Сабақ тақырыбы Ахмет Байтұрсынұлы кім? Будан сөздер емлесі Модуль/Пән атауы Қазақ тілі



бет2/8
Дата04.09.2022
өлшемі31.52 Kb.
#460189
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
3 тақырып

Кірме түбір + төлтілдік қосымша,

2.Төлтілдік түбір + кірме қосымша.
Күрделі сөздер құрылымы бойынша:

  1. Кірме түбір + төлтілдік негіз,

  2. Төлтілдік түбір + кірме түбір,

  3. Кірме негіз + кірме түбір.

Ал қазақ тіліндегі модель өзгерістермен ұсынылады, өйткені тілдің агглютинативтілігі өзіндік рөл ойнайды:

  1. Кірме түбір/негіз + төлтілдік аффикс, бұл жерде орыс тіліндегі үлгіні қабылдауға да болады, бірақ қазақ тіліне орыс тілі және орыс тілі арқылы өзге тілдерден енетін сөздердің құрылымы, ерекшеліктері ескерілуі керек. Яғни өзге тілдегі түбір сөз орыс тілінде негізболып балама табуы мүмкін (бірақ оның этимологиясына ешкім де арнайы үңіліп, тексере бермейді), қазақ тіліне негіз түрінде аударылуы мүмкін. Ал түбірі сақталып енетін, бірақ қазақ тілінің төл аффиксін қабылдаған сөздерге американ –дану (американизация) – сияқты сөздерді жатқызамыз. Жаһандану сөзі де осы үлгідегі сөз, бірақ түбірі – араб сөзі.

Күрделі сөздер құрылымы бойынша:

  1. Кірме түбір/негіз + төлтілдік негіз, мысалы қазақ тіліндегі: вакуум-камера - вакуум-бөлмеше - vacuum chamber дегендегі бөлмеше - негіз, вакуум-корректор - вакуум түзеткіш - vacuum-corrector (түзеткіш негіз). Күрделі сөздерге жатады, себебі келтірілген мысалдар қос сөздер. Жаңа емле ережелерінде осы үлгімен жазылатын сөздерге байланысты мынадай ереже ұсынылған: «§47. Кірме негіздер, аббревиатуралар мен сандардың төл және шет тілінен енген сөздермен қосарланған атаулары, сондай-ақ ýeb, eks сөзалды сыңарларымен келетін сөздер дефис арқылы жазылады: breın-rıng, kofe-breık, market-meıker, shoý-bıznes, tok-shoý, blıs-saýal, feıs-baqylaý, art-kafe, pop-mýzyka; MP4-pleerleri, USB-tasymaldaýshy, SD-karta; VIP-palata, IT-mamandar, PR-menejer».

  2. Төлтілдік түбір/негіз + кірме түбір/негіз:жабық есік форматы,ұлттық валюта, т.б. Біріншіден, орыс тіліндегі үлгідегі сияқты неге түбір ғана емес, негіз де бар, себебі қазақ тілінің агглютинативтіктілік сипатына қарай осы үлгіде түбір де, негіз де болуы мүмкін және түбір күйінде де, негіз түрінде де гибрид сөздер тудыруға қызмет етеді. Айталық, нормалемер – нормаөлшегiш – normaliser (өлшегіш - негіз). Осы үлгі бойынша жабық есік форматы гибридіндегі жабық есіктіркесі (есік - түбір) формат сөзінің анықтауыш композиті, формат сөзімен бірлесіп жаңа ұғымды атап тұр, ал жабық есік тіркесі формат сөзінің мағынасын ашатын қызметте тұр, бұл екі сөзден тұратын тіркестіңанықтауыштық қызметінен гөрі формат сөзімен тіркесіп білдіретін мағынасы, атауыштық қызметінегізгі, басым қызметіне жатады. Егер тек жабық есік болса, өзге бір мәнді білдіруге көшеді.Жол картасытөлтілдік түбір мен кірме түбір тіркесі түріндегі модельге мысал бола алады. Осы құрылым мен мағыналық ерекшеліктері сандаған гибрид сөздерде бірдей, сондықтан көбіне ортақ, жұмсалымдық жиілігі жоғары үлгіге жатады.

  3. Кірме негіз + кірме түбір/негіз. Инженерлік-әлеуметтік (инфрақұрылым) сияқты атаулар осы үлгінің көрсеткіші бола алады. Бұл атаулық тіркес кейде жалғаулық шылаулармен келіп, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымтүрінде де жұмсалады («Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде жаңа жұмыс орындары көптеп құрылып, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жобалар өз деңгейінде жүзеге асырылуда. Жас қазақ. 7 (671) желтоқсан,2017). Бұл үлгі гибрид сөздердің келесі бір моделінің тууына себеп болады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет