және ерекше бір қабілетті,ал ақшаны жасауы мен жоюында болып отыр.


  1. Банктер қызметінің мәні оларды басқа орындардан ажырататын функционалдарды орындауға көрініс табады.

Банк қызметін- банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сапаттауға болады. Кез-келген банк өнімдерінің негізгі қандай да бір қажетіліктерді қанағаттандырудың қажеттігі жатады.

Коммерциялық банктер негізіне өз клиенттерінің шаруашылық қызметіне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.

“ҚР-ғы банктер және банктік қызметтер туралы”заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:


    • ақылы негізінде депозиттерді тарату;

    • клиенттермен банк-корреспонденттерінің шоттарын жүргізуі және оларға кассалық қызмет көрсету;

    • қайтарымдылық мерзімдік және төлемдік шоттармен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру.

    • Инвестициялық қаражаттар иелерінің немесе иемденушінің тапсырмалары бойынша капиталдың жұмсалымдарды қаржыдандыру;

    • Заңды көрсететін тәртіппен өзі бағалы қағаз шығару ;

    • Клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарды сақтандыру бойынша қызметтер;

    • Клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды бағалы қағаз басқару;

    • Лизингтік операцияларды жүзеге асыру.

Екінші деңгейдегі банк тер жүйесінің одан әрі даму мен өзгерістері. 1998 жылдың соңында Қазақстанның барлық жүйесінің деңгейі-ломбардтық, несиелік бірлестіктер, лизингтік, факторинг тік фирмалар, клиринтік фирмалар, т.б. түрлерінде көрініс табатын банк тік емес қаржы мекемелердің жүйесімен толықтырылады және екінші деңгейдегі банктерден тұратын болады.

Екінші деңгейдегі банк тер капиталдандырудың деңгейіне жетуі тиіс және корпоративні бағалы қағаз күрделі қаржы жұмсау тек олар бойынша биллерлік операциялардан, басқа банк қызметінің барлық түрлері жүзеге асырылатын болады.

Коммерциялық банк тер жүйесімен қатар, өздерінің белгілеген өзіндік қызметтері бар бірқатар мемлекеттік банк тер пайда болады және олардың қызметін реттейтін арнайы нормативті база құрылады.

Қазіргі кезде мемлекеттік мамандандырылған банк терге: Экспортты-импорттық банк, Тұрғын үй-құрылыс банкі және Сауықтыру банкі жатады.

Ондай банктердің қатарында Халықтық жинақ банкі де жатады, әзірше ол халыққа қызмет көрсетуге мамандандырылып, мемлекеттің бақылауында болады. 1998 жылдан бері, оның қосымшаларымен акционерлеу басталды.

Үкіметтің құрылымдық-инвестициялық саясатын жүзеге асару үшін коректі ішкі қаржылық ресурттар кірісінің көзімен қызмет етуінің тиімділігін көтеру мақсатында, Қазақстан Республикасының Үкіметі Эксимбанкті акционерлеу жатады және алдыңғы қатардағы шетел банктері мен халықаралық Қаржы министрлігі кепі болатын, оның облигациясын эмиссиялау туралы шешім қабылдады.



Акционерлік қоғамдар

Тест

11 апта 2 балл

1. “Акционерлік қоғам туралы” заңға сәйкес енді қандай қоғамдар бар:

А) тек қана акционерлік;

В) тек қана ашық;

С) тек қана жабық;

D) ешқандай;

Е) барлық жауап дұрыс.



2. Тарихта ең алғашқы бағалы қағаздармен сауда қай жерде болған:

А) Токио биржасында;

В) Пекин биржасында;

С) Лондон биржасында;

D) Амстердам биржасында;

Е) барлық жауап дұрыс



3. Акцияның баланстық бағасы-бұл баға:

А) акцияның алғашқы нарықта сатылу бағасы;

В) қаржылық есеп құжаттары негізінде анықталатын баға;

С) сатылатын мүліктің өз бағасы;

D) биржадағы котировка;

Е) номиналмен анықталған баға.



4. Листинг- бұл:

А) бағалы қағаздарды шығару;

В) эмиссия проспектісін дайындау;

С) биржалық тізімге эмитенттерді енгізу;

D) бағалы қағаздардың сапасын дәйектеу;

Е) барлық жауап дұрыс;



5. Дивиденд деген не:

А) акционерге төленетін пайданың бір бөлігі;

В) облигациядан түсетін пайда;

С) пайданың бөлігі;

D) басқаруға құқық беру;

Е) барлық жауап дұрыс.

6. Акцияларды түрлері :

А) Табыс , облигатция;

Б) Жай, артықшылықты

В) Кредит, табыс,

Г) Жауап жоқ;

7. Аккредитивтер мынадай болады:

А) мерзімді және мерзімсіз;

В) тікелей және жанама;

+С) өтелген және өтелмеген;

D) мерзімді және мерзімді емес;

Е) тікелей және өтелген.

8. Облигация- бұл:

А) үлестік бағалы қағаз;

+В) мерзімді бағалы қағаз;

С) атаулы бағалы қағаз;

D) портфельдік бағалы қағаз;

Е) мерзімсіз бағалы қағаз.

9. Латынша ақша деген не:

А) рупи;

В) мани;


С) капитал;

D) пекуня;

Е) барлық жауап дұрыс.

10. Аваль-бұл:

А) вексельдің келесі бетіне аударып жазу;

В) вексельдік кепілші;

С) вексельдің қосымша беті;

D) номинал;

Е) түбіртек қағаз.

11. Қазақстан Республикасының бағалы қағазына не жатпайды:

А) Кепіл хаты;

В) облигация;

С) МЕОКАМ;

D) Акция;

Е) НСО.

11. “Акционерлік қоғам туралы” заңға сәйкес енді қандай қоғамдар бар:



А) тек қана акционерлік;

В) тек қана ашық;

С) тек қана жабық;

D) ешқандай;

Е) барлық жауап дұрыс.

12. Акцияның баланстық бағасы-бұл баға:

А) акцияның алғашқы нарықта сатылу бағасы;

В) қаржылық есеп құжаттары негізінде анықталатын баға;

С) сатылатын мүліктің өз бағасы;

D) биржадағы котировка;

Е) номиналмен анықталған баға.

13. Дивиденд деген не:

А) акционерге төленетін пайданың бір бөлігі;

В) облигациядан түсетін пайда;

С) пайданың бөлігі;

D) басқаруға құқық беру;

Е) барлық жауап дұрыс.

14. Дүниежүзілік тәжірибеде орталық банктердің ұйымдастырылу құқықтық формасы:

А) 100% мемлекеттің қатысуымен;

В) 50% қатысуымен;

С) жауапкешілігі шектеулі серіктестік;

D) тікелей және жанама формасында;

Е) дұрыс жауап жоқ.

15. Котировка процедурасы ( әр валюта бойынша ұсыныс және сұранысты қатар қою арқылы банкаралық курсты тіркеу және анықтау) дегеніміз:

А) валюталық паритет;

В) спред;

С) фиксинг;

D) техникалық талдау;

Е) валюталық интервенция.

16.Тратта

А) Вексельдің бір түрі;

Б) рестрикциондық ақша –несие саясаты;

В) Аудармалы вексель;

Г) Ақша.


17.Вексельдің түрі

А) мемлекеттің бағалы қағазы

Б) пайыздық ставканы түсіру есебі;

В) Жай ,аудармалы;

Г) Құнды,үлесті.

18. Акционерлiк қоғам акция түрi:

А) жай және аудармалы;

В) мерзiмдi және мерзiмсiз;

С) жай және ерекше;

D) ашық және жабық;

Е) купондық және дисконттық.

18-тақырып. Бағалы қағаздар

Жоспар:

Жалған капитал



Бағалы қағаздар қарыз міндетемесі

Теориялық мәліметтер

Кез-келген заңның мазмұны қоғамда орын алып және одан әрі дамып келе жатқан экономикалық құбылыстарға сай болуы шарт. Себебі құқықтық нормаларды шығару белгілі-бір экономикалық мүдделерге қызмет көрсетуге бағытталған. Қазақстан халық шаруашылығын дамытудың «кеңестік» үлгісінен экономиканың еркін өркендеуінің нарықтық үлгісіне өту кезі құқықтық негіздерді түбейгелі реформалану арқылы нарықтық қатынастарды дамытуға жол ашатын заң шығаруды қажет етті. Әлбетте бұндай реформа жүргізудің мақсаты – осы тұрғыда тіпті заң шығару емес, революцияға дейінгі Ресей империясыт мен Кеңес мемлекетінің жаңа эканомикалық саясат кезінде орын алған құқықтық институттарды қалпына келтіру және нарықтық үлгімен дамыған өркениетті мемлекеттердің (мыс. АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Жапония, және т.б.) тәжірбиесін үйреніп, оны мемлекетіміздің экономикасын реттеуге бейімдендіру.

Бағалы қағаздар нарығын құқықтық қамтамасыз ету деген мемлекеттік оргндардың бағалы қағаздар айналысы тиімді және мағыналы болуы үшін белгілі-бір жағдай жасайтын заңдар шығару.Сол заңдардың мемлекет мүддесі мен халық керегін қанағаттандырып, нарықтық қатынастарға бет алған қоғамның объективті экономикалық талаптарына сай келуі. Қазіргі кезде Қазақстанның заңдарына мемлекетіміздің егемендік алғаннан бірге шыққан заңдар, Президенттің жарлықтары және үкіметтің қаулылары, сонымен қатар Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының құқықтық актілері жатады. Бағалы қағаздар нарығын құқықтық ережелерімен қамтамасыз ету мәселесіне ақшалы қарыз міндеттемелерінің айналасы (яғни оларды сату және сатып алу) және белгілі бір ұйымдық құқықтық түрде құрылған шаруашылық субъектілерін басқару мен олардың меншігіне қатынасу құқығы кіреді. Бағалы қағаздар нарығында мүліктік құқық олар туралы шыққан заңдарда көрсетілген ерекше құжатпен расталады. Ол құжат бағалы қағаздар деп аталады. Бірақ олардың кейбір азаматтық – құқықтық қатынастармен расталғанымен бағалы қағаздар нарығына айналысқа түспейді. Мыс.; Қазақстан заңдары бекіткен – ипотекалық куәліктер, сол сияқты коносамент және тауарларды орналастыру құжаттары тауарлар нарығына айналысқан түседі. Ал бағалы қағаздар нарығы, алдыңғы тарауда айтып кеткеніміздей, қаржы нарығынан құрылатындықтан бұл жерде осы аталған екі нарықтың құқықтық қамтамасыз етілуі сөз болады.

2. 1996 жылдың аяқталу кезінде Қазақстан бағалы қағаздар нарығында өзара бәсекелесуші алғашқы құрылған – Орталық Азия және Қазақстан қор биржаларынан тендерде жеңуінің нәтижесінде қазірде нарыққа бір ғана – Қазақстан қор биржасы қызмет көрсетуде.

1997 жылдың 5 наурызында «Бағалы қағаздар нарығы туралы» және «Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар мен мәмілені тіркеу туралы» қабылданған екі заң негізінде қазіргі Қазақстан бағалы қағаздар нарығының базалық инфра құрылымы түгелінен құрылды. Қазақстан үкіметі осы заңдарға сүйене отырып, 1997 жылдың жазында бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің атқарудың және лицензиялауды реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің – брокерлік-дилерлік, кастодиандық, Орталық депозитарий, бағалы қағаздарды ұстаушылардың реестрін жүргізу бойынша пакетін бекітті.

1997 жылы жүргізілген тендердің нәтижесінде Ұлттық банк пен Қазақстан қор биржасының біріккен ұсынысы жеңіске жетіп, «Бағалы қағаздардың Орталық депозиттарийі» ЖАҚ құрылды. Ол Қазақстан қор биржасымен бірігіп қор нарығының техникалық инфрақұрылымының негізгі өзегі болып есептеледі. Орталық депозитарий бағалы қағаздар бойынша есеп айрысудың халықаралық стандарты болып саналатын – «Отыздар тобының» ұсынысымен құрылған.

Заң негізінде бағалы қағаздар нарығындағы қызметпен бірге басқа да кәсіпкершілікпен айналысуға тыйым салу және меншікті капиталының төменгі деңгейін бекітуге байланысты брокерлік-дирлерлік құрылымы да тәртіпке салынады. Егер 1997 жылдың бсында брокерлік-дилерлік ұйымдар саны 93 болса, ал 1 шілдеде ол 43-ке дейін азайды. Олардың ішінде банктік емес ұйымдар саны сәйкесінше 65 және 14 еді. Сондай-ақ осы жылы алғашқы кастодиан-банктер пайда болып, эмиссияланған бағалы қағаздарды тіркеуші-реестр қызметі құрылды. Егер жыл басында тек 4 тіркеуші болса, ал жыл соңында ол 34-ке жетті.Тіркеушілер санының бұндай жедел қарқымен өсуінің негізгі факторы қабылданған заңнамалық актілерге сәйкес акционерлерінің саны 500-ден асатын акционерлік қоғамдардың акциясын ұстаушылардың реестрін тек тәуелсіз тіркеушілер ғана жүргізуі керектігі себепші болады. Сөйтіп, 1997-1999 жж. Қазақстан реестр ұстаушыларының Ассоциациясы құрылғанша бағалы қағаздардың эмиссиясын тіркеуді екі мемлекеттік орган, атап айтқанда, Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комссия және өзінің территориялық басқармалары арқылы Әділет министрлігі жүзеге асырылды. Екі бірдей толық құқылы жүйені бағалы қағаздар эмиссиясын мемлекеттік тіркеуден өткізуге пайдаланудың бір себебі – жергілікті жерлерде Ұлттық комиссияның аймақтық бөлімшелердің болмауынан.

1997 жылдың 20 маусымында қабылданған «қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңға сәйкес Ұлттық комиссия Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі Компанияның (ЗАБК-КУПА) қызметін реттейтін және лицензиялайтын, сондай-ақ, мемлекеттік және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерінің инвестициялау тәртібін анықтайтын мемлекеттік орган болып саналады.

2001 жылдың 11 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қаржы нарығының мемлекеттік реттеудің біріңңай жүйесін ұйымдастру бойынша іс-шаралар туралы» жарияланған жарлыққа сәйкес бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия таратылып, оның барлық өкілеттілігі мен қызметтері Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіне берілді. Осы күннен бастап 2003 жылдың 4 шілдесіне дейін бағалы қағаздар нарығын реттеуді Ұлттық Банктің бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттейтін департаменті жүзеге асырды.


Бағалы қағаздар нарығы

Жазбаша бақылау

12 апта 2 балл


  1. Бағалы қағаздар нарығы пайда болуы.




  1. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының пайда болуы.




  1. Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы.


4. Бағалы қағаздар эмиссиясының тәртібі.
5. Бағалы қағаздарды шығару және айналымға түсіру

тәртібі.

6. Бағалы қағаздардың қарыз міндеттемесі және

олардың жіктелуі.
Бағалы қағаздар нарығы

Глоссарий

12 апта 2,5 балл
Бағалы қағаздар нарығы
Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы
Қазақстан қор биржасы
Бағалы қағаздардың Орталық депозиттарийі
кастодиан-банктер
тіркеуші-реестр
Акционерлік қоғам
Бағалы қағаздар эмиссиясының тәртібі.
Бағалы қағаздардың қарыз міндеттемесі
Нарықтан тыс бағалы қағаздар
Нарықтық бағалы қағаздар
Бағалы қағаздар айналысы
Эмиссия проспектісі
19-тақырып. Бағалы қағаздар нарығын реттеу

Жоспар:


Мемлекеттік бағалы қағаздардың жіктелуі

Қор биржалары



Теориялық мәліметтер

Бағалы қағаздар ең алдымен мүлікті иеленуге құқық беретін ақша құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі.Бағалы қағаздардың толтырылуы немесе жазылуы жөнінен екі түрлі болуы мүмкін: не заң жүзінде бекітілген жеке құжат түрі, не есепшотқа енгізілген жазу түрі.Егер басқа адамға иемденуге берілсе бағалы қағаздардың екінші түрі бойынша ерекше куәлік толтырылып беріледі. Оны иемдену құқығын беретін құжатты сертификат деп атайды.

Шығарылу жөнінен бағалы қағаздар нарықтық және нарықтан тыс болып та екіге бөлінеді. Нарықтан ыс бағалы қағаздар әлеуметтік нарықтық қатынастардың дамуы негізінде пайда болған қағаздардың ерекше түрі. Оларға жинақ облигациялары, зейнетақы қорларының облигациялары, депозит тік облигациялар және тағы басқа да жатады.Жинақ облигациялары негізінен жеке тұлғалар арасында орналастырылады. Бұл бағалы қағаздар қазіргі кезде АҚШ-та кең тараған. Зейнетақы облигациялары және жеке зейнетақы облигациялары болды. Оларға мысалы, АҚш-та біреуге жалданбай-ақ өз алдына қызмет істейтін адамдардың ақшасын шығаратын облигациялар жатады.Ал депозит тік облигациялар қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді, орта мерзімді болып үшке бөлінеді және онда тек жергілікті басқару органдары ғана сатылады. Бұл ұйымдар шамалы болса да табыс әкелетін, бірақ салым төлетуден босатылатын өздерінің облигацияларын шығаруы мүмкін.

Нарықтан тыс бағалы қағаздар әртүрлі қорларға немесе банктегі оның ішіндегі шетел банктеріне және кәсіпорындарға, ұйымдарға салған капиталдан түскен табысын иемдену құқық береді.Бұл бағалы қағаздардың шығару шарты бойынша иемденуді заңды немесе жеке тұлғалар оларды басқа иемденушіге беруде құқығы жоқ. Сондықтан бұл қағаздар нарықта емін еркін айналымға түсе алмайды.

Сонымен қатар, нарықтан тыс бағалы қағаздарға басқа мемлекеттердің Орталық банктерінде орналасуы үшін шығарылуы кең өрістелген облигациялар жатады.Соңғы кездерде барлық дамыған елдерде нарықтан тыс бағалы қағаздарды шығару кеңейту және олардың түрлері мен санын көбейту тенденциялары байқалуда.

Ал айналымға түскен бағалы қағаздарды нарықтық бағалы қағаздар деп атайды. Бағалы қағаздар айналысы деп оларды сатып алу, сатудан және заң жүзінде олардың иемденулігін өзгерту әрекеттерін айтады.Бағалы қағаздарды шығарып, оны айналымға түсірушіні эмитент деп атайды.

Бағалы қағаздар нарығында мүліктік құқық олар туралы шыққан заңдарда көрсетілген ерекше құжатпен расталады. Ол құжат бағалы қағаздар деп аталады. Бірақ олардың кейбір азаматтық – құқықтық қатынастармен расталғанымен бағалы қағаздар нарығына айналысқа түспейді. Мыс.; Қазақстан заңдары бекіткен – ипотекалық куәліктер, сол сияқты коносамент және тауарларды орналастыру құжаттары тауарлар нарығына айналысқан түседі. Ал бағалы қағаздар нарығы, алдыңғы тарауда айтып кеткеніміздей, қаржы нарығынан құрылатындықтан бұл жерде осы аталған екі нарықтың құқықтық қамтамасыз етілуі сөз болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет