Сабақтыңң тақырыбы: Одағай
Сабақтың білімдік мақсаты: Одғайдың өзіндік ерекшелігін, түрлерін, тыныс
белгілерін түсіндіру
Танымдық мақсат: Сөйлем ішінде одағайларды таба білу, олардың сөз арасыітдағы қызметін ұғыну
Тәрбиелік мақсат: Үй жануарларына қамқорлық, табғатпен түсіністік
Әдісі мен түрі: түсіндіру сабағы, сатылай дамыта оқыту, ойын әдісі
Көрнекілік және пайдаланатын әдебиет: тірек сигналдары, сурет. «Ақ сандық, көк
сандық» кітабы
Пәнаралық байланыс: Әдебиет Образға ену
Сабақтң барысы:
өнерлілік қабілеті
Шығармашылық
Саты
Бекіту
Ғылыми ойлау
Эврисикалық саты
Жаңа сабақ
Есте сақтау қабілеті
Алгоритмдік саты
Үй тапсырмасы
Өмірлік тәжірибе
Деңгейлік саты
Ұйымдастыру
Деңгейлік саты (Ұйымдастыру)
Ойын «Қалай айтуды білемін» Сабак барысында айта алмай қалған оқушылардан салық алынады, яғни, бір зат (дәптер, күнделік, карандаш) тапсырады, ойын соңында «жаза» орындайды
Жануарлар не істейді?
Әтеш шақырады
Есек ақырады
Маса ызылдайды
Жылан ысылдайды
Бақа бақылдайды
Үйрек қақылдайды
Ал, сиыр қайтеді? Деп мұғалім кез келген оқушыдан сұрайды
Мөңірейді
Жылқы қайтеді?
Кісінейді
Қой?
Маңырайды
Түйе?
Боздайды
Мысық?
Ит?
Торғай? т б
Алгоритмді (Үй тапсырмасын сұрау)
Енді осы жанурлардың дыбысын салайық. Қане.
Сиыр қалай дыбыстайды?
Мөө
Жылқы?
И и и хо
Қой?
Бәә
Түйе?
Бо о
Бұл дыбыстар қандай сөз?
Еліктеу сөз?
Оны қалай жасадық?
Жануарлардың дыбысына еліктеу арқылы
Түрлерін атайық (ережесі, қызметі) Үй тапсырмасы бойынша («Еліктеу сөздің монологын» оқу. Көрнекілік «Еліктеу сөз» тірек сигналы ілінеді
Эвристикалық саты
(Жаңа сабақ)
1. Ойынды жалғастырамыз. Енді үй жануарларын қалай шақырамыз?
-
Қойды? - Пұшайт-пұшайт!
-
Сиыр? - Әукім-әукім!
-
Жылқы? - Құру-құру!
-
Ешкі? Шөре-шоре!
-
Түйе? - Мох-мох!
-
Қазды?-Гәл-гәл!
-
Мысық? - Піш-піш!
-Итті?-Кә-кә!
-
Тауық? - Чеп-чеп!
-
Үйрек? - Өт-өт!
2. Ендеше осы «Әукім-әукім, кә-кә, мох-мох» дегеніміз Одағай сөздер. Бұны шқыру
одағайлары дейміз. Одағайлар түрлі адамның көңіл-күйін білдіреді. Сөйлемнің басында не аяғында келеді. Үтір, дауыс көтерілсе (!) қойылады. Түрленбейді. Диалогта кездеседі.
3. Тақпақ оқу.
1) Алақай не? 2) Беу! деген не?
Көңіл-күйің бір аунау. Балақай-ау «беу» десең,
Құрак ұшқан қуаныштан Оны айтасың -
бір ұрандау! өкінішті кезде сен.
3) Әуіп! дегенің 4) Тәйт! дегенді
Бөтен өзге түк емес Білесің не білмейсің
Бірдеңені көтеру ғой Оны білсең
Күшпенен! Үлкендермен бірдейсің
-
Тақтаға жазу: «Алакай» қуаныш, «Беу!» өкініш, «Әуіп» көтермелеу, «Тәйт» жекіру .
-
«Табылған ақыл» Қожанасыр туралы әңгіме оқып, түсінгенін айтамыз, одағайды айтамыз, тыныс белгілері.
6 Кітаптағы жаттығуды орындау.
. Одағай сөздердің өзіндік белгілерін шғарту, оны еліктеу сөз белгілерімен салыстыру
2 Венн диаграммасы
Еліктеу сөз ортақ Одағай
1 Айналадағы дыбысқа 1 Адамның көңіл күйін
еліктеу арқылы жасалады көмекші білдіреді
2 Еліктеуіш, бейнелеуіш 2 Көңіл күй, шақыру
3 Негізгі, туынды 3Үтір не леп белгісі
қойылады
4 Көмекші етістікпен сөз 4 Диалогта қолданамыз
(ет) тіркеседі 5 Сөйлем мүшесі болмайды
5 Баяндауыш, пысықтауыш
«Одағай сөз» тірек сигналды плакат ілінеді
Одағайды талдау мыс:
әукім әукім Домалаң
Туынды сөз Туынды сөз
күрделі сөз Дара сөз
Қос сөз Түбірі сөз
Қайталама Ң жұрнақ, сөз тудырушы, өнімсіз
Көмекші сөз Еліктеу
Одағай бейнелеуші
Шақыру
Шығармашылық саты (Бекіту)
Ойынды аяқтау
Біздің халық өте мәдениетті халық, сондықган малдың төлдегенін былай айтады екен.мыс: Сиыр бұзаулады
Жылқы?
Қулындады
Қой?
Қоздады
Ешкі?
Лақтады
Түйе?
Боталады
Ит?
Күшіктеді
Мысық?
Балалады т б
Бұл қай сөз табы?
Етістік, зат есімнен жасалған
7. «Қожанасырдың базарға баруы» көрінісі.
8 «Қозылар мен қасқырлар» ойыны
-Қозым, қозым қайдасың?
-Мә -ә,мә-
-Үйге қайт
-Қорқамыз
-Неден?
-Қасқырдан
-Қасқыр қайда –
Тау астнда
-Не істеп жатыр?
-Ет жеп жатыр
-Не де болса қайтындар. (Қаскырлар «Ауу» дел қуады, қозылар қашады қозыларды ұстап алуға тырысады)
3 Монолог жазу
Қоянның, Қасқырдың монологы
Бұзау, құлын қозының монологы
Қорыту
Ойында жиналған заттар арқылы «жаза» қолдану. Мыс Бір оқушы хан болып, теріс қарап тұрады да, жазаларын айтады. Мыс: Одағайдың ережесін айтсын. Сөйлем ойласын Тақпақ оқысын. Би билесін Ән шырқасын т б
Бағалау
Үйге Одағай, еліктеу сөздерді пайдаланып, мысық пен күшщіктің диалогын жазу
Жаттығу
Ереже, шарты
.
Сабақтың тақырыбы: Сан есімді қайталау
Сабақтың мақсаты: 1. Сан есімнің құрамдық және мағыналық түрлерін, жасалу жолдарын, өзіне тән ерекшеліктерін қайталап, пысықтау.
2 Грамматикалық сауаттылығын арттыру, танымдылық қабілеттерін дамыту, шығармашылық дағдыларын қалыптастыру.
З.Ана тілінің заңдылықтарын сүйе білуге үйрету, пәнге дегн қызығушылығын» ояту.
Типі: қайталау, пысықтау.
Түрі- «Бақытты сәт» ойыны.
Әдісі: сұрак - жауап, ойлау, жеке, жұппен, топпен жұмыс.
Байланысы: математика, қазақ әдебиеті.
Көрнектілігі: модульдік құрылымы жазылған плакат, сабақтың жобасы, деңгейлік
тапсырмалар, бағалау парағы.
Сабақтың барасы:
-
Ұйымдастыру кезеңі (сабқтың мақсатымен таныстыру).
-
Сабақтың жобасы бойынша деңгейлік тапсырмалар орындау.
1-гейм «Бой серіту»
Сұраққа жауап беру:
-
Қазақ тілінде неше әріп бар?
-
Қазак тіліне тән неше дыбыс бар?
-
Казақ тілінде жалғаудын неше түрі бар?
4. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
-
Сан есім дегеніміз не?
-
Сан есім құрамына қарай неше топқа бөлінеді?
-
Сан есім мағынасына қарай неше топқа болінеді?
-
Реттік сан есім дегеніміз не?
-
Жинақтық сан есім дегеніміз не?
-
Топтық сан есім дегеніміз не?
-
Бөлшектік сан есім дегеніміз не?
-
Болжамды сан есім қандай жұрнақтар арқылы жасалынады?
-
Реттік сан есім қай цифрмен жазылған кезде дефис қойылады?
2-гейм «Сиқырлы сандық» (Жеке жұмыс)
Нөмірлері бар тапсырмаларға жауап береді.
3-гсйм «Жұмбақтас» (Жұппен жұмыс).
4-гейіи «Өсімдікке ұмтылу» (топпен жұмыс)
«Азамат» тобы
1. Сөйлемдерді оқып, сан есімді тауып, мағыналық түрлеріне қарай ажыратыңдар.Қарамен
жазылған сөзді септе.
Екеу болсаң, бір бірімен кеңес.
Біреу болсаң, қабырғаңмен кеңес.
-
Сан есімдер қатысқан мақал – мәтел жазыңдар.
-
Ассоциация құрастыр «Киелі сан — жеті».
«Ұлан» тобы
-
Сөйлемдерді оқып, сан есімді тауып, мағыналық түрлеріне қарай ажыратыңдар. Сабақтан
кешікпес үшін алты — жетілерен тұру керек.Алты — жетілерде - (болж с.е.)
-
Сан есімдер қатысқан мақал – мәтел жазыңдар.
3 Сан есіммен сын есімнің ұксастығы мен айырмашылығын жаз.
Қорыту:
Бағалау:
Үйге: Сан есімдердің түрлерін қайталау, емлесін есте сақтау.
Пайдаланған әдебиеттер.
1. «Сатылай комплексті талдау». (фонетика, лексика) Н.А.Оразахынова. Алматы, 1999ж.
2. «Сатылай комплексті талдау». (синтаксис, морфология) Н.А.Оразахынова. Алматы, 2001ж.
3. С.Исаев. Сөйлемді грамматикалық талдаудың әдістері. Алматы. 1976ж.
4. Қазақ тілі 6-сынып оқулығы. Алматы, Атамұра 2006ж.
5. Қазақ әдебиеті 6-сыныпоқулығы. Аламты, Атамұра- 2006ж.
6. Исаев «Қазіргі қазақ тілі» 1998ж. Қазак тілі.
7. Бағдарламалар 5-7сынып. Алматы, 2003ж.
Достарыңызбен бөлісу: |