2. Оқушыларға лингвистикалық білім беру. Жай сөйлемнің құрылысы және көлемі әрқашан бір сипатта бола бермейді.
Жай сөйлемдердің осындай ерекшеліктеріне қарай мынадай түрлері болады:
жақты сөйлем және жақсыз сөйлем;
Жақты сөйлем дегеніміз – бастауышы бар, жасырын тұрғанда да баяндауышы арқылы табуға болатын сөйлем. Мысалы:Арада сүт пісірімдей уақыт өтеді. Кенет отқа көзі түсіп кеткен Апақ таң қалып отыра кетеді. Бұл сөйлемдердің бәрінде де бастауыш қатысқан: уақыт, Апақ. Кейде бастауыш айтылмай, түсіп те қалады. Бірақ оны баяндауыш арқылы оңай табуға болады. Дос жүрегіне сенеді. Басқаны ауызға да алдырмаймын. (М.Ә.) Бұл сөйлемдерде бастауыш айтылмағанмен, баяндауышына қарап, бірінші сөйлемде бастауыш - ол, екінші сөйлемде бастауыш - мен деген жіктеу есімдігі екенін табуға болады. Ол дос жүрегіне сенеді. Мен басқаны ауызға да алдырмаймын. Сонымен, құрамында бастауышы қатысқан жай сөйлемнің түрін жақты сөйлем дейміз.
ІV .Жаңа сабақты бекіту: 1. Оқулықпен жұмыс 69-жаттығу
Сөйлесуде сөйлем басында жоқ пен иә қолданылғанда, өздерінен кейінгі сөздерден олар үтірмен бөлінеді. Диалогті оқып шығыңдар да, әрбір сөйлемнің жақты сөйлем екендігін дәлелдеңдер.
- Өзіңіз сөйлесесіз бе? - Иә, өзім сөйлесемін. - Көшеге шықса деймін. - Жоқ, сіздің келетініңіз жайында ол маған еш нәрсе деген жоқ. -Сәуле келді ме, апа? -Иә, бүгін келді. 70-жаттығу
Көшіріп жазып, тұрлаулы мүшелердің астын сызыңдар да, олардың қай жақта байланысып тұрғанын айтыңдар.
Кесек оқ тып-тымық көлшіктің астан-кестенін шығарды. Бір сұмдық төнгенін сезгендей, ата қаз бен ана қаз қиқу салып, қанатымен біздерді сабап өтердей төбемізден олай бір, бұлай бір ойқастай ұшып, безек қақты. Балапандары үшін жандары бебеулеген қаздардың қазіргі халі ессіз құмарлықтың буына еліккен біздерді селт еткізбеді. Кесек оқты үсті-үстіне, қарымыз талғанша жаудыра бердік.