Сараптама мақсаттарынның қойылымы сарапшылардың жаңа тауар сапасы бағалауын өкізуге қажет және жеткілікті болатын критерилерді таңдаудың ары қарайғы этаптары мен процедурараларын анықтайды. Сараптама мақсаты сапа көрсеткіштерінің барлық номенклатура бағасы немесе тек олардың бөлігінің, мысалы жаңалық деңгейінің бағасы болуы мүмкін.
Сараптаманың келесі этаптарында мақсаттарды орнатқан кезде сарапшылар «жаңа тауар» терминінің мағынасын толық білуі қажет.
Жаңа тауар – жүзеге асыруға арналған және тұтынушылық қасиеттері өзгертілген, ұқсас бар тауардан өзгеше өнім.
Сапа көрсеткіштерін таңдау міндетті талаптарды (қауіпсіздік, функционалды міндеті) ұстану, сонымен қатар жаңалық деңгейін анықтау қажеттілігіне негізделеді.
Сарапшы (немесе тапсырыс беруші) сараптама мақсаттарына байланысты тұтынушылық көрсеткіштердің барлық номенклатурасын таңдай алады немесе мінетті көрсеткіштерімен және жаңалық деңгейімен ғана шектеледі.
Жаңа тауарды тану тәжірибелік қажеттіліктерін, жаңалық деңгейін, эстетикалық деңгейін бағалау және тұтыну шартын анықтау (эксплуатация) жолымен жүргізіледі.
Ассортиментті сараптама – ассортиментті қажеттілігін анықтау мақсатында сарапшы жүргізетін тауардың сандық және сапалық сипатының бағасы.
Тауар танушылық сараптаманың бұл түрі алдынғы екі түріне қарағанда жеке дамымаған. Көбінесе ассортиментті сараптама сапалық сараптаманың құрам бөлігі болып табылады, себебі сапаны бағалау кезінде сарапшы берілген тауардың ассортиментті тиімділігінің оның маркілеуде және тауармен қоса жүретін құжаттарда берілген аталуына, артикуласына, тауар маркасына сәйкестігін тексеру қажет.
Құжаттық сараптама – тауармен бірге жүретін, технологиялық және басқа құжаттардағы мәліметтерге негізделген тауарлардың тауартанушылық сипатының сарапшы беретін бағасы.
Ассортименттік сараптама сияқты құжаттық сараптама да көбінесе, тауартанушылық сараптаманың басқа түрлерінің міндетті элементі ретінде пайдаланылады, себебі сарапшылар міндетті түрде санының, сапаның, сараптама объектісінің атауының құжаттық мәліметтерге сәйкестігін тексереді.
Құжаттың сараптама жеке түрде тауар жоқ болған жағдайда (мысалы, оның жүзеге асуы, ұрлануы, бұзылуы, кездейсоқ жағдайдан жойылуы нәтижесінде), сонымен қатар сандық және сапалық шығындар пайда болса қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |