Сабаќ жоспары



бет85/93
Дата28.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479003
түріСабақ
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   93
8-сынып қазақ тілі 1,2,3,4 тоқсан

2

3

4

1. Шартты рай

-са да
(-се де)

Қайтсе де?
Не етсе де?

/............./ шаршаса
да, /----------------/

2. Көсемше



- ған мен
(-ген) ша
(ше)


- ған-ы бол-
(-ген+і) ма-
са-


-ған+ы+на
(-ген+і+не)
қарамастан,
қарамай

Қайткенмен?
Не еткенмен?
Қайткенше?
Не еткенше?
Қайткені
(не еткені)
болмаса?


қайткеніне
(не еткеніне)
қарамастан?
(қарамай?)

/.........../ естігенмен, /-----/


/........../ ұрысқанша, /------/


/........../ шаршағаны
болмаса, /-----------------/
/.............../
шаршағанына
қарамастан
(қарамай), /---------------/

3. Есімше


(-е, -й) тұра

қайте
(не ете)
тұра?

/.............көре тұра,
/--------------------/



IV. Жаңа сабақты бекіту.
1.Оқулықпен жұмыс
129-жаттығу
Көшіріп жазып, қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлем баяндауыштарының астын сызыңдар да, жасалу жолын түсіндіріңдер.
Әлдене қызы болғанмен, Салтанаттың өзіне Абайды кепілге бермейтін болыпты. (М.Ә.) Жасы менімен шамалас бола тұра, ақылы, мінезі, жүрегімен ел ағасына ұқсайды. Тентек төренің мына зұлымдығына жаны күйзелген Молдыбай қарт өзінің сырқаттанып жатқанына қарамастан, атқа қоныпты. («Ел аузынан») Дайрабай: «Мал бағып, егін салып, әуре болғанша, сол дұғаны неге оқып отыра бермейміз?» - депті. Наурыз туса да, қыстау адырлары әлі қыстың қатаң кәрінде болатын. (Ғ.С.) Ара-тұра шоқтала өскен сексеуілдерге үйірілген құм төбелер болмаса, бұл тақырда көз тоқтатарлық еш нәрсе жоқ. (С.М.)

130-жаттығу


Төмендегі сабақтаса байланысқан сөйлемдердің тыныс белгілерін қойып жазып, мағыналық түрлеріне ажыратыңдар.
Мұстафа одан жаман кектене түскенмен, мен енді ол үйден кетпеуге бел байладым. Сексен сұлу сылаңдап тұрса дағы, Ғалияның алмаймын кірпігіне! (С.М.) Бұл күнде Құнанбай өлсе де, құнанбайлық құрымапты. Өзеннің суы тайыз болғанмен, жағасы тік. (Т.Ахт) Жұмыс қанша қиын болғанымен, маңдай алдым қанша бұлдыр болғанымен, менің сол кездегі өмірім қуанышты өмір болды. (А.Макар)

131-жаттығу


Төмендегі қарсылықты салаласты сабақтас құрмаласқа айналдырып жазыңдар.
Мен алға қарасам да, көзіме ештеңе көрінбейтін. Әлгі түсімді қайта-қайта көргім келгендей көзімді жұмғаныммен, ұйқым келмеді.(А.Лек.) Осы кеште өте ұзақ отырсам да, бұл жолы күндегімнен көп оқыдым, жемісті оқыдым дей алмаймын. Жатақхананы ол оңай тапқанына қарамастан, аңсап келген ақ үйі оған жылы құшағын жая салмады.(М.И.)
V. Үйге тапсырма беру:


1. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас
2. 130-жаттығуды аяқтау
3. Көркем әдебиеттен қарсылықты бағыныңқы сабақтасқа 5 мысал жазу.
VІ. Оқушылардың жауаптарын бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет