IV. Жаңа сабақты бекіту. 1.Оқулықпен жұмыс 80-жаттығу (жазбаша)
Берілген сөйлемдердің толымды-толымсыз екендігін анықтап, толымды сөйлем құрауға қатысқан сөйлем мүшелерін және толымсыз сөйлемдердің жетпейтін мүшелерін табыңдар.
Ақыры ай да туды. Мен әуелде айдың туғанын байқамай қалдым. Айналам тым-тырыс тына қалыпты. Ауа да қайтадан ылғал тарта бастаған сияқты.
–Сүйіншіні бізге сіз беріңіз.
Ол сүйіншіні өздерің қалаңдар.
–Сейіл кім?
Біздің ауылдың баласы. Екі жас үлкен.
–Мынауың қандай кітап?
–Чеховтың әңгімелері. (М.Иманжанов)
81-жаттығу (ауызша)
1. Оқып шығып, тақырыбын қойыңдар.
Толымды және толымсыз сөйлемдерді табыңдар.
2.Толымсыз сөйлемде қай мүше айтылмай қалғанын анықтаңдар.
-«Халқым» деген кісі, «ақтық, азаматтық – шын біткен қалпым» деген кісі төбе би болады. Сендер атамадыңдар ғой. Ендеше, ашып айтқанның айыбы жоқ. Мынау отырған иісі Тобықты ішінде бақ-дәрежесінің басы боп Ырғызбай, қала берсе, Құнанбай нәсілі шығып отыр ғой. «Осының бірі лайық қой» деген қошеметші де бұл жиыныңда жоқ емес. Мен сол Ырғызбайдың бірі болсам, төбе билікке бұлардың ішінен біреуін де атамаймын. Бірақ атайтын кісі бұл жиыныңнан табылмайды деп те айтпаймын.
82-жаттығу. (ауызша)
Төмендегі мәтіннің сөйлемдерін толымсыз сөйлемдерге айналдырып көріңдер.
Үргеніш шешен: -Сөз анасы не? -Су анасы не? -Жол анасы не? – деп сұрайды. Сырым батыр: -Сөз анасы – құлақ. - Су анасы – бұлақ, - Жол анасы – тұяқ! –деп жауап береді. 2. Үлестірме қағаздар бойынша жұмыс.