20
қазақ тілін іс жүзінде тәжірибеде қолдану мотивін түсінуі мен
меңгеру үдерісінің нәтижесін тәжірибеде қолдану қажеттігін сезуден
басталады. Сондықтан мұғалім оқушыны алған білімін әрқашан
табиғи және жасанды ситуациялық жағдайларда орындалып
отыруына мүмкіндік жасау керек. Оқушылардың материалдарды
саналы меңгеруі оқушы белсенділігімен тығыз байланысты.
Оқушының оқу белсенділігі болған жағдайда ғана материал
меңгеріледі. Ал ол үшін сабақ қызықты, тартымды өту керек. Қазіргі
оқулықтардағы
мәтіндер, оқу дискілеріне жазылған қосымша
тәрбиелік мәні бар оқу материалдары, сабақтағы интербелсенді
әдістердің қолданылуы осы мүмкіндіктердің жүзеге асуының жоғары
екендігін дәлелдейді.
4.
Оқытудың түсініктілігі қағидатыоқытудың саналылық,
белсенділік қағидатыментығыз байланысты. Оқытудың түсініктілігі
ұстанымы оқулықтағы тілдік, практикалық материалдардың тілінің
түсініктілігін, жүргізілетін жұмыстардың
арасындағы логикалық
байланыстардың болуын көздейді. Осы ретте мұғалімнің жаңа
сабақты жеткізуі түсінікті, ықшам, қызықты болуы шарт.
5.
Оқытудың жүйелілік пен бірізділік қағидаты.Оқу барысында
тілдік, тіл дамыту материалдарының арасында, жаңа білім мен
бұрынғы білім арасында логикалық байланыс болғанда ғана білім
жүйелі болады. Мысалы, етістіктің өзін өтпей жатып, оның шақта-
рын, жұрнақ, жалғауларының қызметін түсіндіру немесе күрделі
етістікті
қамтымай жатып, көмекші етістікті жалаң түрде оздыра
оқыту оқушының етістік бойынша жүйелі білім алуына кедергі
жасайды.
6.
Білімді берік меңгеру қағидатыоқытудың басқа барлық
ұстанымдарымен тығыз байланысты. Бұл, негізінен, өткен
материалды қайталау және жүйеге келтіру,
жалқыны жалпыға,
деректіні дерексізге айналдыру кезінде жүзеге асады. Бұл кезеңде
оқушының ойлау іс-әрекетін жеке детальдар мен бөлшектерден гөрі
топтау, жинақтау, біріктіру сияқты ойлау операцияларының басым
жұмыс істеуіне көңіл аудару керек. Олардың күш-жігерін
материалды жинақтауға, жүйелеуге шоғырландыру керек. Мәселен,
тілдік категорияларды практикалық мақсатты үйретуде олардың
арасындағы мағыналық байланыс үзілмеу керек, олар келесі
сабақтарда
жаңаша мазмұнда баяндалып, тереңдетіле түсіндіріледі,
бұл қазіргі спиральді білім алу ұстанымына да сәйкес. Арасында
жазбаша ауызша бақылау жұмыстары оқушылардың өткендегі
21
материалды еске түсіруіне мүмкіндік береді. Бұл көбіне қайталау
әдісі арқылы жүзеге асады. “Қайталау – білім анасы” демекші,
білімнің берік меңгерілуі өтілген материалды ұмытпайтындай, қазіргі
біліммен ұштастыра отырып, сөйлеу тілде қолдану болып табылады.
Блум таксономиясының білімді меңгеру үдерісіндегі иерархиялық
жүзеге асуы мұғалімнің басшылыққа алатын негізі ұстанымдарының
бірі болу керек.
7.
Оқытудың оқушының шамаға лайықтылығы мен оқушылар-
Достарыңызбен бөлісу: