Сабақтарды қысқа мерзімді жоспарлау бойынша Әдістемелік ұсынымдар по краткосрочному планированию



Pdf көрінісі
бет24/181
Дата27.09.2023
өлшемі6.44 Mb.
#478867
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   181
final-1

Сабақ жоспарының құрылымы 
Әлемдік тәжірибеде сабақты жоспарлау педагог қызметінің 
ажырамас бөлігі болып табылады. Сабақ жоспарын мұғалімдер сабақта 
оқу уақытын тиімді пайдалану мақсатында іс-әрекеттерді жоспарлау 
үшін қолданады. Жоспарда сабақтың негізгі мақсаттары мен балаларды 
оқытудың күтілетін нәтижелері, сабақта қолданылатын оқыту 
стратегиялары мен әдістері анықталады. 
ЭЫДҰ-ға мүше және серіктес көптеген елдерде сабақтың ҚМЖ-сы 
негізінен мынадай тармақтарды қамтиды: сабақтың өткізілетін күні, 
сыныбы, пән атауы, сабақтың тақырыбы, сабақтың және оқу 
бағдарламасының мақсаттары, сабақта жоспарланатын қызмет түрлері, 
пайдаланылатын ресурстар және мұғалімдердің өзіндік рефлексиясы. 
Сингапурда жоғарыда аталған тармақтармен қатар ҚМЖ-да 
«алдыңғы білім» тармағы бар, онда оқушылар ағымдағы сабақта не білуі 
керек екендігі туралы ақпарат беріледі. Бұл тармақ оқу 
бағдарламасының дәйекті түрде іске асырылуын қамтамасыз етуге 
мүмкіндік береді. «Жоспарланған қызмет» тармағы оқушылардың 
сабақты дамытудың әр кезеңіндегі (кіріспе, негізгі және қорытынды 


41 
бөлім) қызмет түрін қарастырады. Сондай-ақ, әр сабақтан кейін мұғалім 
рефлексия жүргізеді (4-кесте)
1

4-кесте. Сингапурдағы сабақ жоспарының үлгісі 
Пән: 
Сынып:
Бөлім: 
Күні: 
Тақырып: 
Уақыты:
 
Алдыңғы білім 
Оқушылар білуі керек: 
1. 
2. 
3. 
Сабақтың мақсаттары 
Сабақ соңында оқушылар нені білуі керек? 
1. 
2. 
3. 
Уақы
ты 
Сабақтың дамуы 
Негіздеме (міндетті 
емес) 
Ресурстар 
Кіріспе бөлім (Pre-activity) 
Негізгі бөлім (Main Activities) 
Қорытынды бөлім (Post-Activity) 
Рефлексия (Рефлексия үшін сабақтың оң немесе теріс 1 аспектісін таңдаңыз 
Рефлексия 1 беттен артық жүргізілмейді) 
1. Не болды? (Менің оқушыларым не істеді? Мен не істедім?) 
2. Неліктен? (Неліктен бұлай болды? Неліктен мен осылай істеуді таңдадым?) 
1
https://www.moe.gov.sg/education-in-sg/our-teachers


42 
3. Ал енді бұдан не шықты? (Мен одан қандай сабақ алдым?) 
4. Әрі қарай не болады? (Мұндай жағдай қайталанғанда нені есте сақтағым 
келеді? Болашақта қалай әрекет еткім келер еді?) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет