Ойын атауы, мақсаты
|
Психологтың іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
«Көңілді шеңбер»
Балалардың көңіл-күйлерін көтеру.
|
Сәлеметсіздерме балалар!
Менің қолымда әдемі балапан бар. Бір –бірімізге балапанды беру арқылы тілектер айтамыз.
Жарайсыңдар!
|
Оқушылар амандасады.
Бір-бірінің қолдарынан ұстап дөңгеленіп тұрады.
Бір-біріне тілектер айтады.
|
Түстер әлемі
\түстерді ажыратуға тануға үйрету
|
Балалар қазір барлығымыз шеңбер бойымен отырамыз мына гүлдерге қараңдар қандай әдемі. Қандай түсті гүлдер?
\гүлдер түсін атайды.\
|
Балалар гүлдерін түсін атайды
|
Саусақпен сурет салайық
|
Балалар қазір біз осы гүлдерде көрген түстерге сәйкес саусақпен сурет саламыз.
Ол үшін мына бояуларды пайдаланамыз, және сурет салмас бұрын қауіпсіздік ережелерін білуіміз керек. Бояуды ауызға көзге тигізуге болмайды. Ұқыпты пайдалануымыз керек. \балаларға сурет салуға көмек беру\
Кім қандай сурет салды?
Ол ненің суреті? \сұрақ-жауап\
|
Балалар саусақпен сурет салады..
|
Релаксация
Оқушылардың демалуына жағдай туғызу.
Кері байланыс
|
Балалар сендер шаршадыңдарма? Ендеше барлығымыз отырып дем алайық.
Сендерге бүгінгі сабақта салған суреттерің ұнадыма? Суретті немен салдыңдар? Саусақпен сурет салуға болама екен?
Жарайсыңдар!
|
|