Сабақ Тақырыбы: Тауарлық экспертизаның әдістемелік негіздері


Тауартану сараптамасы. Сандық және сапалық сараптама. Ассортименттік және құжаттық сараптама



бет14/20
Дата13.10.2022
өлшемі349 Kb.
#462621
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Саба Та ырыбы Тауарлы экспертизаны дістемелік негіздері

Тауартану сараптамасы. Сандық және сапалық сараптама. Ассортименттік және құжаттық сараптама.
Тауартану сараптамасы тауарлы сараптаманың ең маңызды және міндетті түрі болып табылады. Тауарлы сараптаманың басқа түрлері: санитарлы-гигиеналық, ветеринарлық – тауартанушылық сараптаманы толықтыра отырып, міндетті болып табылмайды.
Тауартану сараптамасының классификациясы. Тауартану сараптамасын келесідей түрлерге бөледі: сандық, сапалық, ассортименттік, құжаттық және комплексті.

  1. Сандық сараптама.

Сандық сараптама – өлшеу тәсілдерін қолдану мүмкіндігі болмаған жағдайда және/немесе өлшеу нәтижелерін нақтылығын тәуелсіз жақпен дәләлдеу қажеттілігі кезінде тауардың сандық сипаттарының сарапшылармен бағалануы.
Сандық тауартану сараптамасының міндеті болып тауар партиясындағы тауар санын және/немесе олардың дана бірлігінің немесе комплексті орауыш бірлігінің сандық сипаттарын анықтау табылады.
Сарапшы мұндай сараптаманы жүргізу алдында барлық қажетті құжаттармен танысуы тиіс: тауарларды жеткізу келісімдері немесе сауда-саттық келісімдер, тауармен бірге жүретін құжаттар және т.б.
Импорттық тауарлардың сандық сараптамасы кезінде сарапшы тауарды өлшем бірлігіне назар аударуы кажет, себебі жіберуші-импортер ұлттық өлшем бірліктерін қолдануы мүмкін. Мысалы, тауар массасы қысқа тоннада немесе АҚШ тоннасында берілуі мүмкін. Мұндай жағдайларда ұлттық өлшем бірліктерін Халықаралық өлшем бірліктеріне қайта есептеу қажет.
Егер құжаттар сарапшы игермеген шет тілінде толтырылған болса, онда орыс тіліне аударма жасалуы тиіс.
Қапталған отандық және импорттық тауарларды саны бойынша қабылдау кезінде олардың сандық сипаты массаға тауар (нетто) мен қаптаманың (ыдыс) өзінің, сонымен қатар қаптама бірліктерінің санын қосатынын ескеру қажет. Сондықтан бұндай тауарлардың сандық сараптамасы кезінде анықтайтын масса: брутто, нетто және ыдыс.
Брутто массасы – тауар мен қаптағыштың қосынды массасы. Брутто массасы тауарлы партия құрамындағы барлық қаптама бірліктерін тікелей қайта өлшеу арқылы немесе есептеу тәсілімен, мысалы әрбір қаптама бірлігінің орташа брутто массасын олардың жалпы санына көбейту арқылы анықталады. Егер әрбір қаптама бірлігі партиядағы барлық қаптамаларға тән бірдей дәлме дәл белгіленген массаға ие болса, онда көрсетілген есептеу тәсілі нақты нәтижелер алуға мүмкіндік береді. Мысалы, печенье немесе май массасы 250 гр болатын бумаларға буып түйілген, қатаң белгіленген бума саны картонды қораптарға оралған, сондықтан әрбір қорап анықталған, қатаң белгіленген массаға ие.
Соған орай, қапталған тауардың брутто массасы барлық тауар партиясын өлшеу арқылы, немесе бірдей белгіленген массалы қаптама бірліктерін қайта есептеу арқылы, немесе тауал көлемін оның көлемді массасына қайта есептеу арқылы анықталуы мүмкін.
Нетто массасы – тауардың қаптамасыз массасы. Соңғы тұтынушыға тауар жиі нетто массасы бойынша келетін болғандықтан алушыны ең алдымен тауардың осы сандық сипаты қызықтырады. Сондықтан сараптау кезінде тауар партиясының нетто массасы міндетті түрде орнатылады, сонымен қоса бұл сипат қапталған да және қапталмаған да тауарларға қатысты. Қапталмаған тауарлардың нетто массасы тек өлшеу арқылы, ал қапталған тауарлардың нетто массасы көбінесе есептеу тәсілімен анықталады. Сарапшының нәтижелерін құжатқа енгізу кезінде бұзылған қаптамасы бар партия бөлігін бөлу қажет.
Бұзылған қаптамалары бар тауарларға арналған сапа сараптамасын да бөлек жүргізеді.
Егер партия құрамына тұтынушылық ыдыстарға буып түйілген тауарлар кіретін комплексті қаптама бірліктерінен тұратын болса, онда мұндай қаптамалардың комплексті қаптамалардағы бірлік санын анықтайды.
Тауарлардың сандық сипатынын түрлі көрсеткіштерін анықтау үшін мынадай өлшеу тәсілдері қолданылады: тікелей және жанама.
Тікелей өлшеу тәсілдері – тауар сандарын тура немесе салыстырмалы бағалау тәсілдері. Тікелей тәсілдерге жатады: қайта өлшеу, ұзынды, көлемі бойынша өлшеу, тауарды саны бойынша қабылдау кезінде жүргізілетін тығыздығын және басқа көрсеткіштерін өлшеу. Бұл ретте әр түрлі өлшеу тәсілдерін, бірақ көбінесе шама мен құралдарын пайдаланады.
Басылып және үйіліп әкелінетін тағам өнімдерін өлшеу қателіктері мыналардан аспау керек: көкөністер, бақша культуралары, ас тұзы және т.б. – 0,5%, дән, май және бұршақ культуралары, шемішке майы, теңіз жануарлары майы – 0,1%.
Өлшеудің жанама тәсілдері – тауардың сандық сипаттарының көрсеткіштерін жанама, көбінесе есептеу тәсілімен анықтау әдістері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет