5 (Ж) Кестемен жұмыс. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Кластер Екіден жұмыс істей отырып, катаклизмнің түрлері берілген кестені оқып шығыңдар. Біздің елімізде катаклизмнің қандай түрлерін байқауға болатынын айтып беріңдер?
Қорытынды: Катаклизмнің бірнеше түрлері бар. Біз оның екі түрін оқып жатырмыз: геологиялық (жер бетінің жағдайына байланысты) және табиғи-климаттық (ауа райының жағдайына байланысты: жел, температура, жауын-шашын).
Біздің елімізде, цунамиден басқа, кестеде аталған құбылыстардың барлығын байқауға болады.
6. (Т) Оқушы-оқушы диалогі. «Табиғи апат кезіндегі қауіпсіздік ережесі» жобасы – Топта электронды қосымшадағы, оқулықтағы материалдарды оқи отырып, табиғи апат кезіндегі мінез-құлық ережелерін құрастырыңдар. (Әр топ белгілі бір табиғи апат кезіндегі мінез-құлық ережелерін құрастырады).
Жұмыстың нәтижесін сыныпқа көрсетіңдер.