Сабақтың тақырыбы:Лепті сөйлем Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: оқушыларға лепті сөйлем туралы лингвистикалық білім беру. 2.Тәрбиелік:Тәрбиелік мәні зор сөйлемдерді оқыта отырып, оқушыларды елжандылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. 3.Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын, байыту және лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту. Сабақтың типі:аралас сабақ Сабақтың түрі:дәстүрлі сабақ Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау. Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар. Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу. 2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару. 3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. 4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
23-жаттығу
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Айтушының түрлі көңіл күйін білдіру мақсатымен айтылған сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Лепті сөйлемдер-бір әрсеге таңданғанда, өкінгенде, сұқтанғанда, кейігенде, күйінгенде, сүйсінгенде, қорыққанда, қуанғанда айтылатын сөйлемдер.Бұлар барлық жағдайда лепті үнмен айтылады. -Жарайды, бәрекелді, сабаз-ау Қайран, еркін замандарың өтірікші т.б. Лепті сөйлем ерекше эмоциямен, сезіммен айтылады. Лепті сөйлемнің жасалуына ерекше интонациямен бірге түрлі одағай сөздер, демеуліктер қатысады.