ІV .Жаңа сабақты бекіту: 1.Оқулықпен жұмыс 73-жаттығу.
Көшіріп жазып, жақсыз сөйлемдердің қандай жолдармен жасалып тұрғанына талдау жасаңдар.
1. –Жан ашырдың жоқ болғаны ғой! Бірақ тобыңа бөтендігім жоқ. –Үрпиген қоңырқай шашының астынан бозарып, күстеніп, науқас ажарлы терісі көрінген төрт-бес жасар балаға Абайдың көзі түсті. Әлі жауап қатпаған Абайды Асылбектің сөйлеткісі келді. Базаралыға қамшы жұмсаса, қарап қалуға болмайды. 2. Абайдың да ішек-сілесі қатып еді. 3. –Қойымды қасқыр жей ме десем, қойдың өзінің де жегісі келе ме, қалай? 4. Әйтеуір, қай жерде тәжім ету керек, қай уақытта тұру керек, қай уақытта тымақты көзден алып кең отыруға болады, бәрін өзің айтып отыр. (М.Ә) 5. –Амал не, көнуге тура келеді.(Ә.С.) 6. –Онда қудалай беріп керегі не? (Ғ.Мұст.) 74-жаттығу.
Көшіріп жазып, мәтіндегі сөйлемдердің жақты я жақсыз екендігін ажыратыңдар.
Ал Қазақстан деген елдің өзі қирап қалған монғол империясының орнында пайда болғанын өздеріңіз білесіздер. Қазақ хандығының алғашқы кезеңінде жаңа мемлекетті сақтап қалу жолында қанша түрлі қауіп-қатер болды. Сол кезде де үлкен мәмлегерлік іске жүгінуге тура келді. (Ә.Кекіл) Ақындардың адам мініне, кемшілігіне күліп шығарған сөздерін тек күлкі үшін шығарған сөз деп қарамау керек. (А.Байт) Абайдың Шұбарға жаны ашығандай болды. –Жо-жоқ, атыңды олай қысқартуға болмайды. Балқадиша деген өте келісті екен.(С.Жүн) Аспанды алашабыр бұлт құрсаулаған: күннің қай уағы екенін ажыратып болмайды. (О.Б) (құрмалас сөйлем)
2. Үлестірме қағаздар бойынша жұмыс.
V . Үй тапсырмасын беру. 1. Жақсыз сөйлем туралы түсінік. 2. 75,76-жаттығулар. VІ. Оқушылардың жауаптарын бағалау. VІІ. Сабақтың аяқталуы: