Сабаќ жоспары



бет43/93
Дата28.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479003
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   93
8-сынып қазақ тілі 1,2,3,4 тоқсан

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен
мақсаты туралы хабарлау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Қыстырма сөздер
2. Әдеби кітаптардан құрамында қыстырма сөздері бар 5 мысал жазу
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1. Тақтаға жазылған сөйлемдер арқылы түсіндіру.
1. Әй, Оспан, кеше еліңді жау шауып жатқанда, сен болыс қайда жүр едің? (М.Ә)
2. Бұл не, әй! (Ғ.М.)
3. Беу шіркін, таудың күйі, тастың күйі, Құмартқан бір нәрсеге мастың күйі! (І.Ж.)
2. Оқушыларға лингвистикалық білім беру.
Сөйлемде айтылған ойға айтушының немесе жазушының көңіл күйін, ішкі сезімін қатыстыра айту үшін жұмсалатын оқшау сөздердің түрін одағай сөз деп атайды.
Одағай сөздерге байланысты қойылатын тыныс белгілері -леп белгісі мен үтір.
Одағайлар мысалдардағыдай, сөйлемдегі сөздермен синтаксистік байланыста болмайды және белгілі сөйлем мүшесінің қызметінде жұмсалмай, олардан оқшауланып, өзгеше әуенмен айтылып , басқа сөздермен бөлек тұрады.


ІV. Жаңа сабақты бекіту:
1. Оқулықпен жұмыс
67-жаттығу
1. Мәтіндегі оқшау сөздерді тауып, түрлерін ажыратыңдар.
Тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңдер.
2. Оқшау сөздердің қай түрі көбірек қолданылғанын талдаңдар.


2. Үлестірме қағаздармен жұмыс .


V. Үй тапсырмасын беру.


1. 67-жаттығудан Атейге мінездеме беріңдер.
2. Қарамен жазылған сөздердің мәнін ашыңдар.


VІ. Оқушылардың жауаптарын бағалау.


VІІ. Сабақтың аяқталуы:

Сабақ жоспары



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет