Ойын атауы, мақсаты
|
Психологтың іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
«Жақсы тілек»
Балалардың көңіл-күйлерін көтеру.
|
Сәлеметсіңдерме балалар!
Әр бала қасындағы көршісіне жақсы тілектер айтып, жұмсақ ойыншықты ұсынады.
|
Оқушылар амандасады.
Бір-бірінің қолдарынан ұстап дөңгеленіп тұрады.
Бір-біріне тілектер айтады.
|
. «Тәтті кәмпиттер» көру арқылы қабылдау қабілетін, көз алдына елестету қабілетін дамыту.
|
Балалар қазір «Тәтті кәмпиттер» ойынын ойнаймыз. Ол үшін біз ақ параққа тәтті кәмпиттер суретін салуымыз керек.
Салып болсаңар салған тәтті кәмпиттеріңнің суретін көрсетеміз. Кімнің кәмпиті қандай? Кәмпит дәмі қандай? Тәтті солайма? Қалай білдіңдер тәтті екенін? Кәмпиттің түстері қандай болады? Әртүрлі солайма? Ендеше қазір сендерге тәтті кәмпиттер беремін сендер қағазының түсінің қандай екенін айтасыңдар және салған суреттегі кәмпитті сол түске бояу керексіңдер. Ал біз дәмін білу үшін не істеуміз керек? Кәмпитті жеп көруіміз керек. Барлығымыз өз кәмпиттерімізді жеп көреміз. Қандай дәмдіме? Жарайсыңдар!
|
Ақ параққа кәмпит суретін салады.
Кәмпиттерінің қағазының түсіне сәйкес суреттерін бояу.
Кәмпиттерін жейді. Дәмі туралы айтады.
|
«Шук-шук пойезд»
Қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдіру
|
Қазір біз сендермен пойезд ойынын ойнаймыз. Пойыз қалай дыбыс шығарады? Бірге айтамыз шук-шук-шук ву ву ву пыш-пыш-пыш қазір шеңбер бойымен отырып әрқайсымыз бір вагон боламыз. Кішкентай бала жүре алмайды не істейді? Еңбектеп жүреді. Барлығымыз вагондар секілді тізіліп тұрамыз еңбектеп жүру арқылы мына көмір астынан жер асты жолынан жүреміз.
|
Балалар кішкентай бала сияқты еңбектеп жүру арқылы жер асты жолдарынан өтеді.
|
Сықырлы қауыз.
Шамды қауызға түсу арқылы балалардың көңіл-күйлерін көтеру.
|
Балалар сендер суға шомылғанды жақсы көресіңдерма? Ендеше барлығымыз кемеге отырып сиқылды қауызға барайық. (қауыз шамын қосу) балалар кім көрді сиқырлы қауызды? Қараңдар оның шамдары жанып тұр. Кім сиқырлы қауызға түседі?
Сендерге ұнадыма?
|
Кемеге отырып қауызға дейін бару.
Допты қауызға кезекпен түсіп суда жүзу қимылдарын жасайды.
Өздеріне ұнағандарын айтады.
|
Релаксация
Оқушылардың демалуына жағдай туғызу.
Кері байланыс
|
Балалар сендер шаршадыңдарма? Ендеше барлығымыз аспанға қарап,аяғымызды созып, алып, ыңғайланып жатайықшы. Түнде біз ұйықтаймыз. Қанекей түн болды барлығымыз көзімізді жұмып ұйықтаймы.Сөйлеуге болмайды. (1мин демалу сәті)
Таң атты. Балалар ұйқысынан ояна бастады. Орнымыздан тұрамыз, керілеміз. Сендерге бүгінгі ойынымыз ұнадыма? Кімге қадай ойын ұнады? Балалар сендер сыныптастарыңмен тату болсаңдар осындай сиқырлы бөлмеге жиі келетін болсыңдар. Әрқашан достарыңмен тату болыңдар бір-біріңді ренжітпеңдер.
Жарайсыңдар!
|
Көздерін жұмып жатады.
Көздерін ашады. Орындарынан тұрып керіледі, қолдарын жоғары төмен қозғалтады.
|