3
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында білім беру мазмұнын жаңарту –
қазіргі заман талаптарынан туындаған міндеттердің бірі. Технология-
лар
жаңаша дамыған, нарықта өзара бәсекелестік артқан заманда
табысты болу үшін орта мектепте білім мазмұны қажетті білім, білік,
дағдылармен қамтамасыз етілуі тиіс. Оқушылар білім алу үрдісінде
ХХІ ғасырға тән дағдыларды (кең ауқымды) игеруі тиіс. Осы тұрғы-
дан келгенде, білім мазмұнындағы жаңартулар оқушылардың фун-
кционалдық
сауаттылықтарын арттыруға, өмірге бейімделуге, қаты-
сымдық құзыреттіліктерінің қалыптасуына негіз болады.
Ұсынылып отырған Қазақ тілі пәні бойынша 5-11 сыныптарына
арналған қысқа мерзімді жоспарлар, жоғарыда айтқанымыздай,
жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес жасалған.
Қысқа мерзімді жоспар жинағының негізгі мақсаты –
оқу мен
оқытуды жетілдіру және қазақ тілі мұғалімдерімен іс-тәжірибелер
алмасу мақсатында көмекші әдістемелік құрал ретінде ұсынылады.
Жаңартылған білім мазмұны бойынша әрбір мұғалім Қысқа
мерзімді жоспарды (бұдан әрі - ҚМЖ) құра білуге және жоспар-
ланған оқу әрекетіне құрылған әдіс-тәсілдер мен оқу құралдарын әр
сабағында тиімді қолданып, сабақ мақсатын дұрыс құрып, белгілі бір
нәтижеге бағытталған білімге қол жеткізе білуі тиіс.
Үлгі ретінде ұсынылған қысқа мерзімді жоспар үлгілері
қазіргі
таңда мұғалімдер үшін маңызды, сондықтан аталған еңбекті қосымша
әдістемелік құрал ретінде пайдалануға болады. Сабақ жоспарларында
оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру, әдеби тілдің норма-
ларын меңгерту, оқушылардың тілдік-эстетикалық
талғамдарын
қалыптастыру бойынша жұмыс түрлері көрсетіледі. Құрал оқушы-
лардың қазақша сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын,
сөйлеу мәде-
ниетін және сауатты жазу дағдысына негізделеді. Қазақ тілінің оқу
бағдарламасы бойынша оқу мақсаттары оқушылардан
жазылым,
айтылым, тыңдалым, оқылым тәрізді
сөйлеу әрекетін қалыптасты-
руды көздейді. Қысқа мерзімді жоспарда осы мәселелердің оқу
үрдісінде жүзеге асу үрдісі баяндалады.
Қысқа мерзімді жоспар үлгілерінің мазмұны оқушылардың жас
ерекшеліктеріне сай жасалынған және топпен, жұппен,
жеке жұмыс
жасай отырып, оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға
құрылған.
4
Жоспарларда жаңа инновациялық технологиялар, түрлі әдіс-
тәсілдермен дидактикалық ойындар, оқу тренингтері пайдаланылды.
Сонымен қатар оқушылардың фунционалдық сауаттылығын арт-
тыруға қызықты тапсырмалар енгізілген.
Сабақ жоспарының құрылымы
логикалық байланыстрға құры-
лып, сабақтың мақсаты нәтижелі білімге қол жеткізуді көздейді.
Сонымен қатар сабақ жоспары үлгілерінде оқу үрдісіндегі оқушылар-
дың орындайтын тапсырмалары бойынша бағалаудың әдістемелік
талаптары қамтылған. Сабақ үлгілері мұғалімдердің жаңа бағдарлама
бойынша сабақ жоспарларын жасау, құрастырудағы талап-тілектері
зерделеніп, ескеріле құрастырылды.
Мұғалімдерге арналған көмекші
құрал жаңартылған білім маз-
мұны аясында сабақ жоспарының үлгілерін құрастырудың жаңа әдіс-
темелік қырларын дамытуға, қолдануда өзекті мәселелерді шешуге
мүмкіндік береді.
Аталған әдістемелік құрал мектеп мұғалімдеріне оқу үрдісінде
қолдану үшін ұсынылады.