Сабақ тақырыбы Ахмет Байтұрсынұлы кім? Будан сөздер емлесі Модуль/Пән атауы Қазақ тілі



бет6/8
Дата04.09.2022
өлшемі31.52 Kb.
#460189
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
3 тақырып

VIP(ағылш. Very Important Person) – VIP-кабина, PR (ағылш. public relations) –IP (англ. internet protocol), VIP-апартаменттер,VIP- қызмет (сервистік), VIP-Тур т.б. КейдеV.I.P деп жазу да кездеседі. Қазіргі ұсынылып отырған емле ережелерінде гибрид сөздердің жазылуы реттеліп, ұсынылғаны жоғарыда айтылды.
Негіздердің, түбірлердіңсызықша арқылы қосылуынан туындаған гибридтер, мысалы: блиц-сауал, брейн-ринг, фейс-бақылау, маркет-мейкер, кофе-брейк, арт-каф, поп-музыка тек сызықшамен жазылып, тілде қалыптасып кеткен еді. Жаңа ережелерде осы жазу үлгісі ұсынылған.
Орыс тілінің үлгісімен о,е – сөзбіріктіруші дауысты дыбыстармен келетін сөздер тілде өте көп және олардың бәрінің құрамынан аталған дыбыстарды алып тастау көбіне жүзеге асқанмен, кей сәттерде алып тастау мүмкін емес. Мысалы: электротехника – электртехника болып қалыптасып кеткен. Бірақ физиоем сияқты сөздер құрамындағы е-ні алып таста түсінбеушілік тудырады.
Егер дүниежүзі тілдеріндегі терминдік қабаттың грек-латындық негізініңбасымдығынескерсек, гибрид сөздердің үш композиттіболатыны, онда дагрек я латын – ағылшын - қабылдаушы тіл элементтерінен құралатыны терминжасам жүйесінен байқалады. Мысалы: Халықаралық са­ламаттылық академиясы т.б.Бұл құрамның гибридтілігі айқын, осындай гибридтерді айтпағанның күннің өзінде, грек-латын құрамды терминдердің өзі дайын гибридтер түрінде қабылдаушы тілге енеді, мысалы:геоморфологиялық арена т.б.Мұндай атауларды гибрид деп тануға негіз болып тұрған белгі - төлтілдік қосымшалар, нақты айтқанда, төлтілдік сөз тудырушы жұрнақтар. Осындай кірме сөздер тілде өте көп, әсіресе жалпылама құбылыстардың атаулары, жинақтау мағынасындағы сөздер, классификация атаулары осындай болып келеді.
Орыс тіл білімінде мұндай сөздерді жаңа лексемалар ретінде бағалай отырып, әр түрлі атайды: гибрид сөздер, кентавр сөздеркреолданған сөздер т.б.Гибрид-терминдерді тілді тұтынушы тараптың да, сөзін қабылдаған тараптың та түсінуін жеңілдететін «құрылымдық-семантикалық кешен» деп бағалайды. Сөйтіп тіларалық гибрид-терминдер деген атау берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет