Бөлім
|
Жанды табиғат
|
Педагогтің аты-жөні
|
|
Күні:
|
|
Сынып:
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Мәтін және оның түрлері
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
3.1.6.1 интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманның назарын аударту 3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар: қаратпа сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманның назарын аудара алады.
Көптеген оқушылар: тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құра алады.
Кейбір оқушылар: мәтінді пайымдау мәтініне айналдырып айта алады.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезең
уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 мин
|
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығулары арқылы жүреді.
Топқа бөлгенде «Таңдау» әдісі арқылы әртүрлі ит суреттерін таңдайды.
Оқу материалын жариялау «Сұрақтар ілмегі» әдісі бойынша жүреді.
-Өткен сабақта қандай тақырып өттік?
-Ендеше осы ит суреттеріне қарап мәтін құрап айтыңдар.
1-топ: сипаттау мәтіні
2-топ: әңгімелеу мәтіні
3-топ: пайымдау мәтіні
- Олай болса бүгінгі сабағымызда не істейміз деп ойлайсың?
|
Жақсы тілек айтады.
Сұрақтарға жауап беріп, тақырыпты ашады.
|
ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау.
|
|
Сабақтың ортасы
20 мин
2 мин
15 мин
|
(Т) «Ашық микрофон» әдісі, дәптермен жұмыс.
38-жаттығу. Ұқсас тақырыпта берілген мәтіндерді салыстыр.
Мәтіннің атына назар аудар. Ол негізгі ойдың қысқаша атауы екенін дәлелде.
Тыңдалған мәтіндегі ақпараттың дұрыс-бұрысын анықта:
• Ақтөстің пайдасы бар.
• Ит үйді күзетпейді, пайдасыз.
• Ақтөс Талғатқа көмектеспеді.
• Талғат оған қатты ренжіді.
39-жаттығу. Мәтінді қатесіз әрі көркем жаз.
Ит туралы оқылған осы екі мәтінді салыстыр: ұқсастығы мен айырмашылығын тап. Қай мәтінде ит туралы нақты фактілер берілген? Қайсысы көркем мәтін?
Суреттегі иттер туралы энциклопедиядан ақпарат тауып оқы.
Дескриптор:
-Мәтіннің тақырыбы негізгі ойдың қысқаша атауы екенін дәлелдейді.
-Тыңдалған мәтіндегі ақпараттың дұрыс-бұрысын анықтайды.
- Мәтінді қатесіз әрі көркем жазады.
-Ұқсас тақырыпта берілген мәтіндерді салыстырады.
- Суреттегі иттер туралы энциклопедиядан ақпарат тауып оқиды.
|