1.Мәтін бойынша тапсырма.
2.Мәтінді кезекпен оқу,аудару
3.Сұрақ құрастыру
4. Мәтіннен интернетке қатысты сөздерді тап.
5. Мәтіннен пайдалы деген сөзге мағынасы қарама-қарсы сөзді тап.
6. Қазақ және орыс тілдеріне ортақ сөздерді тап.
Мәтінмен жұмыс. Компьютердің пайдасы мен зияны
Қазіргі кезде адамдар шет тілін немесе компьютер үйренуге талпынады. Неліктен? Өйткені компьютердің пайдасы- ғаламторға шығасың, материал жинайсың, бос уақытыңды өткізесің, ойын ойнайсың. Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады
Компьютердің адам денсаулығына зияны бар ма?
Компьютер алдында жұмыс істейтін адамдардың денсаулығына әсерін тигізетін негізгі факторлар: ұзақ уақыт бойы отырып жұмыс істеу; монитордың электрмагнит сәуле шығаруы; көздің қажуы, омыртқаның қисаюы.
Сондықтан да компьютермен жұмыс істейтін адам әр сағат сайын, ал жас жеткіншектер жарты сағат сайын 10-15 минуттай үзіліс жасап тұруы керек, және күніне компьютер алдында 5 сағаттан артық отырмағаны жөн. Күнде компьютердің алдынан шықпайтын балаларға үнемі қозғалмай отырғандықтан, сәулелену ауыруына шалдығады.
Сондықтан балалар компьютердің пайдасы мен зияның білу керек.
1.Мәтін бойынша тапсырма.
2.Мәтінді кезекпен оқу,аудару
3.Сұрақ құрастыру
4. Мәтіннен интернетке қатысты сөздерді тап.
5. Мәтіннен пайдалы деген сөзге мағынасы қарама-қарсы сөзді тап.
6. Қазақ және орыс тілдеріне ортақ сөздерді тап.
Сабақтың жоспары
Пән: Қазақ тілі
Мерзімі: 29-апта 2019ж.
Топ:ВН-115, 05.19ж.; ВН-117, 05.19ж.;
Сабақтың №44
Сабақтың тақырыбы: Ақпараттық технология терминдерінің емлесі. Тақырып бойынша лексикалық бірліктер
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Білім алушыларға ақпараттық технология терминдерінің емлесі туралы түсінік беріп, диалогты дұрыс ауызша, жазбаша құрастыруға үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |