Гибрид сөздердің кеніші – публицистикалық стиль. БАҚ арқылы жүздеген сөздер еніп, біртіндеп тілде тұрақтануда: сауда-экономикалық ынтымақтастықты, ресми бизнес-делегация, «Теңізшевратл»,мектеп-гимназия, Халықаралық қазақ-түрік университетінінің оқытушы-профессорлары,студенттері, нормативтік-құқықтық актілерімізде, тарихи-мемориалдық мұражайын, Су комиссиясы концерттік-ойын-сауық бағдарламасы, монумент кешені, мектеп-интернат т.б.театр-көркемсурет институты, тарихи-музей кешені, археологиялық қорық-музейі, қазақ музыкалық-драма театры, балалар мен жасөспірімдер театры, әдеби-мемориал, физиотерапиялық бөлім, су-энергетикалық, мәдени-гуманитарлық, сервистік дайындау орталығы, «Жетісу» ҰҚ» АҚ, пилоттық жоба, сүт зауытыт.б.
Қорыта келгенде, тілде гибрид сөздер әр түрлі құраммен кездеседі. Гибрид сөздердің бір ерекшелігі - олардың белгілі бір уақыт кесіндісіндегі аса белсенді, сол бір уақыт үшін аса өзекті ұғымдар мен түсініктерді атайтын сөздерден құралатындығы. Келесі ерекшелігі ретінде композиттерінің анықтауыштық сипаты болғанымен, компоненттерінің санына қарамастан, бір ұғымды, белгілі бір құбылысты атайтын сөздер болып келуін айтуға болады. Яғни табиғаты жағынан төлтілдік күрделі сөздерге аса ұқсас: құрамындағы компоненттерінің санына қарамастан, сөйлемде бір мүшенің қызметін атқарады, бір ғана сұраққа жауап береді. Олар тіркес күйінде келгенде құрамындағы компоненттерінің орны (позициясы), негізінен, тұрақты болады. Сөзалды қосымшамен (префиксоидтармен) келетін гибридтер бір компоненті аударуға келе бермейтін сөздердің санын көбейтеді.
Ал қос сөздер моделі бар гибрид сөздер қазақ тіліндегі қос сөздердің қалыптасқан модельдеріне үнемі ұқсай бермейді. Компоненттерінің саны, реті, мағыналық үйлесімділігі, буын санына қарай орналасуы, дауысты дыбыстармен келетіндері алдыңғы орында тұруы сияқты ерекшеліктер үнемі сақталмайды.
Аббревиатуралармен келетін гибридтер қысқарған сөздердің жаңа тобымен, яғни нанотехнологиялық, техникалық инновациялардың қысқарған атауларымен келеді.Бұрынғысынша мекеме, ұйым атауларының қысқарған түрлерінен бөлек арт-, спа- сияқты аббревиатуралар пайда болғанын айту керек.
Гибрид сөздер құрамында ағылшын тілінен енген сөздер мен жаттілдікпрефиксоидтар көп, мұндай үлгілермен қолданыста жүрген сөздерқатары артуда. Жалпы, аталмыш сөздер терминдік қордың, сол арқылы сөздік қордың да басым бөлігін құрайтын элементтерге айналып келе жатқанын біле жүрген дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |