Сабаќ жоспары



бет51/93
Дата28.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479003
түріСабақ
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   93
8-сынып қазақ тілі 1,2,3,4 тоқсан

Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау,салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен
мақсаты туралы хабарлау
II.Үй тапсырмасын тексеру:
1. Жалаң және жайылма сөйлемдер
2. 79-жаттығу
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1. Тақтаға жазылған сөйлемдер арқылы түсіндіру.
- Бүгін сен қайда бардың?
- Спорт сарайына бардым.
- Спорт сарайына?!
2.Оқушыларға лингвистикалық білім беру.
Ойға қатысты сөйлем мүшелерінің барлығы қатынасқан сөйлемдерді толымды сөйлем дейміз. Мысалы: Шашубай мерген еді. Ол шиті мылтықпен кешке киік атып әкелді. (С.М.) Бұл екі сөйлемде де айтушыға керекті сөйлем мүшелері түгел қатысқан. Бірінші сөйлем тек бастауыш пен баяндауыштан тұрса да, ой толық жеткізілген. Екінші сөйлемде ойға қажетті толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш, бастауыш, баяндауыш-түгел бар. Сондықтан бұлар – толымды сөйлемдер.
Толымсыз сөйлем деп ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіп қалған сөйлемнің түрін айтамыз. Толымсыз сөйлемнің басты ерекшелігі түсіп қалған немесе қажет болған сөзді орнына қойғанда, толымды сөйлемге айналады.
Мысалы:
- Төбе би кім болады?
- Кім сайлайды бұны?
- Ояздар ел кеңесіне беріп отыр дейді.
- Жақсылар ынтымағы кімді ұйғарар екен?
- Тобықты бола ма? Сыбан, Керей, Уақ бола ма? (М.Ә)
Жауап сөзде тура толықтауыш (сайлауды), келесі сұраулы сөйлемде жанама толықтауыш (төбе биге), соңғы сұрақта бастауыштар (төбе би) түсіп қалған.
Толымсыз сөйлемнің жасалу жолы екі түрлі.

    1. Өзара желілес сөйлем тобында.

Қарлығаштар тағы (қайда?) келеді. (нелер?), (қайда?) Тағы кетті. (нелер?) Қайта-қайта (қайда?) келе береді. (нелер?) Келген сайын ұяның аузы бүріліп, тарыла берді. (Ж.Аймауытов)

    1. Сөйлемнің қажетті мүшелерінің айтылмай қалуы, әсіресе, диалог (екі не бірнеше адамның сөйлесуі) жағдайында жиі кездеседі. Қажетті мүшенің айтылмауы көбінесе оның алдыңғы сөйлемде айтылғандығына, жалпы, оның не екені белгілі болып тұруына байланысты.

  • Неғметжан! -деді Балуан Шолақ,-анау Ақбоз сенікі ме?

  • Менікі

  • Асау ма, өзі?

  • Жүген – құрық тимеген

  • Сатуға әкелдің бе?

  • Әрине (С.М.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет