5. Оқу және оқытудың әдістері. Аударма жұмысы, сөздік жұмысы, мәтінмен жұмыс, түсіндіру, пікірлесім, , сұрақ-жауап, жағдаяттық тапсырма, жазылым: эссе жазу
1.«Дәрігер этикасы » мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздерді оқып, есіңізге сақтаңыз.
адамгершілік - гуманность, человечность
сыпайылық - вежливость
жылы сөз - теплые слова
жүріс тұрысы - поведение
мәдениеттілік - культурность
айығу- выздоравливать
|
үміт - надежда
кемістік - недостаток, дефект
құпия - секрет, тайна
келісім - договор, соглашение
жариялау - объявить
міндет - обязанность
адал ниет - чистая совесть
|
2. «Дәрігер этикасы» мәтіні бойынша кездесетін сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.
Мінез-құлқы, күш-жігері, дәрігер құпиясы, өмірін қорғау, дәрігердің әрбір жылы, дәрігердің негізгі міндеті, зиян келтіру, жұқпалы аурулар, дерттен тез айығу, дәрігердің адамгершілігі, жұмысқа берілу.
3. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз, мазмұндаңыз..
Дәрігер этикасы
Қоғамдағы адамдардың мінез-құлқы мен өзара қарым- қатынасы біршама нормалармен, ережелермен және әдет-ғұрыппен реттеледі.
Медициналық этика – медициналық қызметкерлердің жұмысындағы гуманизмнің көрінісі. Медициналық этиканың бір бөлігі –деонтология. Деонтология басқа салаларға қарағанда, медицина мен практикалық денсаулық сақтау саласына өте қажетті ғылым. Бұл медициналық қызметкерлердің күш-жігері тек ауруды емдеуге ғана емес, аурудың алдын алуға, адамның денсаулығы мен өмірін қорғауға бағытталғанымен түсіндіріледі.
Дәрігер этикасы (лат. ethia – әдептілік) - дәрігердің адамгершілігі, сыпайылығы, оның науқас және сау адамдармен өзара қарым-қатынасы. Дәрігердің әрбір жылы сөзі, мінезі мен жүріс-тұрысындағы мәдениеттілігі және сыпайылығы науқас адамның ауруынан тез айығып кетуіне көмектеседі. Өйткені науқас адам өзін емдеуші дәрігерін ұнатса, оған сенсе әрдайым көңілі көтеріңкі болып, үміті артып ауруынан серги бастайды.
Дәрігер этиканы сақтап, науқастың көзінше ауру кемістігін айтпауға тиіс, яғни дәрігер құпиясын сақтауы қажет. Дәрігер құпиясы дегеніміз – науқас адамның келісімінсіз оған қатысы бар мәліметтерді жарияламау. Мысалы, психикалық аурулар, әйел аурулары, кейбір кемістік т.б. Егер науқастың ауруы көпшілікке зиян келтіретін болса, оны дәрігер жасыра алмайды. Мысалы, жұқпалы аурулар кезінде, жыныс мүшесі арқылы таралатын аурумен ауырса, міндетті түрде ескертіп емдеу керек.
Кез келген ауру жағдайында да дәрігер сырқаттың психикасын бұзбауға тиіс. Қатерлі ісік ауруы бар адамдардың сұрағына абайлап жауап қайтаруы керек.
Дәрігердің негізгі міндеті – халықтың денсаулығын сақтауда адал ниетпен қызмет етіп, дәрігер құпиясын сақтап, науқас адамның алдында дәрігер этикасын дұрыс қолданып, науқастың дертінен тез айығып кетуіне барлық мүмкіндікті қолдану. Дәрігерлік мамандық одан арнайы біліммен қатар адалдықты, жаны тазалықты, жұмысқа беріле істеуі, тіпті бар өмірін соған арнауды талап етеді.
4.Берілген сөйлемдерді толықтырыңыз.
1. Денсаулығы нашар болған себепті, ... . 2. Науқас созылмалы аурумен ауырғандықтан, ... . 3. Медицина университетінде оқу қиын болғандықтан, ... . 4. ..., ата-анасы үйіне кеш келді. 5. ..., дәрігер тағайындаған дәрілерді ішпеді. 6. ..., жұқпалы ауруға қарсы ектірді.
5. Жағдаяттық тапсырма.
Сіз университетті енді бітірген жас мамансыз, сіздің алдығызда мінезі қиындау науқас отыр, сізге онымен тілдесу қиын. Не істеу керек?
6.Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін жаттаңыз, «Дәрігер қандай болу керек» деген тақырыпта әңгіме құраңыз.
Дәрігер қандай болу керек?
оңай емес – нелегко
аурулар – больные
дәрігер – врач
емдеу – лечить, лечебный
дәрігер болу – быть врачом
сыпайы – вежливый, уравновешанный
шыдамды – терпеливый; выносливый
адамның өмірі – жизнь человека
қабілет – способность, дар
сенім – доверие
білікті маман-квалифицированный специалист
өйткені – потому что, так как
дәрігердің қолында – в руках врача
таза жүректі – с чистым (открытым) сердцем
сыйлы – уважаемый; почетный
бұл үшін – для этого, ради этого
бар күшін, білімін – все свои силы и знания
болу керек – должен быть
көп оқу керек – надо много учиться
теорияны білу – знать теорию
түсіну – понимать
қабылдау – принимать, приемный
ауру адамның өмірін сақтау – сохранить жизнь больного
6. Әдебиет:
-
Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013 ж.
-
Оразахынова Н.А.
Қазақ тілі ( Сөзжасам. Морфология) : учебное пособие / Н. А. Оразахынова, Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева. - Алматы : АРЫС, 2014. - 176 с. : ил
-
Бектурова А.Ш.
Казахский язык для всех : учебное пособие / А. Ш. Бектурова, Ш. К. Бектуров. - Алматы : Атамұра, 2014. - 718 с.
-
Бектұров Ш.
Қазақ тілі для начин.: учебник / Ш. Бектұров, А. Бектұрова. - Алматы : Рауан, 2014. - 397 б.
-
Доскеева Б.Ж.
Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының 1 курсына арналған : учебник / Б. Ж. Доскеева. - Алматы : Ана тілі, 2010. - 191 с.
-
Рысбаева Г.К.
Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш = Казахский язык. Грамматический справочник / Г. К. Рысбаева. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2010. - 192 б.
-
Сыздық, Рәбиға.
Қазақ тілінің анықтағышы : определитель / Р. Сыздық. - Астана : Елорда, 2010. - 527 б.
-
Хасанова С.
Контрольно-тренировочные упражнения по морфологии современного казахского языка : учебник / Хасанова С. - 1-е изд. - Алматы : Ана тілі, 2011. - 135 с. : ил
-
Әуелбеков Ш.
Қазақша сөйлеу үлгілері:Казахский разгов.язык / Ш. Әуелбеков. - Алматы, 2009. - 238 с
7. Бақылау:
-
Дәрігер этикасы дегенді қалай түсінесіз?
-
Деонтология қандай ғылым?
-
Дәрігер құпиясы дегеніміз не?
1.Тақырып №28, аталуы: Іскерлік әлем. Іскерлік кездесулер.Сөйлеу мәдениеті.Объектілік, субъектілік, предикативтік қатынастардың берілу жолдарындағы функционалдық ерекшеліктер мен мағыналық реңтер.
2.Сабақтың мақсаты: – жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, қазақ тіліндегі көптік жалғауларды меңгерту.
3. Оқытудың міндеттері:
Студент білу керек:
- іскерлік әлем жайында түсінігінің болуы;
- іскерлік кездесулер талаптарын
- іскерлік кездесу сұхбатын
- берілген сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;
- тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;
-
Студент істей білуі керек:
- мәтінмен жұмыс істеу барысында мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуі керек;
- естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуі керек.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Менеджмент ғылымы
2.Іскерлік әлем талаптары
3. Іскерлік кездесулер талаптары
5. Оқу және оқытудың әдістері. сөздік жұмысы, оқылым мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап, түсіндіру, пікірлесім, жаттығу жұмысы
1.Тақырыптың тірек сөздерін аударыңыз. Жаттаңыз.
Іскерлік әлемі, іскери қарым-қатынас, кәсіпкер, кәсіби, кәсіптік, тәуекел, әріптес, сөзжасам, айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым, дәлдік, негіз, ақпарат, ақпараттық жүйе, жобалау, дерекқор (деректер базасы), сараптау, жаңа технологияларды енгізу, экономикалық ақпаратты өңдеу, мамандық, мамандандыру, біліктілікті арттыру, ақпаратты сақтау мен өңдеудің осы заманғы әдістері, ұстаным, келісімшарт, көзқарас, қамтамасыз ету.
2. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
Іскерлік әлемі
Іскерлік (тапқырлық) кәсіпкердің бір-бірімен байланысты 4 қызметі арқылы сипатталады. Олар:
-
Іскер адам қызмет үдерісінде ұштастыру үшін өз тарапынан ынталылық білдіре отырып, оларды өз қолына алады;
-
Іскер адам жұысты ұйымдастыру және жүргізу үдерісінде әрекет ету бағытын және оның тиімді жұмыс істеуін анықтайтын негізгі шешімдерді қабылдау үшін өзіне міндеттеме алады;
-
Іскер адам– жаңашыл коммерциялық негізде жаңа өнімдер, жаңа өндірістік технология және тіпті бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге ынтасы зор адамдар;
-
Іскер адам – тәуекелге бел буған адамдар.
Іскер адамдардың алдында жаңалық енгізудің көздерін, сондай-ақ табысқа қол жеткізу мүмкіндіктерін көрсететін өзгерістері мен белгілерін мақсатты түрде іздеп табу міндеті тұр. Сол сияқты тапқыр адамдардың жаңалық енгізудің негізінде ойдағыдай шешілген принциптерді білулері және пайдалана алулары қажет. Инновациялық шешімнің басты мақсаты – жұмсалған ресурстардан алынатын өтемді арттыру. Қазіргі экономикалық пайымдауда жаңалық – тұтынушылардың ресурстардан алынатын бағалылығы мен пайданы өзгертетін құбылыс.
3. Ойтүркі. Сұрақтарға жауап беріңіз.
а) Өз ісіңізді ашқыңыз келе ме?
ә) Әлдебіреудің фирма компаниясында жұмыс істей бергіңіз келе ме?
4.Сұхбаттасыңыз.
Варианттарды таңдаңыз:
|
Жақсы жағы
|
Жаман жағы
|
а) егер өз ісіңізді бастасаңыз,
ә фирма компанияда, бюджетте істейтін болсаңы,
|
.............
............
|
.............
.............
|
5. Мәтінді оқыңыз.
Өз ісіңізді қаржыландырудың негізгі көздері
Өз ісіңізді қаржыландырудың екі варианты бар: ішкі, сыртқы. Осылардың қайсысы жақсы. Бірінші қаржы құралдарының негізгі көздерін талқылап алайық.
-
Меншікті (собственный) қаржы. Өз ісіңізге өзіңіздің қаржыңызды салуға болады. Ұтылсаңыз да, ұтылмасаңыз да өз қаржыңыз, тәуекелге (риск) барасыз. Бұл - абсолютті вариант.
-
Сіздің ісіңізге, сізге сеніп өз қаржысын салатын инвестор табуыңызға болады. Бірақ бұл өте салмақты дәлелдемелерді керек етеді. Нәтижесі екіталай.
-
Несие (қаржыландырудың көп таралған түрі). Несие мемлекеттік те, жеке меншіктік те болуы мүмкін. Көп нәрсе несиенің көлеміне, қайтаратын мерзіміне, үстеме процентіне байланысты.
-
Шетелдік әріптес табуға болады.
6. Лексикалық тапсырма.
а) Мына сөздердің антонимін табыңыз:
жақсы ............. жеке меншік ..........
ішкі ........... кіріс ..........
ә) Мына сөздердің синонимін табыңыз:
несие ........... табыс ............
қаржы ............ мерзім ............
ұмтылу ............ нәтиже ............
7.Сөздермен, сөз тіркестеріменқұрмалас сөйлемдер құраңыз.
Іс, іскер, іскерлік, іс ашу, іс жүргізу, өз ісім, іскер адам, қаржы, қаржыландыру, қаржы құралдары, қаржыландыру көзі, кепілдемелік міндеттеме, бұйрық, бизнес, жоспар, техникалық-экономикалық негіздеме, кәспорынның жарғысы, шот есебі, құрылтайшылар, қаржы-экономикалық жағдайы, ұйымдастыру жоспары, қаржылық жоспары, өндірістік жоспар.
8.Тірек сөздерді аударыңыз.
Іскерлік, іскерлік кездесу, іскер адам, іскерлік қарым-қатынас, іскерлік байланыс, күнделікті байланыс, іс жүргізу, істі ұйымдастыру, сөз байлығы, тіл мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, сөз әдебі, әдеп ережелері, кішіпейілділік, сыпайылық, серіктестік, ынтымақтастық, қол алысу, қол қою.
9.Іскерлік әңгіме барысында мына сөз орамдарыныңдұрысын қолдануға дағдыланыңыздар.
Іскерлік әңгіме соңында айтылатын сөз орамдары есте ұзақ қалады және ол істің оң шешімін табуына үлкен ықпалын тигізеді. Сондықтан іскерлік әңгіме, іскерлік кеэдесуге дайындық барысында қорытынды сөзді әңгіменің қандай бағытта өрбитінін ескере отырып, бірнеше нұсқада қағазға түсіріп, тіпті жаттап алған орынды.
Мына сөз орамдарын қолдану тиімсіз:
Мен (мәселе) деп есептеймін.
Сіз түк білмейсіз.
Ол туралы кейін түсінесіз.
Сіз(дер) кейін түсінесіз(дер).
Мына сөз орамын қолдану тиімді:
Менің ойымша, болуы керек.
Ол сізге белгілі ғой.
Сіз келісесіз бе?
Сіз ойлайсыз ба?
Іскерлік әңгіме барысында қолданылатын сөз орамдары:
Іскерлік әңгіменің басталуы
Сіздің (мәселе жөнінде) бізген әңгімелесуге келгеніңізге қуаныштымын.
(мәселелерді) талқылауға уақыт бөлгеніңізге алғысымды білдіремін.
Сізбен (мәселе) жөнінде кеңескім келеді.
Сіздің (мәселеге) деген көзқарасыңыз қандай?
Іскерлік әңгіменің барысы:
(барысы) жөніндегі біздің ұстанған бағытымыз мынадай.
Сіздер (мәселені) бірлесе орындауға қалай қарайсыздар?
Сіздің ойыңызша, (мәселені) қалай шешуге болады?
Меніңше, (мәселенің) шешімін былай табуымыз жөн.
Сіз (мәселе) жөнінде келісесіз бе?
Бізге (мәселе) жөнінде істің басқа нұсқаларын (варианттарын) қарастырғанымыз жөн болар.
Іскерлік әңгіменің қорытындысы:
Сізбен бірлесе жүзеге асыратындығымызға сенімдімін.
Өз тарапымыздан орындайтынымызға сізді сендіремін.
10.Сұхбатты рөлдерге бөліп оқыңыздар. Іскерлік әңгіменің мазмұнына назар аударыңыз. Сөз орамдары қалай қолданылған?
-
Сәлеметсіз бе?
-
Сәлеметсізбе! Сізге қандай көмек көрсете аламын?
-
Уақытыңызды алғаныма ғапу етіңіз. Маған «Нарда» компаниясының директоры Қалғұлова Шырын керек еді.
-
Мына кабинетке кіріңіз.
-
Рақмет.
-
Сәлеметсізбе?
-
Сәлеметсіз бе! Мен – «Жи-Мур» компаниясының директоры Әбділда Жанерке боламын.
-
Төрлетіңіз. Танысқаныма қуаныштымын. Сізге қандай көмек қажет?
-
Біздің компания Қазақстанның барлық облыстарына өнімдерін шығарып, елімізді сүт тағамдарымен қамтамасыз етіп отыр. Сондықтан сіздердің компанияларыңызбен бірлесе отырып, сүт өнімдерін ТМД елдеріне экспорттасақ деген ұсыныспен келіп отырмын. Бұл мәселе туралы не ойлайсыз?
-
Жақсы. Ол үшін өнімнің сапасын жоғарылатып, жылдық есеппен санын көбейту керек. Сонда ғана сіздердің өнімдеріңіз жақсы экспортталды. Біздің компания ТМД елдеріне өнімін он жылдан астам уақыт экспорттап келеді. Егер мүмкіндіктеріңіз болса, өнімді өндіру сапасын жақсартайық. Бұл істі орындау сіздердің қолдарыңыздан келе ме?
-
Тіптен тамаша болды ғой. Керекті құжаттарды қашан толтыра аламыз?
-
Онда бір жеті ішінде барлығы дайын болады.
-
Сізге көп рақмет. Осы аптаның аяғында бұл іс жайында тағы келіп кетермін. Уақытыңызды бөлгеніме кешіріңіз.
-
Сау болыңыз!
-
Көріскенше.
11.Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
Іскерлік кездесудегі тамақтануға қатысты әр елдің өз салты мен әдебі
Жапонияда іскерлік тамақтануда көбінесе екі жақ бір-біріне кішкене сыйлық ұсынады. Сыйлық арнайы орама қағазбен, көбіне жылы түсті қағазбенн оралуы тиіс және лентасыз болуы керек. Сыйлықты қос қолмен бірдей ұстап тапсырыңыз. Сыйлық қандай зат болса да , оның саны төрт немесе тоғыз болуы тиіс. Бұл бақытсыздықтан сақтайды деген ырым.
Үндістанда іскерлік шақыруға тікесінен «жоқ» деп жауап беруге болмайды.Себебі бұл олардың түсінігінде намысқа тиетін қолық болып есептеледі. Кездесуге бармайтын болсаңыз, жауапты тікесінен қайырмай, жұқалатып жеткізіңіз. Мысалы: «Егер қолым тимей қалмаса, баруға тырысамын» деген сияқты.
Араб елдерінде егер сізді қабылдауға не тамақтануға шақырса, онда белгіленген уақыттан 10-15 минутке кешігіп барған жөн. Себебі онда кез-келген өзін-өзі сыйлататын адам өзін күттіруі тиіс деп саналады. Егер сіз дәл белгіленген уақытта барсаңыз, кездесуге шақырған жақ сізді осы кездесуге өте мұқтаж деп түсініп, келісім барысында бүкіл артықшылықтарды өздеріне бұруға тырысады. Сонымен қатар, ас ішкенде ешбір тамақты сол қолыңызбен алып жемеңіз және сол өолыңызбен ұсынбаңыз. Себебі араб елдері мұсылман дінін ұстанады. Ал мұсылман елінде сол қолмен желінген ас харам болып есептеледі.
Қытайлықтарда қонақжайлығы мен сыпайылығында мін жоқ.Ас иесінің ыстық ықласы мен дастаханының берекелігіне қарап, іскерлік келісім орнады екен деп сеніп қалмаңыз. Қайта керісінше ойлау керек. Қытайлықтар келісімге қарсылығын жұмсарту үшін де сізге жақсы қонақасы беруге тырысуы мүмкін.
12. Сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құрастырыңыз.
Іскерлік кездесу, іскерлік тамақтану, сыйлық тапсыру, дөрекі сөйлеу, ойын толық аяқтау, сөйлеу ерекшеліктері, толық меңгеру, уақыт белгілеу, еңбек ету, ақыл-кеңестерін тыңдау, пікірімен санасу, кездесуге бармау, кешігіп бару.
6. Әдебиет:
-
Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013 ж.
-
Оразахынова Н.А.
Қазақ тілі ( Сөзжасам. Морфология) : учебное пособие / Н. А. Оразахынова, Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева. - Алматы : АРЫС, 2014. - 176 с. : ил
-
Бектурова А.Ш.
Казахский язык для всех : учебное пособие / А. Ш. Бектурова, Ш. К. Бектуров. - Алматы : Атамұра, 2014. - 718 с.
-
Бектұров Ш.
Қазақ тілі для начин.: учебник / Ш. Бектұров, А. Бектұрова. - Алматы : Рауан, 2014. - 397 б.
-
Доскеева Б.Ж.
Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының 1 курсына арналған : учебник / Б. Ж. Доскеева. - Алматы : Ана тілі, 2010. - 191 с.
-
Рысбаева Г.К.
Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш = Казахский язык. Грамматический справочник / Г. К. Рысбаева. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2010. - 192 б.
-
Сыздық, Рәбиға.
Қазақ тілінің анықтағышы : определитель / Р. Сыздық. - Астана : Елорда, 2010. - 527 б.
-
Хасанова С.
Контрольно-тренировочные упражнения по морфологии современного казахского языка : учебник / Хасанова С. - 1-е изд. - Алматы : Ана тілі, 2011. - 135 с. : ил
-
Әуелбеков Ш.
Қазақша сөйлеу үлгілері:Казахский разгов.язык / Ш. Әуелбеков. - Алматы, 2009. - 238 с
7. Бақылау:
-
Іскерлік әлемі туралы осы жасалымнан алған деректеріңізді түйіндеңіз.
-
Тапқыр адам қандай жетістіктерге қол жеткізе алады?
-
Өз ісіңізді ашу мақсатын көздеген болсаңыз, оған қалай қол жеткізбексіз?
-
Бизнесті қаржыландыру көздерін қалай таңдамақшысыз? Осыған нақты да толық
көлемді жауап жазыңыз.
-
Әдеп, әдептілік ұғымдарын қалай түсінесің?
-
Адамдармен қарым-қатынастағы әдептіліктің рөлі қандай?
-
Іскерлік қарым-қатынас деген не?
-
Сөйлеу мәдениеті дегенді қалай түсінесің?
-
Сөйлеу мәдениетін білудің іскерлік ортадағы маңызы қандай?
-
Сөз байлығы дегеніміз не?
-
Тілдің лексикасын қандай сөздер байытады?
1. Тақырып №29, аталуы: Келіссөз жүргізу әдебі. Сөз қисындығы.
Күрделі сөйлдем құраудағы жалғаулықтардың рөлі мен маңызы. Құрмалас сөйлемнің фунциональдық, семантикалық ерекшеліктері.
2.Сабақтың мақсаты: –келіссөз жүргізу әдебі, сөз қисындығына жаңа сөздерді,
күрделі сөйлдем құраудағы жалғаулықтардың рөлі мен маңызын меңгерту.
3. Оқытудың міндеттері:
- келіссөз жүргізу әдебін;
- сөйлеу мәдениетінің болуы
- берілген сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;
- тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;
-
Студент істей білуі керек:
- мәтінмен жұмыс істеу барысында мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуі керек;
- естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуі керек.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Келіссөз жүргізу әдебі
2. Келіссөз жүргізу талаптары, қағидалары
3. Тіл мәдениеті
4. Құрмалас сөйлемнің фунциональдық, семантикалық ерекшеліктері
5. Оқу және оқытудың әдістері. грамматикалық заңдылықтар, аударма жұмысы, тіл дамыту жұмыстары, оқылым мәтінмен жұмыс, жағдаяттық тапсырма, сұрақ-жауап, түсіндіру, пікірлесім
1. Сөздің қисындылығы деп жеке сөздің, сөз тіркесінің, грамматикалық тұлғалардың қарым-қатынас мақсаты мен міндетіне және сөйлеушінің ойды жеткізу стилі мен жанрына, автор мен адресаттың даралық ерекшеліктеріне сай өз орнында қолданылуын айтады.
Қисындылық сөздің: 1) стиліне 2) контекстегі жағдаятына 3) сөйлеушінің және тыңдаушының жеке тұлғалық, психологиялық ерекшеліктеріне байлаулы болады.
«Он жеті мен он сегіз жас аралығындағы төбе көрсетіп үлгермеген талант – сазгерлердің республикалық «Үкілі үміт» байқауы үкісін желбіретіп өтті».
Мұндағы асты сызылған салтанатты мазмұнды сөздер қысқаша хабарлама мәтінінде орынсыз болады.
Өтіңіз», «кешіріңіз», «кіріңіз» деген сөздерді қатаң дауыспен, ашумен және тым баяу, сосын тез айтып, мағынасын ажыратып көріңіз. Сол сияқты үстелдің басында әдепсіздік танытып, адамның тамаққа деген тәбетін қашыратын сөздерді, әңгімелерді айту, келіссөзде немесе іскерлік тамақасыда дастарқан иелерінің көңіліне тиетін сөздер айту үлкен әбестік, орынсыз болады.
«Осы жағдайды пайдала отырып, Жоғары мәртебеңізге зор ықыласымды білдіруге рұқсат етіңіз». Бұл сөздерді күнелікті тұрмыста айту ерсі, бірақ дипломатиялық қарым-қатынас жағдайында орынды болып есептеледі.Осы сияқты іскерлік келіссөз жүргізу барысында «Өлә!», «Масқара!», «неғып», «шіли» сияқты сөздерді айту орынсыз әрі артық болады.
Сөздің стильдік қисындылығы
Сөздің стильдік қисындылығы көп жағдайда әңгіме мазмұнының кімге, қандай аудиторияға арналғанына тікелей байланысты болып келеді. Айталық, студенттерге арналған лекцияны балабақшада оқу ақылға сыйымсыз. Сол сияқты келіссөзде қарсы тарап түсінбейтін тілде, тым ғылыми тілде немесе тым жабайы тілде сөйлеу қисынсыз. Ол екі тараптың өзара келісімге келуіне кедергі болады. Олай болса, сіздің кездесуіңіз құрдымға кетті дей беріңіз. Сол сияқты шетелдіктермен іскерлік кездесуде халықаралық іскерлік мәдениетін, ресми стиль мәдениетін білмесеңіз, ол сіздің ісіңізге бөгет болуы мүмкін. Сондай-ақ, бөтен ортада өзіңізді және өзіңіздің халқыңыздың данышпандығын көрсететін орынды айтылған ой мен сөз, сый-құрмет сізге сәттілік әкелуі мүмкін. Ол сіздің көпшілік алдындағы беделіңізді өсіреді, сіз арқылы халқыңыздың мерейі үстем болады. Әр істің қисынын келтіру сіздің қисынды айтылған сөзіңіз бен орындаған әрекетіңізге байланысты екенін ұмытпаңыз. Сөзді терең талғаммен таңдап, мағынасын ақылмен салмақтап барып жұмсаңыз. Сөзге сақ болыңыз, сөз өшіреді де, өсіреді де.
Достарыңызбен бөлісу: |