Ойын атауы, мақсаты
|
Психологтың іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
«Жақсы тілек»
Балалардың көңіл-күйлерін көтеру.
|
Сәлеметсіңдерме балалар!
Әр бала қасындағы көршісіне жақсы тілектер айтып, жұмсақ ойыншықты ұсынады.
|
Оқушылар амандасады.
Бір-бірінің қолдарынан ұстап дөңгеленіп тұрады.
Бір-біріне тілектер айтады.
|
«Қонаққа бару және қонақ күту әдебі » қабылдау, есте сақтау қабілетін дамыту.
|
Балалар сендер қонаққа барғанды ұнатасыңдарма? Кім қайда қонаққа барды естеріңе түсіріңдерші? Кіммен қонаққа бардыңдар?
Бәрімізді қонаққа барғанды жақсы көреміз. Ал қонақ күткен сендерге ұнайма? Қонақты қалай күту керек?
Балалар қонаққа барғанда өз-өзімізді ұстау әдебін білу керек.
Қатты дауыспен айқайлап сөйлеуге болмайды;
Үй ішінде жүгіруге болмайды;
Үлкендерден бұрын дастарханға отырып, әр тамақтан орынсыз ас ішуге болмайды;
Қонаққа барған үйдің басқа бөлемелеріне рұқсатсыз кіруге болмайды;
Үй иесінің рұқсатынсыз зат алуға болмайды.
Ал қонақ күткенде біздің үйіміздегі анамыз барынша ас әзірлеп, тәттілер алып дайындалады. Қонақты жақсы күтуге дайындаламыз. Ал қонақ келгенде де әдепті болуымыз керек.
Балалар біз қонаққа бару және күту әдебін біліп алдық. Ендеше «қонаққа бару» ойынын ойнайық
|
Балалар қонаққа барған кездерін естеріне түсіріп айтады.
Үйіне келген қонақты күту жайлы айтады.
|
«Қонаққа бару» ойыны
Балалардың бір-бірімен қарым-қатынас дағдыларын, адамгершілік ерік қасиеттірн дамыту.
|
Балалар өз қалауларыңмен топтарға бөлінеміз. Қазір бөлме ішінен өз үйімізді бөліп аламыз. Бір-біріміздің үймізге қонаққа барып ойнаймыз. Біреуіміз қонақ шақырамыз, ал екіншіміз қонаққа барамыз. Қонақ күтушілер дастархан жайып ас әзірлеп дайындалады. ( ойын барысында оқушылар іс-әрекетін бақылау)
|
Балалар топтарға бөлінеді.
Балалар ролдерге бөлініп , өз қалаулары бойынша ойнайды.
|
Релаксация
Оқушылардың демалуына жағдай туғызу.
Кері байланыс
|
Балалар сендер шаршадыңдарма? Ендеше барлығымыз өз үйімізге барып аяғымызды созып, ыңғайланып жатайықшы. Түнде біз ұйықтаймыз. Қанекей түн болды барлығымыз көзімізді жұмып ұйықтаймыз. Сөйлеуге болмайды. ( 20 секунд демалу сәті)
Таң атты. Балалар ұйқысынан ояна бастайды. Орнымыздан тұрамыз, керілеміз. Сендерге бүгінгі қонаққа барумыз және қонақ күткеніміз ұнадыма? Қайда бардық? Кімнің үйіне қонаққа бардың? Қонақта сені қалай күтіп алды? Сен қонақтарды қалай күтіп алдың?
Жарайсыңдар!
|
Көздерін жұмып жатады.
Көздерін ашады. Орындарынан тұрып керіледі, қолдарын жоғары төмен қозғалтады
Сұрақтарға жауап береді.
|