Сабақтар (сағаты) 15 соөЖ (сағаты) 15 СӨЖ (сағаты) 45 Барлық сағаттар 90 Курстың мақсаты



Pdf көрінісі
бет35/60
Дата26.04.2024
өлшемі6.9 Mb.
#499894
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   60
Снимок экрана 2024—04—18 в 22.58.51

Тұлға сипаттарын зерттеу. Кеттел сияқты Айзенк те тұлғаның
суперсипаттарының жекелік ерекшеліктерін анықтау үшін өзін-өзі бағалау бойынша
көптеген сауалнама құрастырды. Ең соңғысы «Айзенктің жеке тұлғалық сауалнамасы»
(Eysenck Personality Questionnaire, EPQ). Бұл сауалнама негізінде 7-15 жастағы балаларды
зерттеу үшін «Жаөспірімдерді зерттеудің жеке тұлғалық сауалнамасы» құрастырылды.
Интроверттер мен экстраверттердің айырмашылықтары.
Айзенк өзінің теориялық концепциясының нақты жəне анық өлшенуіне үлкен мəн
береді. Қазіргі кезге дейін оның барлық күш-жігері мінез-құлықтағы мəнді өзгешеліктерді
анықтауға бағытталды. Айзенктің дəлелдеуі бойынша, мінез-құлықтағы жекелік
ерекшеліктер факторлық талдау, сауалнама, тəжірибелер жүргізу арқылы анықталады.
Зерттеулерге шолу жасау арқылы мынадай факттар анықталды. Мысалы,
экстраверттер интроверттермен салыстырғанда ауруға төзімді; олар интроверттерге
қарағанда жұмыс уақытында демалу үшін жəне кофе ішу үшін көп үзіліс жасайды;
қозғыштық күй олардың іс-əрекеттері мен жұмыстарының тиімділігін жоғарылатады, ал
интроверттерге зиянын тигізеді.
Экстраверттер мен интроверттердің арасындағы эмпирикалық дəлелденген
айырмашылықтар төменде көрсетілген.
• Интроверттер жұмыстың теориялық жəне ғылыми түрін қалайды (мысалы,
инженерия жəне химия), ал экстраверттер адамдармен байланысты жұмыстарға


қабілетті (мысалы, сауда, əлеуметтік қызмет, психолог).
• Интроверттер мастурбациямен айналысса, ал экстраверттер ерте жастан бастап
жыныстық қарым-қатынасқа түседі.
• Интроверттер таңертең өздерін жақсы сезінсе, ал экстраверттер кеште өздерін жақсы
сезінеді. Интроверттер жұмысты таңертең белсенді жасаса, ал экстраверттер
күннің екінші жартысында белсенді болады.
Интроверттер мен экстраверттердің ең негізгі айырмашылығы тітіркендіргіштерге
сезімталдығынан көрінеді. Бұл айырмашылық «Лимон тамшысы тесті» көмегімен
анықталады. Егер адамның тіліне 4 тамшы лимон шырынын тамызса интроверттер
экстраверттерге қарағанда сөлді екі есе көп шығарады. Бұл қызықты құбылыстың
негізі интроверттер мен экстраверттердің физиологиялық қызметі мүмкіндіктерімен
байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет