34
оқушылар арасында оқу жоспары мен жеке оқу жоспарының
мақсаттары арасындағы ұқсастықтарды табуға көмектеседі. Осылайша,
мұғалімдер, мысалы, сыныпта ЕББҚ бар оқушылар болса, оқу
мазмұнының мақсаттарын қандай жолдармен өзгерту керектігін шеше
алады.
Сонымен қатар, бірлескен жоспарлау кезінде мұғалімдер білім
алушыларға оқу мақсаттарына жету үшін қажет болатын оқыту
стратегиялары мен оқу дағдыларын анықтайды. Сондай-ақ, мұғалімдер
өздерінің жоспарларының мазмұны мен стратегияларын біріктіру үшін
бір-бірінің оқу жоспарлары мен әрекеттерін үйлестіруі керек. Осылайша,
бірлесіп жұмыс істей отырып, мұғалімдер оқу жылының басында білім
алушыларға белгілі бір дағдыларды үйрете алады және оны
пайдалануды апта сайынғы жоспарланған
бірлескен жоспарлау іс-
шаралары арқылы күшейте алады.
2. Білім алушылар кімдер?
Әдетте, орташа статистикалық сыныптары оқушылардың әртүрлі
топтарынан, соның ішінде ЕББҚ бар оқушылардан, дарынды
оқушылардан және оқу үлгерімі орташа оқушылардан тұрады.
Сабақтарды бірлесіп жоспарлау барысында мұғалімдерге оқытудың
сараланған тәсілін жүзеге асыруға көбірек уақыт пен ресурстар
берілетіндіктен, сыныптағы барлық оқушылардың әртүрлі қажеттіліктері
ескерілетін болады.
Сонымен қатар, мұғалімдер әр оқушы туралы ақпаратты жеке оқу
жоспары, есеп карточкалары,
тест нәтижелері, оқу бағдарламасына
негізделген бағалау, бейресми бағалау және мұғалімдердің
бақылаулары сияқты ақпарат көздерінен алдын-ала жинай алады.
Осылайша, мұғалімдер әр оқушының нақты қажеттіліктерін бірлесіп
анықтайды және сабақтар мен оқу іс-шараларын олардың
қажеттіліктеріне сәйкес бейімдейді.
3. Мұғалімдер бірлескен жоспарлауды қалай тиімдірек жүзеге асыра
алады?
Оқытудың тиімді нәтижелеріне қол жеткізу үшін мұғалімдер
әртүрлі қосымша дағдыларды пайдалану арқылы оқушыларға бай оқу
35
тәжірибесін қамтамасыз етуі керек.
Мұғалімдер оқушыларға пән
бойынша білімдері мен дағдыларын кеңейтуге көмектесетін дұрыс оқу
мақсаттарын құруы қажет. Осылайша, сабақтың дұрыс құрастырылған
мақсаттары білім алушылардың оқу стратегиялары мен оқу дағдыларын
дамыта отырып, жаңа материалды үйренуіне ықпал етеді.
Бірақ, бұл үдерістің ең бастысы - мұғалімдердің бірлескен жұмысы
болып табылады. Осы мақсаттарға жету үшін мұғалімдер бірлескен
жоспарлауға, оқу материалдары мен іс-шараларды әзірлеуге бірдей
қатысуы керек.
Сондай-ақ, сабақты нақты бірлесіп жоспарлау басталғанға дейін
мұғалімдер
оқу жоспарының ұзақтығына, сабақтардың санына және
күнделікті сабақ жоспарларын құруға қажетті уақытқа қатысты шешім
қабылдауы маңызды. Бұл үдеріс мұғалімдерге бірлескен сабақ
жоспарларын құруды бастамас бұрын оқу бағдарламасының
мазмұнымен танысуға және қажетті ресурстарды жинауға уақыт береді.
Осылайша, мұғалімдер жоспарлауды әр мұғалімге сабаққа
дайындық үдерісіне үлес қосуға көмектесетін
дайын ресурстармен,
материалдармен және идеялармен бастайды. Мұғалімдер жоспар құру
үшін аптасына бір рет 45-60 минут аралығында жиналып, әр сабақтың
тиімділігі туралы күнделікті пікірталастар өткізе алады.
Осыған байланысты,
Pratt et al (2017) мұғалімдерге олардың
жұмыспен қамтылуын ескере отырып, уақытты тиімді пайдалану
керектігі жайлы атап өтті. Осы тұста көбінесе үш-төрт минуттық талдау
және өткізілген сабаққа рефлексия тиімді болуы мүмкін. Оларды өткізу
кезінде мұғалімдер келесі мәселелерді бірлесіп талқылауы қажет:
Достарыңызбен бөлісу: