Сабақ Бөлім: Сәулет өнері Мұғалімнің аты-жөні



бет7/13
Дата27.09.2024
өлшемі0.62 Mb.
#504058
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
3кл қазақ тілі13апта

(Ұ, Т) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады.дәптермен жұмыс болады.
А) 9-жаттығу.
-Мәтінді түсініп оқы.
- Мәтін мазмұны бойынша бір-біріңе сұрақ қойып, жауап беріңдер.
-Мәтіннен өзің бұрын естімеген жаңа сөздерді тап.
-Тапқан сөздеріңнің мағынасын сөздіктен біліп ал.
-Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Бұл сөздер
нені білдіреді? Олар сөйлемнің қай мүшесіне қатысты?
Ә) Анықтамамен жұмыс:
Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш деп атайды. Баяндауышқа не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтар қойылады: Дана оқыды. Найзағай жарқылдады. Асан оқып отыр.
Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.
Кейбір оқушыға:
- Сөйлемдер құрап айт. Баяндауышын анықта.


Сергіту сәтінде «Жұмбақ» ойынын ойнайды.
Бір оқушы шығып жұмбақ жасырады. Қалған оқушылар шешуін атайды.


(Т, Д) 2-тапсырмада дәптермен жұмыс жүзеге асырылады.
10-жаттығу.
Сөйлемдерді көркем жазыңдар.
Баяндауыштарды тауып, астын сызыңдар. Бұл сөздер сөйлемнің қай мүшесіне қатысты екенін сызып көрсетіңдер.

12-жаттығу.
Құрамында б және л дыбыстары бар сөздер құрастырып айтыңдар.
Сол сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жазыңдар. Бастауыштың
астын – бір, баяндауыштың астын екі сызықпен сызыңдар.
Бұлан, бұлақ, балта, болат.


Мәтінді тыңдап, тапсырманы орындайды.

Жұмбақ шешеді.


Тапсырманы орындайды.





Дескриптор:
- Мәтін мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қойып, жауап береді-2 балл.
- Жаңа сөздерді тауып, мағынасын ашады-1 балл.
- Баяндауышты анықтайды, қорытынды жасайды-2балл.

Дескриптор:
- Сөйлемдерді қатесіз әрі көркем жазады -1балл.
- Баяндауыштарды тауып, астын сызады -1 балл.
- Бастауыш пен баяндаушытың арасындағы байланысты табады-1балл.
- Сөйлем құрап жазады-1балл. Бастауыш, баяндауыштың астын сызады-1балл.

Оқулық, дәптер

оқулық, дәптер



Кері байланыс
5 мин



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет