Сабақтарды қысқа мерзімді жоспарлау бойынша Әдістемелік ұсынымдар по краткосрочному планированию



Pdf көрінісі
бет22/181
Дата27.09.2023
өлшемі6.44 Mb.
#478867
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   181
final-1

- Сабақ барысында біз нені байқадық? 
- Білім алушыларға қандай материалды қайта оқытуымыз керек? 
- Қай оқушыға тапсырмаларды орындау қиындық туғызады? 
- Оқушылардың қайсысы бүгін сабақ мақсаттарына қол жеткізді, 
ал кімге әлі де көмек керек? 
- Біздің жоспарларымыз өзгеріссіз қалады ма, әлде олар түзетуді 
қажет ете ме? 
- Ертеңгі сабақтарға жоспарларымыз бен материалдарымыз бар 
ма? 


36 
Сонымен қатар, бірлескен жоспарлаудың 
табыстылығы 
мұғалімдердің бір-біріне деген қарым-қатынас түріне де байланысты, 
өйткені олар сабақтарды дайындау мен жоспарлауға қатысты 
шешімдерді қабылдауда бір-бірімен келісуі керек. 
Уақытты үнемдеу және ыңғайлы жұмыс істеу үшін мұғалімдер 
асинхронды және синхронды технологияларды қолдана алады, бұл 
оларға бірлескен жоспарлауға қатысты жиі әңгімелер мен пікірталастар 
жүргізуге көмектеседі. Осылайша, әртүрлі платформалар мен 
технологиялар мұғалімдерге онлайн және бірге немесе жеке сабақтарды 
жоспарлау бойынша өздеріне ыңғайлы болатын формада жұмыс істеуге 
мүмкіндік береді (Pratt et al., 2017).
Сонымен қатар, Bryant және Land (1998) мұғалімдерге бірлескен 
жұмысты тиімді жүзеге асыруға көмектесетін бірлескен жоспарлау 
бойынша ұсынымдарды ұсынады: 

бірлескен жоспарлау бойынша кездесулерді тұрақты 
негізде(кем дегенде аптасына бір рет) өткізіңіздер; 

бірлескен жоспарлау бойынша кездесулерді екі мұғалім үшін де 
басымдық ретінде қарастырыңыздар; 

бірлескен жоспарлау бойынша кездесулерге алдын-ала 
дайыдалған ақпараттар мен материалдармен келіңіздер 
(білім алушылардың ықтималды қажеттіліктерін, қолжетімді 
ресурстар мен материалдарын, үй тапсырмаларын, бағалау 
өлшемшарттарын ескеріңіздер); 

әрқашан сабақ жоспарларын құруға және бірлесіп жұмыс істеу 
барысын бағалауға назар аударуға тырысыңыздар; 

бір-бірініңіздің пікірлеріңіз бен ойларыңызды құрметтеңіздер; 

оқу 
тапсырмалары 
мен 
мақсаттарын 
уақытында 
орындаңыздар; 

сабақ беру және сабақ жоспарларын әзірлеу міндеттерін 
бөліңіздер; 

бірлескен жоспарлау рөлдері мен міндеттерін анықтаңыздар. 
Муршед пен Барбер (2008) атап өткендей, «оқушылардың оқу 
нәтижелерін жақсартудың жалғыз жолы – оқыту сапасын арттыру». 
Сондай-ақ, зерттеушілер табысты жалпы мектеп жүйелерінің тәжірибесі 
мұғалімдер мен оқушылар арасында тиімді өзара әрекеттесу болған 


37 
жағдайда ғана емес, сонымен қатар мұғалімдердің арасында өзара 
жақсы түсіністік пен қолдау болған кезде пайда болатынын да атап өтті. 
Мұғалімдердің бір-бірінен үйренуіне мүмкіндік жасау - тиімдірек сабақ 
берудің жақсы тәсілі болуы мүмкін болғандықтан, осы арқылы авторлар 
мұғалімдердің бірлесіп жұмыс істеуінің маңыздылығын көрсетті.
Бірлескен жоспарлау әрдайым оқушылардың нәтижелеріне, пәнді 
оқытуды жоспарлауға және оны қолдау үшін қажетті ресурстарға 
бағытталған тұрақты талқылаулармен бірге жүруі керек. Мектеп 
басшылары, өз тарапынан, сабақты бірлесіп жоспарлауға көбірек көңіл 
бөлуі керек, себебі оның аясында мұғалімдер өз тәжірибелерімен және 
білімдерімен бөлісе алады, ал оның нәтижесі мұғалімдердің оқытудағы 
өз кәсібилігі мен шығармашылығын көрсетуде көрініс табады. Сонымен 
қатар, бірлесіп жұмыс істей отырып және «сыныпта ненің жұмыс істейтіні 
мен ненің жұмыс істемейтіні» туралы мәліметтерге сүйене отырып, 
мұғалімдер пән туралы, оны оқытудың ең қолайлы әдісі туралы 
білімдерін кеңейте алады. Жоспарлау көптеген жолдармен жүзеге 
асырылуы мүмкін, бірақ солардың ішіндегі ең тиімдісі – мұғалімдер 
бірлесіп білім алушылардың нәтижелеріне жоспарлаудың әсерін 
бағалауда, оларға нені үйрету керектігі туралы жалпы түсініктерді 
дамытуа, олардың қиындық тудыратын мәселелері мен ілгерілеуі туралы 
түсініктерін түсінуде бірлесіп жұмыс істеуі болып табылады (Hattie, 2012, 
41-бет). 


38 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет