Сабақ тақырыбы: Педагогикалық қарым-қатынас. Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет3/6
Дата22.06.2023
өлшемі29.77 Kb.
#475290
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Қарым-қатынас

Сабақтың ортасы

І. Кіріспе:



Лекция тезистері
1. Педагогикалық қарым-қатынас ұғымы және оның мәні
2. Педагогикалық қарым-қатынас стильдері
3. Педагогикалық қарым-қатынас құралдары
4. Педагогикалық техниканың мәні
5. Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті
1. Педагогикалық қарым-қатынас ұғымы және оның мәні
Қарым-қатынас ұғымы пәнаралық ғылыми категория. Бұл ұғымды философия, әлеуметтану, психология, педагогика және т.б. ғылымдар қарастырады. ХХ ғасырдың 60-жылдардың соңында әлеуметтік және педагогикалық психология ғылымдарының тоғысында “педагогикалық қарым-қатынас” ұғымы пайда болды.
ХХ ғасырдың 70-жылдары Т.Н.Мальковский қарым-қатынастың коммуникативті аспектісін, А.В.Мудрик мектептің өзара әрекеттесуі мен тәрбиелеуші әсерлерін, В.В. Течет ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасының ерекшеліктерін зерттеді.
ХХ ғасырдың 80-жылдары А.А.Бодалев, В.Я.Ляудис педагогикалық қарым-қатынасты ғылымның жаңа саласы деп көрсетті. Педагогикалық қарым-қатынас “педагогикалық шеберлік” пәнінің аясында оқытылды.
Педагогикалық қарым-қатынас – коммуникацияны орнату, дамыту, ұйымдастыруға бағытталған, ортақ іс-әрекеттің мақсаты мен мазмұнына байланысты туындайтын педагог пен оқушы арасындағы өзара түсіну және өзара әсер ету процесі.
Педагогикалық қарым-қатынас – бұл педагогтар мен тәрбиеленушілердің әлеуметтік психологиялық өзара әрекеттесу жүйесі, оның мазмұны ақпарат алмасу, тәрбиелеуші әсер жасау,коммуникативті құралдар көмегімен өзара қарым-қатынасты орнатуға бағытталады.
Педагогикалық қарым-қатынас – бұл педагог пен оқушылардың өзара әрекеттесуінің әлеуметттік нормативті формасы.
Педагогикалық іс-әрекеттегі қарым-қатынас – бұл оқу міндеттерін шешу құралы, оқу процесін әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз ету; оқыту мен тәрбиенің тиімділігіне әсер ететін педагог пен балалардың өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру құралы қызметін атқарады.
Қарым-қатынастың құрылым үш бөліктен құралады: қарым-қатынастың коммуникативті жағы, интерактивті жағы, перцептивті жағы. Коммуникативті жағы қарым-қатынасқа түсушілер арасында ақпарат алмасу қызметін атқарады. Ал интерактивті жағы қарым-қатынасқа түсішлер арасында бірлескен өзара әрекетесу тән. Перцепциялық жағы қарым-қатынасқа түсушілердің өзара қабылдауын, түсінуін, бағалауын қамтамасыз етеді. Қарым-қатынастың барлық құрамадас бөліктері өзара байланысты, біртұтасықта жүзеге асады. Тиімді ақпарат алмасу бұл сәттілікке жетейтін бастау. Дұрыс әрі нақты өз ойын жеткізе білу, тыңдай білу – бұл қарым-қатынастың коммуникативті жағының құрамдас бөліктерінен тұрады.
Қарым қатынас барысында педагогтың оқушыны тыңдай білуі де маңызды роль атқарады. Тыңдау әдістері екіге бөлінеді: рефлексивті және рефлексивті емес. Рефлексивті емес тыңдау әріптестің сөзіне аз араласуды, оны зейін қойып тыңдауды қажет етеді.
Рефлексивті тыңдау бірнеше тәсілдерден құралады: анықтау, сезімді білдіру, резюмелеу (түйіндеу), қайта өзгертіп айту.
Мұғалімнің қарым-қатынасының кәсібилігі қарым-қатынас кезінде кездесетін қиындықтарды жеңіп, оқушыларға сенімділік ұялатып, тең қарым-қатынас орната алуымен сипатталады. Мұғалім үшін қарым-қатынастың тиімділігі – тәртіпті сақтап тұру емес, олардың ойлауын ынталандыру, ізденімпаздығын арттыру болып табыалды.
Педагогикалық қарым-қатынасты құрайтын іскерліктер:
-  Ақпаратты беру іскерлігі;
-  Оқушы жағдайын түсіну;
-  Балаларменөзарақарым-қатынасорнату;
-  Қарым-қатынастағысеріктесінеәсеретеалуіскерлігі;
-  Өзініңпсихологиялықжағдайынбасқараалужәнет.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет