Ойын атауы, мақсаты
|
Психологтың іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
«Шаттық шеңбері»
Балалардың көңіл-күйлерін көтеру.
|
Сәлеметсіздерме балалар!
Менің қолымда әдемі қонжық бар. Қонжық сендерге жақсы тілектер айтпақшы. Сендер бір –бірімізге әдемі қонжықты беру арқылы тілектер айтамыз.
Саят саған ашық аспан тілеймін. Бекжан сабақты беске оқы, тәртіпті ,тіл алғыш бала бол.
Жарайсыңдар!
|
Оқушылар амандасады.
Бір-бірінің қолдарынан ұстап дөңгеленіп тұрады.
Бір-біріне қонжықты беру арқылы тілектер айтады.
|
«Не жетіспейді?» (суреттің жетіспейтін бөлшектерін бейнелеу)
|
қазір бір-біріне өте қатты ұқсайтын бірнеше суреттер беремін сен сол суретке мұқият қарап бір-бірене ұқсамайтын ерекшелігін тауып белгілеу керексің.
|
Оқушылар тапсырмаларды орындайды.
|
«Мен кіммін»
Зейін бөлінуін, қимыл-қозғалыс дағдыларының қалыптасуын дамыту.
|
Балалар мына суреттерге мұқият қараңдар. Кімдерді көріп тұрсыңдар?
Ұл балалар мен қыз балалар суреті. Суреттерге қарап балаларға ат қойыңдаршы. Қыз баланың атын ұл балаға қоюға болама? Жоқ болмайды.
Сен кімсің? Қыз баласыңба? Әлде ұл баласыңба?
Сенің есімің кім?
Сенің есімің тағы қай сыныпта оқитын балалар бар? Танисыңба?
Сен қандай оқушысың?
Тіл алғышсың ба?
Достарымен сыныпта кім тату?
Кім достарымен жиі ренжіседі?
Балалар достар әрқашан тату болады. Ұл бала қыз баланы ренжітпеу керек. Өзміндің кім екенімізді білуіміз керек. Қанекей өзіміздің атымызды тағы бір рет айтып шығайықшы.
|
Суретке қарап балаларға ат қою.
.
Сұрақтарға жауап береді.
Өз аттарын кезекпен айтып шығады.
|
Релаксация
Оқушылардың демалуына жағдай туғызу.
Кері байланыс
|
Балалар сендер шаршадыңдарма? Ендеше барлығымыз аспанға қарап,аяғымызды созып,ыңғайланып жатайықшы. Түнде біз ұйықтаймыз. Қанекей түн болды барлығымыз көзімізді жұмып ұйықтаймыз. Сөйлеуге болмайды. (1мин демалу сәті)
Таң атты. Балалар ұйқысынан ояна бастады. Орнымыздан тұрамыз, керілеміз.
Сендерге тапсырмалар ұнадыма? Қандай тапсырмалар орындадық? Жарайсыңдар!
|
Көздерін жұмып жатады.
Көздерін ашады. Орындарынан тұрып керіледі, қолдарын жоғары төмен қозғалтады.
Сабақта орындаған тапсырмаларын атап айтады.
|