Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау; оқытушының кеңесін негізге ала отырып, өз бетінше дайындалу


Банктердің нарықтық экономикадағы ролі



бет7/10
Дата25.02.2016
өлшемі1.33 Mb.
#21450
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Банктердің нарықтық экономикадағы ролі

Глоссарий

6 апта 3 балл

Банк жүйесі
Банк несиесі
Банк операциялары
Банк ресурстары
Банк желісі
Банк депозиті
Банк инвестициясы
Банк релизі
Банк кепілдігі
Банк қарызы
Банк күні
Банк балансы
11- тақырып: Қазақстандағы 1991 ж банктік реформа

Жоспар:


1.Банктік жүйеде реформа жүргізудің қажеттілігі

2.1995ж қазақстанның банктік реформалау бағдарламасы

Теориялық мәліметтер

1989 жылдан бастап, елімізде алғашқы коммерциялық банктер, кооперативтік және жеке банктер қатары жұмыс істеді.Сол жылы алғаш құрылған коммерциялық банктерге – Интеринвестбанк, Крамдсбанк, қазіргі Казкоммерсбанк және т.б. жатады.

1990 жылы Қазақстан Республикасы зө егемендігін жариялағаннан бастап нарықтық қатынастардың талаптарына сай келетін меншікті банк жүйесін құруға бетбұрыс жасады.

1990 жылы желтоқсан айында қабылданған ҚазКРО –ғы банктер және банктік қызмет туралы алғашқы заң Қазақстандағы банктіәк реформаны жүргізудің бастапқы кезеңдерін қамтиды.

Бұл банктік реформа Ұлттық банктің 1995 жылға арналған Қазақстандағы банктік жүйені реформалау бағдарламасына сай жүзеге асырылды.

Нарық экономикасына өту жағдайында және экономикалық дағдарысты жоюда, макроэкономикалық тұрақтылыққа қлл жеткізуде ҚР банк жүйесі маңызды рөль атқарды.

Қазіргі уақытта қалыптасқан екі деңгейлі банктік жүйенің қызмет етуіне байланысты жасалған талдауда , олардың көрсетіп отырғандай, кемшіліктердің басым бөлігі банктер қызметін реттейтін нормативтік базаны жасаудағы артта қалушылық және оның іске асырылуына іс жүзінде бақылау жасау механизмдеріндегі кемшіліктермен сипатталады.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы жұмыс жасап отырған банктік жүйенің қалыптасуын үш кезеңге бөледі:



I кезең. 1988-1991.(КСРО-ның тұсында )- мемлекеттік салалық мамандандырылған банктер қызметінің бір бөлігін республикадағы сол банктердің тиісті бөлімшелеріне беру арқылы қайта түрлендіру; алғашқы коммерциялық банктер құру ; КСРО Мемлекеттік банкіне орталық банктің жекеленген қызметтерін беруге байланысты бастапқы қадамдар жасау кезеңі.

II кезең. 1992 жылдың аяғы 1993 жылдары –рубль аймағында бола отырып, ҚР Ұлттық банкінің орталық банктің бірқатар қызметтерін орындауға біртіндеп кірісуі, коммерциялық банктердің экстенсивті түрде қалыптасуы және дамуы, ұлттық нормативтік базаның қалыптасуының бастапқы кезеңі.

III кезең.1993 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейінгі , яғни айналысқа Ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Ұлттық банкінің ақша- несие аясының қызмет етуіне толық жауапкершілік алу, бюджетжәне банктермен қарым –қатынас орнатудың классикалық қағидаларыыын енгізу, банктердің қызметін реттеу жүйесін нығайту кезеңін білдіреді.

1995 жылғы банктік реформалауға дейінгі жұмыс жасаған банктік жүйенің басты кемшіліктеріне мыналарды жатқызуға болады:

а) Ұлттық (орталық) банк қызметіне байланысты:


  • Мемлекеттің қаржы саясатын жүргізу барысындағы Ұлттық банк пен Қаржы министірлігі қызметтерінің жеткіліксіз шоғырлануы;

  • Коммерциялық банктердің өтімділігін толық қолдау механизімінің жеткіліксіздігі;

  • Екінші деңгейдегі банктер қызметін қадағалау және реттеу жүйесінің баяу құрылуы;

  • Валюталық реттеу және бақылау жүйесінің қалыптасуындағы артта қалушылық;

  • Макроэкономикалық процестерді жедел түрде талдау, оларды болжау және шешім қабылдауда пайдалану денгейінің төмендігі;

  • Осы уақытқа дейін пайдаланып келегн Ұлттық банк пен екінші денгейдегі банктердің бухгалтерлік есеп жүйесінің халықаралық стандартқа және нарықтық экономика талаптарына сай келмеуі ;

  • Ұлттық банк жүйесіндегі еңбек ақының төмендігінен кадрлардың кету денгейінің жоғарылығы;

ә)Екінші денгейдегі банктерге байланысты:

  • Ұлттық банктер тарапынан белгіленген экономикалық нормативтер мен банк клиенттерінің құқықтарын тікелей бұзған банктердің нарықта қызмет ете беруі;

  • Қаржы ресурстарын жинақтаудың іс жүзіндегі механизмдерінің әлсіздігі;

  • Шаруашылық субъектілерінің несиелеу барысында жобаларды бағалау денгейінің және банк үшін несие беруден туындайтын тәуекелді бағалау дәрежесінің, сондай-ақ несиенің қайтарылуына жасалатын бақылаудың қанағаттанарлықсыз денгейде болуы;

  • Орта және ұзақ мерзімде ірі жобаларды дербес түрде қаржыландыруды іске асыруға мүмкіндік беретін, банктердің капиталдану денгейінің жеткіліксіздігі;

  • Прогрессивті қаржы құралдарын және технологияларды пайдаланып, игерудің баяулығы;

  • Банк қызметкерлерін кәсіби жағынан даярлаудың жалпы төмен денгейде болуы.

Сонымен бұрынғы салалық мамандандырылған банктерді қайта түрлендіруге байланысты бірқатар шаралыр 1994 ж. Орта кезеңінен басталып, 1995 жылға дейін жалғасты.

Бірінші кезекте 1994 жылы Ұлттық банктің ұсынысы бойынша Кабинет Министірдің Қаулысына сай арнайы құрылған комиссия Қазагроөнеркәсіп банкіне санация процесін жүргізіп, ондағы орталықтандырылған несиелерге байланысты мерзімі өтен қарыздарды Қазагроөнеркәсіп банктің балансынан Қаржы Министірлігінің қармағында құрылған ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау мемлекеттік қорының балансына беру шараларын іске асырды.

Екінші кезекте, Қазақстан Әлем Банкін 1994 жылдың орта кезеңінде Мемлекеттік Экспорттық –импорттық банкке және әмбебап акционерлік ӘлемБанкке бөлу шаралары жүзеге асты.Сөйтіп, ол уақыттағы ӘлемБанктің жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі –35 құрады. Бұл бір жағынан , ӘлемБанктегі мемлекеттің қаржысы мен мемлекеттік емес акционерлер қаржыларын өзара бөлуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан Әлем банктегі монополияны жоюға мүмкіндік жасады.

Үшінші кезекте, мемлекеттік мамандандырылған Халық банкін әмбебап банкке түрлендіру шаралары жүргізілді.Түрлендіру мынадай үш кезеңді қамти:



Бірінші кезеңде мемлекеттік емес акционерлерден акцияларын сатып алу жолымен 100мемлекеттік меншікті қалпына келтіру және оның жарғылық капиталын ұлғайту мақсатында мемлекеттен жалға алған ғимаратын Халық банкінің меншігіне беру, сондай-ақ 01.01.1992ж жағдайға байланысты халық салымдарын индексациялау жүйесін анықтау міндеті белгіленді.

Екінші кезеңде Халық банкіне пластикалықдебеттік және кредиттік карточкаларды енгізу және олардың қолданылу ауқымын кеңейту міндеті жүктелді.

Үшінші кезеңде Халық банкісінің алдында Ұлттық банк белгілеген пруденциалдық нормативтерге сай 01.01.1998ж. бастап салымдарды мемлекеттің толық сақтандыру жүйесіне өтуге дайындық жасап және жекешелендірудің бірінші кезеңін бастау міндеті тұрды.

Төртінші кезеңде әмбебап банк –Тұран банктегі мемлекеттің үлесі анықталып, ондағы негізгі боышқор-кәсіпорындардың бір бөлігі 1995 жылы жаңадан құрылатын Медетші банкке берілетін болды.

Бесінші кезеңде әмбебап банк- Кредсоцбанктегі мемлекеттің үлесі -40,3мөлшерінде анықталды. 1995 жылдың қаңтар айының аяғына таман оның жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесін сату бағдарламасын Ұлттық банк даярлауға тиіс болды. Коммерциялық банктер үшін нақты секторды қысқа мерзімді несиелеу тиімсіз болып табылғандықтан , орта және ұзақ мерзімді несиелеу қызметін өз міндетіне алатын мамандандырылған мемлекеттік банктерді құру қажеттігі туды.

Сонымен, Қазақстанда банк секторын реформалау бағдарламасын іске асыру шегінде Экспортты – импорттық банк, Мемлекеттік даму банкі және Тұрғын үй құрылыс банкі құрылды. Мамандандырылған Банктер қатарына халыққа қызмет көрсетуге маманданған Халық Жинақ банкі де болды.

Мемлекеттік даму банкі-бұл Қазақстан үшін дәстүрлі емес, даму және ғылыми ұйымдардың экспортын қаржыландыру үшін,экспорттық несиелер мен инвестицияларға сақтандыру және кепілдеме беру үшін Әлем банктен бөлініп шыққан банк.

Тұрғын үй құрылыс банкі –бұл тұрғын үй құрылысын коммерциялық құрылысшылары арқылы несиелеуге, халық үшін тұрғын үй жинақ шоттарын қалыптастыру, ипотекалық несиелеу жүйесін құру мақсатында құрылған банк.

Медетші банк –бұл Дүниежүзілік банктің ықпалымен Проблемалық кәсіпорындар үшін госпиталь ретінде құрылған банк. Бұл банкті құру туралы жарғыға сай, ол небәрі 4 жыл мерзімге қызмет етуге уақытша құрылды.

Ұлттық банктің 1995 жылғы реформалау нәтижесінде қолданған шаралары қаржылық және экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізді. Ең бастысы, ақша- несие реттеу әдістері мен құралдары әрі қарай дами түсуде.

Банктерді қайта қаржыландыру механизімі түбірімен өзгерді. 1995 ж. ақпан айынан бастап, директивті несиелерді беру тоқтатылды.Орталықтандырылған көздер есебінен берілетін несиелер көлемі мен мерзімі қысқарып, экономиканы несиелеу қызметі Ұлттық банктен екінші денгейдегі банктерге ауысты. Ұлттық банк орталық банктерге тән қызметк: қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында екінші денгейдегі банктерге несие беру, Үкіметке несие беру және ақша-несие және валюталық реттеумен айналысуға көшті.

1995 жылдың бірінші жартысында Ұлттық банктің екінші денгейдегі банктерге берілетін несиелері несиелік ресурстар аукционы арқылы 3 ай мерзімге дейін берілсе, ал екінші жартысында операциялардың ауыртпалығы мемлекеттік бағалы қағаздардың қайталама нарығын өте бастады. 1995 жылы қыркүйек айынан бастап ломбардтық несиелеу жүйесі енгізілді. Базалық ақшалардың өсу қарқынына шек қою мақсатында Ұлттық банк айналысқа өзінің қысқа мерзімді ноталарын шығару арқылы ақша массасын реттеп отырады.

1995 жылы Ұлттық банк қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің нақты мәнін қалпына келтірді. Инфляция төмендеді. Айталық, 1995ж қаңтар айындағы инфляцияның қарқынын 8,9 -дан, қыркүйек айында –2,4-ға дейін төмендету нәтижесінде қайта қаржыландыру мөлшерлемесі. Айта берсек, тағы да басқа көптеген жетістіктерге қол жеткізілді.

Ұлттық банктің 1996-1998 жылға арналған Қазақстан Республикасының банк жүйесін реформалау бағдарламасына сай банктік реформалау әрі қарай жалғасты.

Банк реформасының жүргізу бағдарламасының басты мақсаты- ҚР ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын әрі қарай арттыру және экономиканы қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту үшін екінші денгейдегі банктердің жүйесін нығайту.

Көздеген мақсатқа жетуде Ұлттық банк мынадай міндеттерді шешуге күш жұмсайды:



  1. Ақша –несиелік реттеу әдістері мен құралдарын жетілдіру;

  2. Елдің қаржы нарығына Ұлттық банктің араласуы арқылы қолма-қол ақша айналымында әкімшілік басқаруды күшейту;

  3. Валюталық реттеудің дамыту және алтын валюта резервін басқару;

  4. Банктік қадағалау жүйесін және банк қызметін реттеу принціптерін түбірімен өзгерту

  5. Бухгалтерлік есепті және банк жүйесін реформалауды аяқтау;

  6. Ұлттық банктің басқа елдердің орталық банктермен және басқа да қаржылық институттармен байланысып, халықаралық қаржы ұйымдарына қатысты;

  7. Ұлттық банктің құрылымын жеңтілдіріп, кадр және техникалық әл-ауқатын нығайту;

  8. Екінші денгейдегі банк жүйесін сауықтандыру;

  9. Төлем жүйесінің дамыту;

10 Елдің банк жүйесінің қызмет етуінің және реформалауының құқықтық қамтамассыз етілуін жетілдіру.

Несиелік ресурстар

Жазбаша бақылау

7 апта 2 балл
1. Несиелік ресурстар
2. Несие ісі
3. Банктік мекемелердің түрлері
4. Несие ісін ұйымдастырудың типтері
5. Сегменттелген құрылым
6. Әмбебаптық құрылым
7. Несие-қаржы мекемелері
Несиелік ресурстар

Реферат

7 апта 4-балл




Тапсырма алған студенттің аты жөні

Тақырып атаулары

Орындалу мерзімі

Жұмыстың бағалануы

1




Несиелік ресурстар







2




Несие жүйесі







3




Қазақстан Республикасының банктік емес қаржы институттары







4




Несие мекемелерiнiң түрлерi







5




Азияның даму банкі







6




Қарыз капиталы, пайыз және несие







7




КСРО-дағы 1930-32 жж несие реформасы







8




Несие формалары







9




Маманданған несие –қаржы институттары және олардың типтерi мен қызмет көрсету ерекшелiктерi







10




Банктiң типтері







11




Несие және банк жүйесі








Екінші аралық бақылау


р/с

Тақырыптар

Апта

Ұпай саны

Бақылау түрі

1

Банк қызметіндегі тәуекелділік

8

2

Жазбаша бақылау

2

Банк қызметіндегі тәуекелділік

8

3

Глоссарий

3

Қазақстан Республикасының Ұлттық банк операциялары

9

4,5

Реферат

4

Қазақстан Республикасының Ұлттық банк операциялары

9

2

Тест

5

Ұлттық банктің сыртқы экономикалық қызметі

10

2

Жазбаша бақылау

6

Ұлттық банктің сыртқы экономикалық қызметі

10

1

Тест

7

Акционерлік қоғамдар

11

2

Тест

8

Бағалы қағаздар нарығы

12

2

Жазбаша бақылау

9

Бағалы қағаздар нарығы

12

2,5

Глоссарий

10

Халықаралық валюталық жүйелер және қатынастары

13

2

Тест

11

Төлем және есеп айырысу әдістері

14

4,5

Реферат

12

Халықаралық валюта және несие институттары

14

2,5

Глоссарий

12-тақырып. Банктік қызметті ұйымдастыру

Жоспар:

1.Банктік қызметті ұйымдастырудың негізгі бағыттары



2.Банктік қызметтің құрылуы мен тоқталуы

Теориялық мәліметтер

Банк ісі – қарыз капиталын жинақтаумен және оны бөлумен шұғылданатын кәсіпкерліктің ерекше түрі. Қазіргі кезде банктер көптеген рперациялар жүргізді. Олар айналымымен несие қатынастарын ұйымдастырумен ғана шұғылданып қоймай, сонымен қатар банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу сату, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операциялары жүргізілді.

Банктің атқаратын қызметтері



  1. Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны қарыз кпиталына айналдыру.

  2. Кәсіпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу.

  3. Ақша айналымын реттеу. Банк - әртүрлі шаруашылық субьектілерінің төлем айналымы жүретін орталық.

  4. Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен қатар депозиток чектерді, вексельдерді шығаруменде несиеленді.

  5. Экономикалық және қаржылық кеңес беру.

  6. Орындайтын айрықша қызметтеріне байланысты банктер: эмиссиялық және эмиссиялық емес болып бөлінеді.

Эмиссиялық банк – ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға (шығаруға) құқы бар, әдетте, орталық банк. Әр мемлекеттерде орталық банк әр түрлі аталады. Мыс: бұрынғы КСРО да ол мемлекеттік деп., ал қазіргі Қазақстанда – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі деп. аталады.

Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша белгілерін шығаруға құқығы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, ипотекалық және т.с.с. банктер.

Инвестициялық және иновациялық банктердің 2 түрі де ұзақ уақытта ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша қаражатын, кейін ұзақ мерзімге қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ол инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді және оны несиелеуді игереді.

Ипотекалық банктер - жерді және жылжымайтын мүліктерді капілдікке алып, ұзақ мерзімге несие береді. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа бағалы қағаздарды сату, арқылы ақша жинақтайды.

Орталық банктерді ұйымдастырудың жолдары.

Тарихи Орталық банктер капиталды меншіктеу жөнінен үш түрге бөлінеді: мемлекеттік орталық банктер; яғни олардың капиталы түгелінен мемлекет меншігінде (мыс. Англия, ГФР, Франция, Канада, Ресей):

Акционерлік қоғамдар (мыс; АҚШ, Италия) Аралас акционерлік қоғам, капиталының бір бөлігі мемлекет меншігінде (Жапония, Бельгия)

Кейбір орталық банктер бірден мемлекеттік (Германияда, Ресейде) кейбіреулері акционерлік қоғам болып ұйымдасып, кейін ұлттық банк болып қайта құрылды (Ұлыбританияда, Францияда).

Кез-келген орталық банктер міндеті – ұлттық ақша өлшемінің төлемі қабілеттілігі мен валюталық курсының тұрақтылығын қамтамасыз ету, банк жүйесінің өтімділігі мен тұрақтылығын, төлем жүйесінің тиімділігі мен сенімділігін қамтамасыз ету. Осы міндеттерді атқару үшін орталық банк негізінен мынадай қызметтерді атқарады:

Банкноттарды монополиялы түрде эмиссиялау; ақша несиелік қатынастарды реттеу; сыртқы экономиканың қатынастарды жүргізу; банктердің банкісі болу және үкімет банкісі қызметі .

Орталық банктің ең алғашқы қызметі – ежелден қалыптасқан мемлекеттің өкілі ретінде заңды түрде – банкнота шығару. Орталық банктің банкнота және монета шығару қызметі тарихи біраз өзгерістерге дүшар болды. Мысалы, ақшаның алтын стандарты кезінде орталық банктің банкноталары коомерциялық вексельдермен және алтынмен қамтамасыз етілсе, қазіргі кезде несие ақшаларын айналысқа шығару көбінесе үкімет облигацияларымен қамтамасыз етідің. Сондықтан , банкноталарды шығарудың тауар айналымын тікелей байланысы айтарлықтай азайды, ал оны алтынмен қамтамасыз ету, типті мүлдем жойылды.

Орталық банк өз қызметтерін банктік пасив және актив операциялары арқылы атқарады. Пассив операциясы деп – банктердің өзіне ақша қаражатын тартып, банк тік ресурс тар құру операциялары, ал актив операциялары деп – осы қаражатты орналастыру операцияларын айтиады. Орталық банктің негізгі пассив операцияларына: банкнота эмиссиясы, коммерциялық банктердің және мемлекеттік қазынашылықтың (қаржы министірлігінің) ақша салымын қабылдауды, банктің өз капиталын құру операциялары жатады. Көп елдерде орталық банктің ақша қорларының негізгі көзі – банкнота шығару, яғни 40 – тан 85% - ке дейінгі пассив операциялары. Қазіргі кезде шығарылатын банкноталар алтынмен қамтамасыз етілмеген өз құны жоқ ақша.

Орталық банктің ақша ресурстарының келесі көзі – коммерциялық банк тер мен қаржы министірлігінің ақшалы салымы. Коммерциялық банктер орталық банктегі ашылған процентсіз Шота міндетті резервтермен қоса өзінің кассалық қорының бір бөлігін сақтауы мүмкін. Кейбір елдерде міндетті резерв тер процентсіз арнаулы шоттарда жинақталады. Ал орталық банктің өз капиталының үлесі пассив операцияларының 4%-ін құрайды.

Есеп – несие операциялары – есептеу операциясы және мемлекетпен банктерге қысқа мерзімді қарыз беру операциялары болып 2 түрге бөлінед:

Есептеу операциялары – ол орталық банктің мемлекетпен банктерден вексельдерді сатып алды. Орталық банктің коммерциялық банктерден вексельдерді сатып алуын вексельдерді қайта есептеу деп атайды, себебі коммерциялық банктердің өз клиенттерінен сатып алған вексельдерін орталық банкке сатқанда, олар екінші рет сатып алып, екінші рет есептеледі.

Кассалық ауытқуды жоюдың келесі әдісі үкіметке 1 жылға дейінгі мерзімге тікелей баактік қарыз беруі мүмкін. Коммерциялық банктерге қысқа мерзімді қарыз жай және аударым вексельдер мен бағалы қағаздар мен және басқа активтермен қамтамасыз етілген жағдайда беріледі. Бұндай операциялардың бір түрі – ломбард несиесі.

Орталық банк әр түрлі мақсатпен бағалы қағаздарға ақша жұмсауы (салым) мүмкін. Біріншіден, көптеген өркендеген мемлекеттердің кемшілігін жабу мақсатында орталық банктің мемлекеттік облигацияларды сатып Альп үкіметті несиелеудің ең бастр және жалғыз формасы болып табылады. Кейбір елдерде мемлекетті тікелей несиелеу, яғни бюджеттің келешегін жабуға қаржыландыру үшін банк тік қарыз беру жүргізілмейді. (мыс: АҚШ-та, Канада-да, Жапонияда) және (Ұлыбритания да, Швеция да, Швецарияда) немесе бірсыпыра елдерде ол заңмен шектелген (ГФР, Франція да, Нидерландия да). Ескеретін жәйіт, орталық банктің партфелінде мемлекеттік бағалы қағаздардың, әдетте, өте аз бөлігі сақталады. Мемлекетке несие беруші орталық банк емес, коммерциялық банк тер және басқа қаржы – несие мекемелері, компаниялары және халық.
13-тақырып. Банктік қызметті бақылау және қадағалау

Жоспар:


1.Банктік қызметті бақылау

2.Банктік қызметтің түрлері.

Теориялық мәліметтер

Банктік жүйенің екінші деңгейі коммерциялық банктер, банктік ресурстарда шоғырландырып заңды, жеке тұлғаларға банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді орындайды. 1990ж алғанда қазіргі коммерциялық банктер жүйесі қалыптасты. ҚР- дағы коммерциялық банктері 1995 ж 30- наурызда қабылданған ҚР- ң Ұлттық банкы және 31- тамызда қабылданған “ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы” ҚР призиденттінің заң күші бар жарлықтарын өзқызметтерінде басшыққа алады .

Екінші деңгейдегі банктердің қысқаруы банктердің интенсивтік жағынан өсуімен байланыстыруға болады . ҚР Ұлтық банктің берген лицензиясында сол коммерциялық банктің айналысатын қызмет түрі жазылады. Қазақстандық банктер бағалы қағаздар нарығындада тікелей қатысуға толық құқылы бұдан басқа валюталық операцияларды жүзеге асыруға бал лицензия аладыСол лицензия олардың өзқызметін іске асыруы үшін корспанденттік қатынас орнатуға тиіс шетелдерде филиалдарды ашуға құқық береді.

Коммерциялық банктер өз қызметін бастау үшін ҚР Ұлтық банкінен рұқсат алуға мынандай құжаттар тапсырылады.



  • Рұқсат алу үшін беретін өтініш

  • Банктік жарғысы

  • Банктің 2-3 жылға арналған бизнес жоспары

  • Құрылтайшылық шарт т.б .

ҚР банкті тіркеуге алу үшін жарияланған жарғылық қордың 50 пайыздан кем емес бөлігі акция, бағалы металдар т.б. мен материалды бағалықтар мен төленеді . ҚР коммерциялық банктердің қаржылық жағдайы тұрақсыз. Лицензиясы қайтарылып алынған банктер біршама. Лиценцзияның мынандай жағдайларда қайтарып алады .

  • Құрылтайшылық шарт пен банк жарғысының жұмыс жасап отырған заңға сәйкескелмеуі

  • Банк жетекшілерінің кәсіби жарамсыздығы

  • Банк жарғысында көрчсетілмеген операцияларды жүзеге асыру

  • Қаржылық жағдайлардың тұрақсыздығы т.б.

Банктың ашылуына берілген лийцензиясырың қайтарылуы , банктың таратылуы туралы шешімді білдіреді. Банктердің ұйымдастыру құрлымы – банкті басқару және оның функционалдық бөлімшелері мен қызметіне болды. Басқару органы пайда алу мақсатында комм банкке жетекшілік етеді. Акционерлік комм банктің ең жоғарғы органы акционерлердің жалпы жиналысы. Жиылыс жылына бір рет шақырылып түрлі міндеттер шешіледі.

-банк жарғысына өзгеріс енгізу –банктәің табысыцн бөлу т.б Екінші басқару органы – банктің қадағалау кеңесі.

Банк қызметіне бақлау жасайды – актілерді бекіту т.б .

Кеңесі басқарма органы (банк кеңесі) –банк иелерінен акционерлерінен құралады олардың мүделерін қорғайды. Басқарма төрағасы –банктің 1-жетекшісі оған мынандай міндеттемелер жүктеледі .

-Банк қызметіне қатысты бұйрықтар шығару нұсқаулар беру , өкілеттілікті жүзеге асыру .

-Банк мүліктеріне қаражаттарынат ие болу

Ревизалық комиция – банк қызметіне парқылы жасалады.

Несиелік комитет – несиеге байланысты қортынды жасаушы орган


Несиелік комитет



Ревизиялық комитет

Акционерлердің жалпы жиналысы.


Депортаменттер


Бақылау кеңесі

Басқарма

Басқарма төрағасы


Төраға орынбасарлары


қызметтер


Басқару

Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады. Олардың коммерциялық банктер қызметіндегі ролі жоғары . Қаржы және несие сөздігінде : пассивтік опреациялар – бұл несиелік және активтік опреацияларды жүзеге асыруға арналған банктің ресурстарын қалыптастыру опреациялары – делінген . Активтік және пассивтік шоттағы қаражаттың өсу формасын сипаттайтын операциялар . Пассивтік операция айналыстағы ақшалай қаражатты банктерге тартуға мүмкіндік береді . Пассивтік опреациялар негізінде – несиелік және заемдық не тартылған ресурстар қалыптасады . Банктің меншікті қаражаттары оның үнемі тұрақтылығын ұстап тұруда ең маңызды. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттарын тарта отырып, коммерциялық банктер халық шаруашылығының қосымша айналым қаражаттарыны деген сұранысын және халықтың тұтыну қажетін қанағаттандырады. Банктің меншікті қаражаттары банктің экономикалықь дербестігін және қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін түрлі қорлар мен бөлінбеген пайда жиынтығы. Банктің меншыкті капиталы басты үш қызметті атқарады:


  • қорғаныс;

  • реттегіш;

  • оперативтік.

Қорғаныс қызметі банктің зиян шегу не борыштық тұрақсыздыққа ұшырау жайындағы салым иелерін , кредиторлардың мүддесін қорғау, банктің төлем қабілеттілігін сақтау. Оперативтік қызметі банктің қаржылық негізін қамтамасыз етеді. Реттегіш қызметі коммерциялық банктермен несиелік мекемелердің қызметіне орталық банк тарапынан заңдар мен ережелер бойынша бақылау жасап отыруына байланысты сипатталады. Жарғылық капитал – бұл банкті ұйымдастырудағы бастапқы нүкте . Банктің тұрақтылығын сақтау үшін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері белгіленеді .



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет