Сабақ Ортақ тақырып: Жанды табиғат Бөлімше: климат және ауа райы Табиғат жағдайлары және олардың әсері



бет33/113
Дата23.04.2024
өлшемі438.28 Kb.
#499660
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   113
Дүниетанудан 3 сыныпқа ҚМЖ топтамасы

Спорт – денсаулық кепілі!

Оқыту мақсаты

3.1.4.2 спорт түрлерін топтастыру, спорттың қандай да бір түрімен айналысу үшін қажетті негізгі және
өзінің бойындағы қабілеттерін анықтау.

Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер)

Барлық оқушылар:

  • адамдар не үшін спортпен айналысатынын түсіндіреді;

  • қыстық және жаздық спорт түрлерін ажырата алады.

Көптеген оқушылар:

  • қандай да бір спорт түрімен айналысуға қажетті негізгі қабілеттерді және өзінің бойындағы қабілеттерді анықтайды;

  • тақырыпты талқылайды, пікірлерімен бөліседі.

Кейбір оқушылар:

  • белгілі бір спорт түрін таңдағанына қатысты өзінің пікірін дәлелдейді;

  • өзінің мектебіндегі (ауылындағы, қаласындағы) спорт секциялары туралы ақпарат жинайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар өзінің туа бітті қасиеттерін есепке ала отырып денсаулықты нығайту үшін спортпен айналысу қажеттілігі жайында талқылайды және соған қатысты шешімдер шығарады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Спорт, спорт түрлері, спортпен айналысуға арналған адам бойындағы туа бітті қасиеттер, спорт жарыстары, олимпиада ойындары.
Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер
Спортпен айналысу денсаулықты нығайтады, көрікті сымбат сыйлайды, тыныс алу жолдарының жұмысын жақсартады, төзімділікке үйретеді, иілгіштікті дамытады.
Талқыланатын мәселелер:

  • спорттың қандай түрлері бар?

  • адамдар спортпен қандай мақсатта айналысады?

  • спорт адам мінезіндегі қандай қасиеттерді қалыптастырады?

  • спортпен айналысуға арналған адам бойындағы туа бітті қасиеттердің қандай маңыздылығы бар?

Жазылым:
Үлгі бойынша сөйлем құрастыру: «Спорт дегеніміз – ...».

Алдыңғы білімдер

Спорт туралы қарапайым түсініктер

Сабақ жоспары




Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой қозғау

Мұғалім: Өлеңге назар аударыңдар: Спорт – сенің серігің
Жанға дауа, қолға күш. Сергітетін адамды Қимыл менен қозғалыс.

Балалар, әдетте спортпен қайда айналысады? Дұрыс, спорт залында.


Суреттерге қара. Адамдар не үшін спортпен айналысады? Кем дегенде 3 себебін атап шық.
Кластер құрастырамыз.


Денсаулық Жақсы көңіл күй Сымбатты мүсін
Өзіңе деген Спорт Зиянды әдеттерден
сенімділік арылу
Жақсы ұйқы
2. Үлгі бойынша сөйлем құрастыр: Спорт деген – денсаулық!
Спорт деген – қозғалыс! Спорт деген – сұлулық! Спорт деген – өмір!
Спорт деген – ! Спорт – бұл !


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет