Бағалау критерийлері
|
Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдау және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалайды;
Публицистикалық стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, шағын мақала жазады;
Ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, шағын мақала жазады;
|
Құндылықтарды дарыту
|
Рухани құндылықтарға баулу. Адамгершілік ,өзге пікіріне құрметпен қарау құндылығын қалыптастыру,ұлт жанды болуға шақыру, еңбекке баулу.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Тарих тіл, өнер,халық ауыз әдебиеті.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Ноутбук
|
Бастапқы білім
|
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы/ сабақтың негізгі бөлімі
Сабақтың соңы
|
Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру.
«Біз өте жақсымыз» әдісі.
Сандар арқылы 3- топқа бөліп аламын.
Бағалау критериімен таныстырамын.
Ширату жаттығуы
Еңбек ширатады, өмір үйретеді.
Еңбексіз өмір – сөнген көмір.
Еңбек түбі – зейнет.
Еңбек – адамның екінші анасы.
Еңбек шаһар түзетеді, Еңбексіздік жүдетеді.
Еңбегі аздың өнбегі аз
ҚБ. Мадақтау
Оқылымалды тапсырма
Сөздер мен сөз тіркестеріне анықтама бер не баламасын табу
1. Шойын жол Темір жол
2. Отпен жүретін арба Пойыз
3. Жұмысшы Әртүрлі қара жұмысты атқаратын қызметкер
4. Атан Еркек түйе
5. теміржолшы Теміржолда жұмыс жасайтын жұмысшы
Оқылым тапсырмасы
Балғабек Қыдырбекұлының «Теміржолшы» әңгімесімен танысады. «Шойыннан жол салынғалы жатыр, ол жолдың көрінісі домбыраның екі ішегі сияқты болады екен, онымен поезд деген отпен жүретін арба келеді екен» деген қауесет Балқаштың бергі жағасына жуық жатқан Күрті еліне тез тарап кетті.
— Қара бұқасы болады дейді.
— Оның жаны бар ма?
— Тұяғы қалай шойыннан тайып кетпейді?
— Шойыннан істелген арба дейді, от күшімен көп жүк сүйрейді екен,— десті кешке жақын ауыл ортасындағы төбе басында отырғандар.
1-тапсырма: шығармада көрініс табатын әлеуметтік және қоғамдық мәселелерді анықтау.
|