6.Кірме негіз (инженерлік, негізге айналдырып тұрған -лік жұрнағы) + шылау (және) + кірме түбір/негіз(күрделі туынды негіз - әлеуметтік инфрақұрылым).
Қандай құрылым болмасын (дара, күрделі), күрделі құрамның композиттерінің саны қанша болса да бұлар атауланған. Сондықтан сөз, атаулық тіркес, қос сөз, қысқарған сөз деп аталады. Себебі, құрылымы күрделі (бірнеше сөзден)я дара (түбір немесе түбірге қосымша жалғанса да) болуына қарамастан, мағынасы жалқы, сөйлемде бір мүше болады.
Сонымен, гибрид сөздер үшін жаңа сөздер жасаудың барлық тәсілдері жат емес, олар қазақ тіліндегі қалыптасқан дара және күрделі сөз үлгілерінің жасалу жолдарымен туындайды:
Қос сөз түрінде,мысалы: ваккуум-бөлмеше,
Тіркес түрінде: жабық есік форматы, ұлттық валюта,
Біріккен сөз түрінде, оның ішінде түбір мен түбір, префиксоид пен түбір (инфрақұрылым),
Дара сөз түрінде: таргеттеу, американдану т.б.
Лингвистикалық еңбектерде «гибрид сөздер» деп, негізінен құрамындағы компоненттерінің санына қарамастан, бір мағынаны білдіретін; құрылымында төл сөздер мен кірме компоненттері бар сөздер айтылады. Алаббревиатурамен жасалған гибрид сөздерде аббревиатуралардың бірінші орында тұрады. Бұл сияқты үлгі-модельдер қазақ тілінде бар, бірақ бұл модельдегі аббревиатуралардың позициясы осындай модельдер үшін тоқтам яки критерий бола алмайды. Себебі, аббревиатуралар кейде сөздің соңғы позициясында орналасады, ондай кездерде олардың орын тәртібі технология саласының, яки белгілі бір сала терминдерінің жасалу заңдылығына,аталатын саланың арнайы метатілінің заңдылығына сәйкестендіріледі, мысалы:Tengrinews.kzтілшісі, т.б. Tengrinews.kz, ҚР Сыртқы істер министрлігідеген екі мысалда да аббревиатуралардың орнын ауыстыру, бірін алдына шығарунемесе соңына қою, мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |