Кейбір оқушылар: – басқа да қауіп-қатерлерді зерттейтін болады (жәндіктерден, саңырауқұлақтардан болатын қауіптер және т.б.)
Тілдік мақсат
Оқушылар - жауаптарын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; оқулықтағы мәтіннен алған ақпараттарды қолданады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология: Қауіп-қатер, табиғи орта, қауіпсіздік ережесі, қауіпсіздікті жоспарлау.
Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер Табиғи орта дегеніміз – адамды қоршап тұрған табиғат жағдайлары, жанды және жансыз табиғаттың алуан түрлі формаларының жиынтығын айтады.
Талқыланатын мәселелер: Табиғи орта дегеніміз не?
Табиғи ортада қандай қауіп-қатерлер жасырынған?
Табиғи ортадағы қауіпсіздікті қалай жоспарлауға болады?
Табиғи ортада қауіпсіздік ережелерін сақтау неліктен маңызды?
Алдыңғы білімдер
Табиғаттағы адамға төнетін қауіп-қатерлер жайындағы білімдері. Оқушылардың өмірлік тәжірибелері