Гибрид сөздердің, гибрид-терминдердің басымдық танытатын бөлігі анықтауыш сыңарлар (композиттер): ол анықтауыш композиттер зат есім құрылымды болып келеді және көбінесе екі я үш құрамды болады, мысалы:оппозиция өкілдері,жабық есік форматы, Tengrinews.kz,ҚР Сыртқы істер министрлігі, ұлттық валюта, инфляциялық таргеттеу, педагогикалық кеңес, өңірлік бюджет, саламаттылық академиясы, атеросклероз ауруы, қант диабеті, этномәдени бірліктер, алкогольді ішімдік, халықаралық конференция, көліктік инфрақұрылым, мәдени-гуманитарлық байланыс, геосаясат,этномәдени, халықаралық журнал, www.turkacadem.kz т.б. Көпморфемді композиттерүш немесе төрт сөзден құралады. Бұлардың элементтері эндогенді және экзогенді деп аталады. Эндогенді және экзогенді элементтерден құралған мұндай термин-гибридтерге: республикалық тамыз педагогикалық кеңесі; макробедердің зоналылығы(макрорельеф) т.б. жатқызуға болады.
Гибрид сөздертерминқорда, лексикада бар, ал барды жоққа шығару мүмкін емес. Мұндай сөздерді қабылдау қажеттілікке байланысты болғанымен, кейде олар тілдегі түрлі қиындықтарды тудырады. Сондай қиындықтардың бірі аударумен байланысты туындайды, өйткені мұндай сөздерді аудару қиын, көп жағдайда бір немесе екі компоненті, кейде барлық компоненттері аударылмайды. Мысалы: спиралды турбиналық камера;санитарлық-техникалық кабина т.б.
Гибрид сөздердің жасалу жолдары әр түрлі болатыны айтылды. Соның ішінде кейде бір ғана аббревиатура көмегімен ондаған терминдер жасауға болатын әлеуеті жоғары сөз тудыру тәсілі екені де белгілі болып отыр. Абрревиатура бірінші комозиттің алдыңғы орнындакеледі. Осыған орай қалыптасқан үлгі-модельдер:
«кірме аббревиатура + төлтілдік аффикс»: PR-шылар.
«кірме аббревиатура + төлтілдік негіз»:VIP-түйіндеме,VIP-хабарландыру,IТ-мамандар,PR-мамандар т.б.
«кірме аббревиатура + кірме негіз» түрінде болады.Осы соңғы модель аударуы қиын гибридтер қатарында, өйткені сөздіктерде сол күйінде беріліп жүр және қолданыста, күнделікті коммуникацияда да осы тұрпаттарын сақтайды:веб-браузер, веб-дизайн, веб-интерфейс, веб-клиент, веб-сайт, веб-модель, ViP-деңгейт.б.Жаңа емле ережелерінде де осы жазу үлгісі сақталатыны жазылған.
Достарыңызбен бөлісу: |