Қорытындылау
2-тапсырма (оқулықтан)
Ривераға көрермендер неге менсінбей қарады? Себебі неде? Мәтіннен тауып, оқиғаны әңгімелеп беріңдер.
Үйге: 5-тапсырма
Рефлексия
«Жаттығу» әдісі бойынша жүзеге асады.
Арнайы қимылдар арқылы рефлексивтік баға беріледі.
Сабақ өте нашар өтіп, негативтік көзқараста қалсаңыз– жүресінен отырыңыз.
Орташа баға беріп, бейтарап көзқараста қалсаңыз–тізеңізді сәл бүгіп отырыңыз.
Сабаққа жақсы баға беріп, қанағаттансаңыз– қарапайым күйде қолыңызды жаныңызға жіберіңіз.
Егер сабақ керемет өтіп, жақсы әсер алсаңыз– қолыңызды жоғары көтеріп, шапалақтай отырып, өкшеңізді көтеріңіз.
Психологиялық ахуал
Есте қалған қызықты оқиға
Топ дөңгеленіп отырып, қатысушыларға доп беріледі Допты бір - біріне кезектесіп беріп, есте қалған қызықты оқиғаларды айтады.
Джек Лондонның өмірі мен шығармашылығы жөнінде тақырыптық ақпарат беріледі.
Жүзеге асыру қадамдары:
1-қадам: топтарға бөлу («жанұяға» -1,2,3,4). Мәтін қанша бөлікке бөлінсе, топ та сонша бөлікке бөлінеді.
2-қадам: жанұяның әр мүшесіне тапсырма беріледі: сабақ соңында әр жанұя мүшесі мәтінді толығымен біліп шығуы керек, сондықтан әр бөлікті оқитын топ мүшесі үлкен жауапкершілікпен өз бөлігін оқуы керек, себебі ол өз ұяластарына оқығанын жеткізе алмаса, мәтін толық меңгерілмей қалады.
3 қадам: сараптау топтарына бөліну (1+1+1+1, 2+2+2+2, 3+3+3+3, 4+4+4+4)
4-қадам: мәтіннен өзіне бөлінген үзіндіні оқып, сараптау тобында талқылау, күрделі жерлерін мұқият түсініп, осы үзіндіні өз жанұя мүшелеріне қайткенде де ұғынықты жеткізудің жолдарын қарастырады
5-қадам: «жанұя»тобына барып, сараптау тобында түсініп келгендерін бір-біріне үйретеді. Қажет болса, мәтін мазмұнын түсіну үшін өзара сұрақтар қояды.
Жауабы:
1. Оқиғаның басталуы - Ривераның рингке шығуы
2. Оқиғаның байланысы - Дэннидің рингке көтерілуі
3. Оқиғаның дамуы - Ривера мен Дэннидің айқасы
4. Оқиғаның шиеленісуі - Дэнни төрешінің қитұрқы әрекеттері
5. Оқиғаның шарықтау шегі - Ривераның айласы
6. Оқиғаның шешімі - Ривераның жеңісі
Ривераға көрермендердің неге менсінбей қарағанын мәтіннен тауып оқып береді. Себебін айтып, оқиғаны әңгімелеп береді.
|
Талқылау кезінде оқушылардың айтылған пікірлері мен көзқарастары ауызша
|