Бекітемін:__________ Қысқа мерзімді сабақ жоспары 13-сабақ
Бөлім:
|
4-бөлім: Отбасы құндылықтары
|
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :
|
|
Күні:
|
|
Сынып: 5
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Д. Лондон. «Мексика ұлы» әңгімесі. Ривера мен Денни портреті. Бөлім бойынша жиынтық бағалау-2
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
|
5. 1. 3. 1 көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу;
|
Сабақтың мақсаты
|
Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын анықтай алады.
|
Құндылықтарға баулу
|
Ұлттық мүдде құндылығы: қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу, қоғам игілігі үшін қызмет ету.
Ар-ұят құндылығы: адал еңбекті құрметтеу, сөзіне берік, ісіне адал болу, шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну.
Талап құндылығы: білуге, жаңаны тануға құштарлық, сыни және креативті ойлау, дұрыс қарым-қатынас орната білу.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі//
уақыты
|
Педагогтің әрекеті
|
Білім алушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басталуы
5 минут
Сабақтың ортасы
5 минут
10 минут
20 минут
Сабақтың соңы
5 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал
Жағымды сөздер
Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері айтылады.
1-тапсырма
Ойтүрткі
1.Зал Ривераны қалай қарсы алды?
2.Дэнни Уорд Ривераға не деп тіл қатты?
3. Ривера не үшін алдына жеңу мақсатын қойды?
4. Шығарма неліктен «Мексика ұлы» деп аталған?
3. Неліктен Ривера жеңіліске ұшырады?
2-тапсырма
Шығармадағы 2 кейіпкердің портретін және іс-әрекетін анықтап, шығармадан дәлел келтір.
Шығарма
дағы кейіпкер
лер
|
Қандай?
|
Шығарма
дан дәлел келтіре
тін үзінді
|
|
|
|
|
|
|
«Отбасы құндылықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Д. Лондон. «Мексика ұлы» әңгімесі
Оқу мақсаты: 5. 1. 2. 1 әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау;
Бағалау критерийі
Мәтіннен түсінгенін мазмұндайды,
Шығарманың негізгі тақырыбын анықтайды
Әдеби шығарманың идеясын өз көзқарасы негізінде жеткізеді
Орындау уақыты 30 минут
Тапсырма
1.Мәтінді мұқият тыңдап, түсінгеніңізді мазмұндаңыз.
МЕНІҢ ДОСТАРЫМ – ШЫҒАРМАЛАРЫМДАҒЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІМ
Елге барған сайын туған жеріме баруға тырысамын. Жиі емес. Балалық шақ өткен жерді, ескі жұртты көру, ата-бабаларымыздың ізі қалған жерлерді еске алу арқылы да көп нәрсені сезінуге болады. Туған жердің өзіне тартатын бөлекше қасиеті бар емес пе?! Балалық шақ өткен жер өзге жерден ерекше, киелі көрінеді, әрине. Барған сайын балдәуренді ойша елестетіп, әр нәрсені ойыңа түсіресің. Мен көптеген шығармаларымда сол жердің географиялық жағдайын елестетіп отырып жазамын. «Шал, мая және жел», «Ата қоныс», «Бойтұмар», «Келін», «Жаздың қысқа түні» деген шығармаларды мысал ретінде айтуға болады. Жазушы әр шығармасын жазғанда, бір адамды ойша елестетіп отырумен бірге оның қызмет етіп жүрген мекенін де елестеткен дұрыс деп ойлаймын. Мысалы, жаңағы «Шал, мая және желде» шығармаға арқау болған жердегі әр тау-тастың атын өз қалпында бердім. Шығармадағы оқиға шынайы өмірде де сол ауылда болған. Құрышжан деген шал сондай тағдыр кешкен. Белсенділер жалғыз маясын алып қойып, ботасының жетім қалғаны жанына батады. Сол үшін ол маясын сойып, етін ауылға таратады. Кейіпкердің басты ойлағаны – маяның зарынан құтылу. Бұл – шын оқиға. Мен бұған өз ойымнан тек желді қостым. Желді шалдың, маяның рухы деуге болады.
Тынымбай НҰРМАҒАНБЕТОВ
2.Мәтіннің идеясын анықта. Анықтаған идеяны «ПОПС» формуласы бойынша жазбаша түсіндір.
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша мәтіндегі басты идея - .....»
Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін ….»
Үшінші сөйлем: «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім.... ».
|
Достарыңызбен бөлісу: |