22
9.
Оқытудың дифференциациялық, сараландыру қағидаты–
оқушылардың психологиялық және дара ерекшелігін ескеріп
оқытуды жүзеге асырады.Əдістемелік әдебиеттерде оқушылардың
жеке дара ерекшелігіне байланысты
оларды коммуникативті,
коммуникативті емес тип деген түрлерге бөліп қарастыру кездеседі.
1-типтегі балалар қарым-қатынас жасау кезінде өз белсенділігімен
ерекшеленсе, 2-типтегі балалардың қарым-қатынасқа баяу, сылбыр
қатысуы байқалады. Сондықтан мұғалімдердің осы ерекшеліктер-
діескере отырып, үлгерімі төмен оқушыларға көбірек көңіл бөлуі
керек.Сабақтың тиімді өтуі таңдалған оқытудың тиімді әдістеріне
байланысты, сондықтан
оқытудың әдістері саналуан, интеракцияға
толы болып, оқушы білімінің сапасын арттыратындай мақсат көздеу
керек. Оқыту әдістерінің интеракцияға, инновациялық әдістерге
құрылуы –
қазіргі заманғы сабақтарға қойылатын басты талаптар-
дың бірі. Оның ерекшеліктерін мынадай:
- оқу мақсаттары мен міндеттерін топ,
ұжым болып, бірлесе
шешу әрекетін жүзеге асыру;
- танымдық тұрақты (ішкі) уәж қалыптастыруға баса мән беру;
- оқушының оқу әрекетін белсендіру, күшейту, қарқынды етуге
бағытталған белсенді оқу әдістерінің өзіне сәйкес оқу формаларымен
тұтастықта, үйлесе, икемді жүзеге асуы;
- оқу құралдарының оқу мазмұнына, мақсатына сәйкестігі;
- оқытудың нәтижелігін кепілдендіруге ұмтылуы;
- оқу ақпаратының (теориялық білім, практикалық дағды
қалыптастыруға арналған тапсырма-жаттығулар жүйесі) молдығы;
- оқу үдерісінің субъекті-субъектілік әрекетке құрылуы;
- білім, білік, дағдыны үздіксіз бақылау, өзіндік басқару, өзіндік
бақылау, тексеру, бағалау, түзету (өзіндік тексеру), өзіндік түйсінуі
(рефлексия);
- мұғалім-оқушы, оқушы-оқушы
әрекетінің өзара ынтымақтас-
тығы, олардың бірлескен әрекетінің оқу сұхбаттарына, пікірталасқа,
әңгімелесуге, т.б. белсенді оқу әрекеттеріне құрылуы;
- білім алуға қызығушылықты тудыру;
- пәрменді оқу құралдарының (компьютерлік бағдарламалар,
ақпараттық технологиялық құрылғылар, үлестірме материалдары,
т.б.) тиімді қолданылуы.
Жаңаша білім берудің басты қағидалары оқытуды демократия-
ландыру,
ізгілендіру, тұлғалық-бағдарлық, әрекеттік, өз бетіндік
ізденушілік, зерттеушілікпен сипатталады. Осы тұрғыдан келгенде,
23
оқытудың белсенді әдістеріоқушының танымдық шығармашылық
әрекетін арттырады, ал
жекетұлғаның танымдық шығармашылық
әрекеті белсенді әрекет болып табылады.
3-кесте. Оқытудың инновациялық әдістер жүйесінің сипаты
Достарыңызбен бөлісу: