Сабақ тақырыбы: «Ағымдағы банктік шотының операциялары есебі»



бет24/44
Дата08.04.2024
өлшемі0.58 Mb.
#497966
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   44
«Қаржылық есеп» пәнінен дәріс материалдары

Курс тақырыбы 1.3.: «Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер»
Сабақ тақырыбы №14: «Негізгі құралдар шығуын құжатты ресімдеу және есепке алу»


Курс тақырыбы 1.3.: «Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер»
Сабақ тақырыбы №15: «Негізгі құралдарды түгендеу және қайта бағалау»


Курс тақырыбы: «Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер»
Сабақ тақырыбы: «Негізгі құралдарды түгендеу және қайта бағалау»


?1.Негізгі құралдарды түгендеу тәртібі
?2.Негізгі құралдардың қайта бағалануы


1. Негізгі құралдардың нақты бар-жоғын анықтау жәнек олардың сақталуына бақылау жасау мақсатында субъекті басшылары нормативтерді, заңдарды және басқа да актілерді, есеп саясатын басшылыққа ала отырып НҚ мүлікке түгендеу жүргізіп отырады.
НҚ мүліктік түгендеу қаржылық есеп беру мен баланстарды жасау алдында, жылына 1 рет жүргізіледі. Үйлерді, ғимараттарды және басқа да жылжымайтын объектілерді үш жылда бір рет, өнім беретін және жұмысқа пайдаланылатын малды тоқсан сайын және жылдық есепті жасау алдында 31 желтоқсанда түгендеу жүргізеді.
Мүліктік түгендеу міндетті НҚ-ң нақты барлығы, техникалық жағдайы туралы дәл, толық мәліметтерді алумен қатар бухгалтерлік есепке алу мәліметтерімен салыстырылады. НҚ мүліктік түгендеу кезінде комиссия міндетті түрде тексеріп, нақты бар жоғы және техникалық жағдайы туралы мәліметтер «Негізгі құрал-жабдықтарды мүліктік түгендеу тізіміне» жазып, түгендеу біткеннен кейін субъектінің бухгалтериясына өткізеді. Тізімдемеде объектілердің толық аты көрсетіліп, олардың техникалық сипаттамалары берілуі тиіс.
Түгендеу мынадай жағдайларда жүргізіледі:

  1. материалды жауапты адам ауысқанда

  2. НҚ ұрланған жоғалған жағдайда

  3. өрт немесе басқа табиғи апат жағдайларына байланысты

  4. ұйым бір бағынышты органнан екінші орган қарамағына ауыстырылғанда тағыда басқа жағдайларда.

Ұйымның бухгалтериясы НҚ түгендеу жүргізу нәтижесін анықтау үшін салыстыру тізімдемесін жасайды. Бұл тізімдемеде түгендеу барысында анықталған ұйымның бухгалтерлік есеп мәліметтері мен ақпараттарына сәйкес келмейтін бұрын алынбаған, яғни арттық шыққан немесе кем шыққан НҚ-ға жасалады. Түгендеу жүргізу комиссиясы өз жұысының соңында қорытынды жасап, өз шешімін шығарады және оны ұйымның басшысы бекіту керек.


2. НҚ-ң бастапқы құнын белгілі бір күнге әрекет етіп тұрған бағасымен сәйкес келтіруі үшін объектілерге қайта бағалау жүргізеді, содан соң ол есепте және есеп беруде көрініс табады. НҚ-ды қайта бағалауды жүргізу үшін түгендеу комиссиясы сияқты комиссия құрады және кәсіптенген бағалаушыларды шақырады, ал олар сол бағалау күніне сәйкес келетін бағасын шығарады. Қайта бағаламас бұрын сол НҚ-ң белгіленген тәртіпте түгендеу жүргізеді. НҚ-ды қайта бағалау үшін оның бастапқы құны, қызмет ету мерзімі, техникалық жағдайы қайта бағалаудың ең негізгі мәліметі болып табылады. Егер НҚ-дың бастапқы құны өсетін болса, онда сонымен бірге тозу сомасы да өседі, ал керісінше болған жағдайда, олардың баланстық құны өседі.
Қайта бағалаған сомасына НҚ-ң ағымдағы немесе бастапқы құны артқан кезде, олардың құнына 2410 «НҚ» шоттары дебиттеліп, 5420 «Қайта бағалауға арналған резерв» шоты кредиттеледі. Ал НҚ-ң қайта бағалаған тозу сомасына, яғни 5420 «Қайта бағалауға арналған резерв» шоты дебиттеліп, 2420 «НҚ тозуы» шоты кредиттеледі.

3. Негізгі шоттар корреспонденциясы:







Шаруашылық әрекеттер мазмұны

Дебет

Кредит

1

Түгендеу барысында жоқ болған НҚ есептен шығару:

  • қалдық құнына

  • есептелген тозу сомасына

7210
2420

2410
2410

2

Түгендеу барысында жоқ болған НҚ кінәлі тұлға табылғанда анықталды

1253


6280


3

Түгендеу барысында бұрын есепке алынбаған НҚ табылып және олар кіріске алынды:

  • қалдық құны бойынша

  • тозу сомасына

2410
8415

6280
2410

4

НҚ қайта бағалаған кезде бастапқы құны артты

2410

5420

5

НҚ қайта бағалаған кезде бастапқы құны кеміді

5420

2410

6

НҚ қайта бағалауға байланысты Бқ өсуіне сәйкес тозу сомасының артуына

5420

2420

7

НҚ қайта бағалауға байланысты Бқ өсуіне сәйкес тозу сомасының азаюына

2420

5420



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет