1. Тақтаға жазылған сөйлемдер мен сызба арқылы түсіндіру. 1. Менің арзан сөзді айтқым келмеді. (Ә.Ә.) 2. Бұл жерде суға түсуге жарамайды. (Г.Г) 3. Біздің ашық сөйлесуіміз керек. (Б.) 4. Бұдан еш нәрсе түсініп болмайды. 5. Енді біраздан кейін көз байлануға айналды. Жақсыз сөйлемнің баяндауышының жасалу жолдары.
Емтихан жүріп жатқанда сендерге сөйлесуге болмайды.
Жүздесу-іміз керек
Біздің тез арада жүздесуіміз керек.
Түсін-іп болмайды
Бұдан еш нәрсені түсініп болмайды.
Қол-ым тимейді
Бүгін менің қолым тимейді.
2.Оқушыларға лингвистикалық білім беру. Кейбір жай сөйлемдерде бастауыш мүлдем болмайды. Ондай жағдайда баяндауыштың өзі сөйлемге негіз болып тұрады. Менің айтқаным келді. Бір жерде көргенім бар.
Баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлемнің түрін жақсыз сөйлем дейміз.
Жақсыз сөйлемнің жасалу жолдары Жақсыз сөйлемнің баяндауышы күрделі болып келеді.
–қы, -ғы, -кі, -гі жұрнақты қалау райлы етістіктен болады.
Абайдың ұғына түскісі келді. (М.Ә.)
Барыс септік жалғаулы тұйық етістіктен соң бол, жара, тура, кел деген көмекші етістіктердің келуі арқылы жасалады. Енді сізге айтуға тура келді. (Ғ.Мұст.)
Атау немесе барыс септік тұлғалы тұйық етістіктен соң керек, жөн, мүмкін деген бейтарап сөздердің тіркесіп келуі арқылы жасалады.
Біздің ашық сөйлесуіміз керек. (Б.Бұлқ.)
–ып, -іп, -пжұрнақты көсемшеден кейін бол деген көмекші етістіктің болымсыз тұлғада келуі арқылы жасалады.
Құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар идиомдар жақсыз сөйлем болады. Енді біраздан кейін көз байлануға айналды. (С.М.)