Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары – жоғары кәсіби халықаралық ұйымдармен дайындалған және ұсынбалы сипаттағы бухгалтерлік есеп ережелері, әдістері, ұғымдары мен процедуралары жиыны.
2007 жылдың наурыз айынан бастап 28 қаңтар 2007 жылғы №234-ІІІ «Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» ҚР Заңына сәйкес бухгалтерлік есепті және қаржылық есеп беруді төмендегідей субъектілер құру керек:
- ҚР Салық Кодексіне сәйкес арнайы салықтық режимді қолданатын жеке кәсіпкерлер бухгалтерлік есепті және қаржылық есеп беруді жүргізбейді.
- шағын және орташа ұйымдар, коммерциялық емес, қазыналық-мемлекеттік ұйымдар қаржылық есепті ҚЕҰС-на сәйкес жүргізеді. (НСФО №1, 2 )
- ірі кәсіпкерлер мен жария ететін ұйымдар қаржылық есепті ҚЕХС-на сәйкес жүргізуге міндетті.
Үшінші деңгей - бухгалтерлік есеп стандарттарына әдістемелік ұсыныстар, шоттардың үлгі жоспарын қолдану бойынша нұсқаулықтар, бухгалтерлік есептің есеп тіркегіштерін толтыру бойынша нұсқаулықтар және т.б. Нормативті құжаттардың осы деңгейі ҚР қаржы министрлігімен дайындалып бекітіледі.
Үлгі шоттар жоспары 2007 жылдың 23 мамыр айының ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілді.
Төртінші деңгей – субъектінің есеп саясаты, осы субъектінің жүргізетін есебінің нысаны, шоттардың жұмыс жоспары, белгілі бір объектілер бойынша есептің таңдалған әдістері талқыланатын субъектінің өзімен дайындалып бекітіледі.
Есеп саясаты – бұл бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беруді ашудың негізгі қағидаларына және негіздеріне сәйкес жүргізу үшін субъектінің басшысымен қабылданатын әдістердің жиынтығы.
2. Қағида – бұл бухгалтерлік есептің ғылым ретіндегі одан келешектегі шығатын барлық тұжырымдарды анықтайтын негізі, бастапқы және базалық ережесі.
«Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234-ІІІ Заңына сәйкес негізгі қағидалар болып келесілер табылады:
1.Есептеу қағидасы. Қаржылық есеп берулер есептеу қағидасының негізінде құрылады, өйткені табыстар тауарлар сатылған және қызметтер көрсетілген кездегі есепті кезеңде, ал шығындар табыстар алу үшін пайдаланылған кездегі есепті кезеңде көрсетіледі.
2.Үзіліссіз қызмет қағидасы. Шаруашылық субъектісі өз қызметін белгіленбеген уақыт аралығында жалғастыра береді және жақын арада оның жойылуы күтілмейді.
3.Түсініктілік қағидасы. Қаржылық есеп берудегі ақпараттар оларды пайдаланушылар үшін түсінікті болуы керек.
4.Маңыздылық қағидасы. Қаржы ақпараты пайдаланушылардың шешім қабылдауы барысында, олардың қажеттерін қанағаттандыруда және қаржы-шаруашылық қызметіне баға беруде көмектесуі тиіс.
5.Мәнділік қағидасы.Есеп жүргізу саясатында мәнді, маңызды ақпараттың ескерілмеуі немесе дұрыс көрсетілмеуі қаржы есептемесін пайдаланушылардың экономикалық шешімдеріне ықпал етуі мүмкін болса, онда оны қаржы есептерінде ашып көрсетуге бағытталуы тиіс.
6.Дұрыстық қағидасы.Ақпарат шынайы көрсетіліп, қате болмауы тиіс.
7.Қаржылық ақпаратты әділетті және тура көрсету.Қаржылық есептемелер оларды пайдаланушыларды субъектінің қаржылық жағдайы, операцияларының нәтижелері және ақша қаражаттарының қозғалысы туралы шынайы және тура түсінік тудыруы керек.
8.Бейтараптық қағидасы.Ақпарат сенімді болуы үшін бұрмаланудан аулақ болуы керек.
9.Сақтық қағидасы. Активтер мен табыстардың асыра бағаланбауын, ал міндеттемелер мен шығындардың жете бағаланбауын болдырмас үшін, белгісіздік жағдайда баға беруге қажетті шешімдер қабылданған кезде сақ болған жөн. Активтер мен міндеттемелерді бағалаған кезде неғұрлым консервативті әдіс таңдалынады: шығындар-максимум бойынша, ал табыстар минимум бойынша.
10.Тиянақтылық қағидасы.Қаржы есептеріндегі ақпарат толық болуы керек.
11.Салыстырмалық қағидасы. Қаржы ақпараты пайдалы әрі мазмұнды болуы үшін, ақпарат бір есепті кезеңнен екіншісіне салыстырмалы түрде, ал оны пайдаланушылар есеп саясатынан және оған енгізілетін барлық өзгерістерден хабардар болуы керек.
12.Кезектілік қағидасы. Ұйымдармен таңдалып алынған есеп саясаты бір есепті кезеңнен екіншісіне дәйекті түрде қолданылады. Пайдаланушылар субъектінің қаржылық есеп беруін әр түрлі есеп кезеңдерімен салыстыруға мүмкіндіктері болуылары керек.
Достарыңызбен бөлісу: |