Сабақ ОҚытуды ҧйымдастырудың негізгі формасы (Оқу қҧралы)


САБАҚТА ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӚЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН



Pdf көрінісі
бет6/51
Дата01.03.2024
өлшемі3.24 Mb.
#493536
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
14 Сабак-окытуды ұйымдастырудың негізгі формасы

САБАҚТА ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӚЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН 
(ОҚЫЛЫМ, ТЫҢДАЛЫМ, АЙТЫЛЫМ, ЖАЗЫЛЫМ,) 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
Психологтардың анықтауы бойынша, адамның сөйлеу әрекеті 
ойлаумен, оның жинақтау, талдау, салыстыру, дерексіздендіру, жал-
пылау сияқты операциялармен тығыз байланысты. Сөйлеу әрекеті – 
психикалық күрделі әрекет ретінде тілде төрт жағдайда көрінеді: 
оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым. Оқылым, тыңдалым ре-
продуктивті (өнімсіз) деп аталса, айтылым, жазылым өнімді деп 
аталады. Сөйлеу әрекеті адамның іс-әрекетінің бір ретінде түрткі, 
себеп, уәж (мотив) арқылы жүзеге асады. Сөйлеу әрекетінің әрбір 
түрі адамның жалпы психикалық қызметіне байланысты. Мәселен, 
адам оқығанын, тыңдағанын түсініп,жаза біліп,сөйлеу үшін соған 
итермелейтін түрткі мотивация керек. Уәж – мақсат қоюға талаптан-
дыратын түрткі. Оқушының тілдің қажеттілігін, пайдалылығын, 
маңыздылығын түсінуі – оқу процесінде нәтижеге жетудің негізгі 
шарттарының бірі екендігін мұғалім әрдайым естен шығармағаны 
абзал. 
Ассоциация теориясы бойынша, адам сөздерді кезек-кезек 
қабылдамайды, алдында тұрақты жадыда сақталған материалдармен 
ұштастыру, салыстыру арқылы қабылдайды. Сөйлеу әрекетінің 
репродуктивті түрінің жүзеге асуы кезінде оқушы оқу материалының 
мазмұнын алдымен шатастырып, содан соң практикада қолдануға 
дағдылану арқылы меңгеретін болады. Баланың материалды түсінуі 
ең алдымен бұрын алған білімімен ұштастыру арқылы шатастыру 
кезеңі мен кейін бірте-бірте айыратын дәрежеге көтерілу кезеңінен 
тұрады. Осы екі процестің бірінен соң бірі ауысып отыруы арқылы 
мида, жоғарыда айтқандай, шартты байланыс пайда болады. Ал 
адамның дүниені танып білуі осы уақытша шартты байланысқа 
(ассоциация) тікелей қатысты. Физиологтардың айтуы бойынша, бұл 
уақытша шартты байланыстар адам миына мазмұны ұқсас,бір типтегі 
нерв импульстері тез ара уақытта түскенде тез қалыптасады. Демек, 
лексикалық, грамматикалық материалды игеруде әр сабақта берілетін 
білімнің мазмұны бір-бірімен сабақтаса, байланыса жүйелі орналас-
тырылуы керек. Белгілі психолог Қ.Жарықбаев: «Грамматиканы 
меңгеру – біздің ауызша және жазбаша сөйлеуімізді дамытудың 
бірден-бір құралы. Оның заңдарын білу арқылы ғана бала өзінің 
ауызша және жазбаша сөйлеуін белгілі мақсатқа сай ұйымдастырып, 


14 
жоспарлап жүйелі етіп құра алатын қабілетке ие болады», дейді. 
Тілдің грамматикалық құрылысын игеру, оны практикалық тілде 
қолдана білу оқудың синтаксистік қағидасын негізделу қажет. 
Оқытудың бұл қағидаты оқушылардың грамматикалық білімін үнемі 
тәжірибеде қолдануын, тілдік материалды сөз тіркесі, сөйлем дәре-
жесінде қабылдануын, оның қатысымдық жағын жүзеге асырады. 
Сөйлеу әрекетінің қай түрі болмасын, алдымен мотив арқылы жүзеге 
асатындығын жоғарыда айттық. Тыңдалым, оқылым, айтылым, 
жазылымға үйрену оқушының жинақталған лингвистикалық универ-
салдық білімнің практикада дағды дәрежесіне көтерілуі қажеттілігін 
психологтар да, әдіскерлер де атап көрсетеді. Осы тұрғыда дағды 
дегеніміз – психологиялық жағынан белгілі бір мақсатты іс-әрекетті 
саналы түрде қайталау негізінде автоматтандыру дәрежесіне жеткізу. 
Дағды жаттығу нәтижесінде қалыптасады. Қазақ тілін оқыту бар-
сында грамматика арқылы түсіндірілген материал жаттығу негізінде 
бекітіліп, сөйлеуге бағытталып отырады. Баланың материалды 
қабылдау, ұғынуы, түсінуі –берілген білімнің жас ерекшелігі мен 
ойлау қабілетінің деңгейіне сәйкестілігімен байланысты. Сондықтан 
сабақта берілетін білімнің оқушылардың шамасы келмейтін, оларды 
орынсыз қинайтындай дәрежеде болмауын қадағалау қажет. Себебі 
бұл жағымсыз сезім – оқушыда фрустрациялық күйдің орнығуына 
әкеліп соғады. Міне, осыдан келіп бала немқұрайды күйге түседі, 
сабақты енжар қабылдайды, пәнге қызығушылығы төмендейді. 
Білімді бекіту, дағдыларды қалыптастыру жаттығу мазмұнының 
сапасына да байланысты. Білімді практикада қолдану дағдыларының 
қалыптасуының нәтижесін олардың сол берілген жаттығуларды 
орындау жылдамдықтары мен оның орындалуы сапасының жоғары-
лығынан анықтауға болады. 
Дағдыны дұрыс қалыптастыруда оны үздіксіз тексеріп, бақылап 
отырудың маңызы зор. Бұл, біріншіден, оқушылардың материалды 
игеруде жіберген қателерін жөндеуге көмектессе, екіншіден, қанша-
лықты дәрежеде түсінгендерін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен 
бірге психологияда оқу үрдісінде дағдыны қалыптастыруды қиын-
дататын бірнеше кедергілер айтылған. Олар: объективтік және 
субьективтік. Объективтік түріне оқу құрал-жабдықтарының сапа-
сыздығы, ал субъективтік түріне оқушының өзіне-өзі сенбеушілігі, 
көңіл-күйінің нашарлығы жатқызылған. Мұғалім осы аталған 
кедергілердің екі жағын да сын көзбен қарап, оларды болдырмаудың 
жолдарын дер кезінде жүзеге асыруы керек. 


15 
Сөздерді тілде дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру 
мұғалімнен үлкен шеберлік пен нәтиже жетуге деген табандылықты 
қажет етеді. Сабақтар арасында мағыналық байланыстардың 
бұзылуы, білім берудің бірсарындылығы, алғаш берілген білімнің 
келесі сабақтарда қайталанбауы оқушылардың алған дағдыларының 
босаңсып, тіпті жойылып кетуіне әкеліп соғады. Мұндай жағдайды 
болдырмас үшін мұғалім сабаққа қойылатын әдістемелік талаптарды 
қатаң орындауы қажет. Олар: сабақтар арасындағы өзара байла-
ныстық, білімнің жүйелі қайталанып, бекітіліп отырылуы, сабақтың 
түрлендіріліп, қызықты жүргізілуі.
Демек, өткен сабақ материалымен жаңа сабақ мазмұны бір-
бірімен сабақтасып, оқушылар алған білімін келесі сабақтарда 
пайдаланатындай, тілде әртүрлі жағдайда қолданылатындай жағдай 
жасалуы қажет. Осы бағытта мына жұмыстарды өткізуге болады: 
оқушылармен жүргізілетін сұрақ-жауапқа құрылған әңгімелер, сурет-
пен жүргізілетін жұмыстар, дидактикалық ойындар, морфологиялық, 
синтаксистік ауызша, жазбаша грамматикалық жаттығулар, диа-
кинофильмдер көру, таспа жазулар арқылы оқушылардың өздерінің 
сөйлегендерін тыңдап, бақылауы,талқылауы сияқты көптеген оқу 
жаттығулары, жұмыстары.
Сөйлеу әрекетінің бір түрі – тыңдап-түсіну немесе тыңдалым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет